Әлемге әйгілі әнші Димаш Құдайберген жуырда қарындасын ұзатпақ. Қарындасы Раушан Құдайбергенге сырға салынды, деп хабарлайды baimedia.kz.
Бұл қуанышты жаңалықты журналист Анна Данченко жариялап, Раушанның суретін жүктеген.
«Қанат пен Света Айтбаевтардың қызы Раушан сырғалым атанды», — деп жазған ол.
Айта кетейік, наурыз айында журналист Динара Сәтжанға сұхбат берген Димаштың анасы биыл үйінде той болатынын меңзеген еді.
Фото instagram.com/raushan_kudaibergen