• RUS
  • Біз туралы
  • Байланыс
Menu
  • RUS
  • Біз туралы
  • Байланыс
Facebook Instagram TikTok Telegram YouTube
  • QAZ
  • RUS
  • Басты
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Әлем
  • Төтенше жағдай
  • Қоғам
  • Қылмыс
Menu
  • Басты
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Әлем
  • Төтенше жағдай
  • Қоғам
  • Қылмыс
RUS
Главная страница » «Жасыл» партиялардың жетекшілері Арал тағдырын талқылады

«Жасыл» партиялардың жетекшілері Арал тағдырын талқылады

29 ноября, 2024 Әлем

Бүгін Түркістан қаласында «ARAL – 2024» жасылдар партияларының халықаралық І саммиті өтіп жатыр, деп хабарлайды Baimedia.kz.
Арал теңізінің ахуалы адамзатты алаңдатып отыр. Орталық Азия және Каспий маңы елдері қоршаған ортаны, соның ішінде Арал теңізін қорғау бағытында ортақ келісімдер мен шешімдер қабылдап келеді. Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев биыл Бакудегі Дүниежүзілік климат саммитінде де Арал теңізін құтқару үшін нақты шаралар жасалып жатқанын атап өтті.
Климаттық өзгерістерге төтеп беру, апатқа ұшыраған Арал аумағын оңалту, трансшекаралық өзендердің су қорын тиімді пайдалану, су үнемдеу технологияларын кеңінен қолдану — жауапкершілігі мен маңызы жоғары кешенді жұмыс. Қазақстанның «Байтақ» жасылдар партиясы айтулы мәселелерді шешу үшін түрлі деңгейде бірлескен күш-жігер қажет екеніне назар аударғысы келеді. Осы орайда тұңғыш рет бірқатар мемлекеттегі жасылдар партияларының басын қосып жатқан «ARAL — 2024» саммитінің арқалайтын жүгі ауыр.

Шараның тұсауын кескен «Байтақ» жасылдар партиясының төрағасы Азаматхан Әміртаев су қауіпсіздігі – Орталық Азиядағы ең өзекті мәселелердің бірі екенін атап өтті.
«БҰҰ деректері бойынша, 2050 жылға қарай Орталық Азия халқының саны 90 миллион адамға жеткен кезде су тапшылығы 25-30 пайызға дейін болуы мүмкін. Сондай-ақ егіншілікке пайдаланылатын су ресурстарына қажеттілік 2030 жылға дейін 30 пайызға артуы ықтимал. Бұл экономикалық көрсеткіштер мен азаматтардың табыс деңгейіне де кері әсерін тигізеді», – деп атап өтті Азаматхан Сайлауұлы.
Оның айтуынша, су тапшылығы мәселесі аймақта қақтығыстар мен тұрақсыздық қаупін, әсіресе сыртқы күштердің араласу қаупін туындатады.
«Қазіргі уақытта Орталық Азия елдері арасында су және климаттың өзгеруі мәселелері бойынша бірлескен ынтымақтастықты және өңірлік интеграцияны белсендіру қажеттілігі туындап отыр. Аймақ елдері серіктестік пен тату көршілік жолын ұстануы тиіс», – дейді партия басшысы.
Айта кету керек, аталған бағытта партияның еңбегі елеулі. Мәселен, «Байтақ» партиясының Қазақстан гидросферасын сақтауға қосқан үлесі жетерлік. Су ресурстарын ұтымды пайдалану бойынша семинарлар мен түсіндіру жұмыстарын жүргізіп келеді. Арал және басқа өңірлерді көгалдандыру жобаларын жүзеге асырып жатыр. Сондай-ақ ағынды және ластанған суларды тазарту мен қайта пайдалану бойынша жаңа технологияларды енгізуге атсалысуда.


