Ұлттық банктің 28 сәуірге ұсынған ресми бағамы — бір долларға 515,03 теңге. Ресей рублінің орташа сараланған құны — 6,24 теңге. Еуро — 584,82, ьдеп хабарлайды baimedia.kz.
Kurs.kz мәліметінше, қазіргі уақытта Алматының ақша айырбастау пункттерінде доллар 516 теңгеден сатылып жатыр, сатып алу бағамы — 514 теңге. Еуро 583 — 587 теңге аралығында құбылып тұр.
Ал Астана қаласы бойынша долларды сату бағамы — 519 теңге, сатып алу құны — 513 теңге. Еуро 581 теңгеден сатып алынып, 588 теңгеден сатылып жатыр.
Дәл қазіргі уақытта ақша айырбастау орындарында Ресей валютасы 6,08 — 6,24 аралығында саудаланып жатыр.
Айта кетейік, 25 сәуір күндізгі сауда қорытындысы бойынша, доллардың орташа бағамы 2,07 теңгеге төмендеп, 515,03 теңге болған.
https://kaz.inform.kz/news/aksha-ayirbastau-orindarinda-dollar-kansha-tengeden-saudalanip-zhatir-064a77/