Ал Қырғызстан Жасылдар партиясының төрағасы Еркін Бөлекбаев аймақ республикалары үшін экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету ұлттық қауіпсіздіктің құрамдас бөлігі ретінде өзекті мәселе екенін атап өтті. Оның айтуынша, бүгінде Қырғызстанда қоршаған ортаны қорғау тек коммерциялық мүдделер мен баюды көздейтіндердің қысымына төтеп бере алмай отыр. Адам факторы мұздықтардың еруіне әкеліп, ерекше алаңдаушылық туғызуда. Болжамдарға сәйкес, 2025 жылға қарай Қырғызстандағы мұздықтардың ауданы орта есеппен 30-40%-ға қысқаруы мүмкін. Қазірдің өзінде шамамен 604 мың қырғызстандық ауыз су тапшылығын сезінуде.
«Бұл – мемлекеттің экологияға жауапты органдары өздеріне жүктелген міндеттерді орындай алмай отырғанын тағы бір рет дәлелдейді. Табиғатты қорғау қызметінің жекелеген бағыттары мүлдем іске аспай жатқанын, жалпы көптеген олқылықтар жіберілгенін сарапшылар айтудай-ақ айтып келеді. Қырғызстан су ресурстарын тұрақты басқару және климаттың өзгеруіне бейімделу үшін инновациялық технологиялар мен халықаралық ынтымақтастықты пайдалану мүмкіндіктеріне ие. Су мәселелері бойынша өзара әрекеттестік Орталық Азия елдерінің әлеуметтік-экономикалық дамуы үшін ерекше маңызды», – деді Еркін Бөлекбаев.
Самитте сөз алған Ресейдің экологиялық «Жасылдар» партиясының тең төрайымы Александра Кудзагова табиғатта болып жатқан ауқымды үдерістер мен өзгерістерді халыққа жеткізуде «жасыл» партиялардың рөлі зор екенін атап өтті. Су тасқын сияқты табиғи апат 50 жылға жетпей қайта қайталанады, ал кейіннен бұл құбылыс қалыпты жағдайға айналуы мүмкін.
«Росгидрометтің деректері бойынша, Қазақстанмен шектесетін Ресей облыстарында жазда жауын-шашын мөлшері азаяды. Қалмақия, Астрахань және Волгоград облыстары мен Дағыстанда шөл және жартылай шөл аудандарының аумағы жыл сайын 500 шаршы километрге ұлғаюда, – деп атап өтті А.Кудзагова.
Осы орайда ол Орталық Азияда КСРО-дан мұраға қалған гидротехникалық жүйені кеңейту жұмыстарын дереу бастау қажет деген пайымын жеткізді.
«Бұл жүйе қазіргі және болашақ климаттық жағдайларға бейімделмеген. Жаңа су қоймаларын және осы су қоймаларын байланыстыратын жаңа каналдар салу қажет», — дейді ресейлік сарапшы.
Ал Моңғолияның «Азаматтық ерік» Жасыл партиясы төрағасының орынбасары Тогоочийн Бат-Эрдэнэ Арал апаты — мемлекеттік емес, әлемдік экологиялық мәселе екенін тілге тиек етті.
«Аралдың тартылуы тек мемлекеттік емес, әлемдік экологиялық мәселенің бірі де бірегейі. Моңғолия да су тапшылығы мен сапасына қатысты мәселені басынан кешіруде. Жиырма жыл бұрын елде жасыл желек, өзен-көл де көп еді. Алайда соңғы жылдары даламызды шөл басып, құрғақшылық жайлап барады. Сондықтан мүддеміз ортақ, мақсатымыз бір. Осы семинарға келіп, сұрақтарымызға ортақ жауап тауып, тәжірибе алмасамыз деген ниеттеміз. Себебі кез келген экологиялық мәселенің ұлты, мемлекеті жоқ. Бір елде болған жағдай екінші жерден орын алуы ғажап емес», — дейді моңғолиялық жасыл партия өкілі..
Өзбекстан экологиялық партиясы атынан партияның Орталық кеңесі Атқарушы комитетінің бөлім жетекшісі Комилжон Жураев сөз сөйледі. Ол партияның ауаның ластануын болдырмау, биологиялық әртүрліліктің қысқаруын азайту және климаттың өзгеруіне бейімделу бойынша ауқымды жұмыстарына белсенді қатысып отырғанын атап өтті.

«Бүгін I жасыл партиялар саммиті аясында біз барлық қатысушыларды тек табиғатты ғана емес, адамдардың тағдырын да бұзатын экологиялық апаттардың алдын алу үшін күш-жігерді қолдауға шақырамыз. Арал апаты, оның салдарын біз Өзбекстан жақсы білеміз, баршамызға сабақ болуы керек. Тек бірлескен әрекеттер арқылы біз климаттық өзгерістердің салдарын жеңілдетіп, биологиялық әртүрлілікті сақтай аламыз, – деді К.Жураев. – Біздің ойымызша, Өзбекстан экологиялық партиясы болашақтың жасыл дамуға тиесілі екеніне сенеді. Жасыл даму бейбітшілікті нығайтады, үйлесімділікті қамтамасыз етеді және барлық халықтың гүлденуі үшін тұрақты негіз қалайды. Табиғат үшін, бейбітшілік үшін және болашақ үшін бірігейік».
Шара соңында спикерлер «ARAL – 2024» жасыл партиялардың I саммиті экологиялық мәселелерді шешуде бірлескен тиімді ынтымақтастық үшін платформа құруға арналғанын атап өтті. Олар тек бірлесе отырып қана климаттық сын-қатерлерді шешуге, экожүйелерді нығайтуға және табиғи байлықты сақтауға қадам жасауға болатынын айтты.
Сонымен қатар саммит барысында Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Ресей және Моңғолия жасыл партиялары арасында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды. Атап айтқанда, тараптар табиғатты қорғау шараларын өткізу, халық арасында экологиялық білім мен үгіт-насихатты бірлесіп кеңейту, сондай-ақ қоршаған ортаны қорғау және табиғи ресурстарды пайдалану саласындағы тәжірибе мен білім алмасу жөнінде келісімге келді.

Оқылып жатыр

Қысқы Олимпиада: қазақстандық спортшылардың 15 ақпандағы жарыс кестесі

Димаш Құдайберген Михаил Шайдоровқа көлік сыйлады

АҚШ Иранға қарай ең мықты ұшақтасымалдағыш кемесін жіберді

ТОП посты

Қалаға айналатын ауылдар тізімі

19 марта, 2024844 рет оқылды

Апатты аймақтың тұрғындары елеусіз қала бере ме ?

26 февраля, 2024676 рет оқылды

Әкімдер қатаң сөгіс алды

30 марта, 2024548 рет оқылды

«Су емес у ішіп отырмыз» Түркістандықтардың жан айқайы

24 марта, 2024510 рет оқылды

Оразаға бір апта қалды: нені білу қажет

3 марта, 2024472 рет оқылды

Экологиялық эмиссия салығын көбейту керек

14 марта, 2024451 рет оқылды

Жиырма бес мың жетімнің көз жасы!..

4 марта, 2024438 рет оқылды

Құс фабрикасы немесе адам өмірі?

1 августа, 2024334 рет оқылды

Қазақстан қаптаған ескі қарулар мен әскери ұшақтарын сатып жатыр

17 марта, 2024330 рет оқылды

Қоянды әкімдігі қыста қар тазалауға 30 млн тенге бөлген

31 марта, 2024312 рет оқылды
Новости

Қысқы Олимпиада: қазақстандық спортшылардың 15 ақпандағы жарыс кестесі

Жаңалықтар 15 февраля, 2026

Астана. 15 ақпан. BM.KZ — 15 ақпан күні Италияның Милан және Кортина-д’Ампеццо қалаларында XXV қысқы…

Димаш Құдайберген Михаил Шайдоровқа көлік сыйлады

15 февраля, 2026

АҚШ Иранға қарай ең мықты ұшақтасымалдағыш кемесін жіберді

14 февраля, 2026

Бүгін Қысқы Олимпиада ойындарында қай спортшыларымыз шығады?

14 февраля, 2026

Ертең наурыз ҰБТ-сына өтініш қабылдау басталады

14 февраля, 2026

Мәнерлеп сырғанаушы Михаил Шайдоров Олимпиада чемпионы атанды

14 февраля, 2026

Қорғаныс министрлігі «әскерден босату» қызметтерінің заңсыз екенін ескертті

13 февраля, 2026

ҚМА 620 млн теңгені заңсыз иемдену дерегін тергеп жатыр

13 февраля, 2026

eGov Mobile қосымшасында тағы бір қызмет іске қосылды

13 февраля, 2026

Елімізде наурыз мейрамында пойызға билет табу жеңілдейді

13 февраля, 2026

ІІМ Алматыда есірткі таратқан интернет-дүкеннің қызметін тоқтатты

13 февраля, 2026

Қысқы Олимпиада: қазақстандық спортшылардың 13 ақпандағы жарыс кестесі

13 февраля, 2026

Димаш Түркістанның туристік орындарын таныстырады

13 февраля, 2026

Ким Чен Ын қызын мұрагері ретінде дайындап жатыр

13 февраля, 2026

Елена Рыбакинаның жеңіс сериясы Доха турнирінде тоқтады

13 февраля, 2026

Бүгін кей өңірлерде оқушылар қашықтан оқуға көшті

13 февраля, 2026

Александр Бублик алғаш рет Роттердам турнирінің ширек финалына шықты

13 февраля, 2026

Ғашықтар күні: ІІМ азаматтарды алаяқтан сақ болуға шақырады

12 февраля, 2026

БҚО-да лудоманияға шалдыққан кәсіпорын бухгалтері 118 млн теңге жымқырған

12 февраля, 2026

Қазақстандық арнайы жасақ UAE SWAT CHALLENGE-2026 турнирінде топ жарды

12 февраля, 2026
Бізге жазылыңыз
  • Facebook
  • Instagram
  • YouTube
  • TikTok
  • Telegram
Мерзімді баспасөз басылымын, ақпарат агенттігін және желілік басылымды есепке қою туралы КУӘЛІК №KZ59VPY00114494 Берілген күні: 11.03.2025 Астана қ.
Ақпарат агенттігін есепке қою туралы КУӘЛІК №KZ59VPY00114494 Берілген күні: 11.03.2025 Астана қ.

Пайдалы сілтемелер

  • RUS
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • RUS
  • Біз туралы
  • Байланыс
Сайт картасы
  • Басты
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Әлем
  • Төтенше жағдай
  • Қоғам
  • Қылмыс
  • Басты
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Әлем
  • Төтенше жағдай
  • Қоғам
  • Қылмыс
Әлеуметтік желілер
Facebook Instagram TikTok Telegram YouTube

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.