«Қазгидромет» РМК 2025 жылдың мамырында құрғақшылық болаатын өңірлерді атады, деп хабарлайды baimedia.kz.
2025 жылғы мамырда алдын ала есептеулер бойынша және қалыптасқан метеорологиялық жағдайлар ескеріліп, мына өңірлерде орташа құрғақшылық болады деп болжануда:
- Қостанай облысында Амангелді, Жангелді аудандарында және Арқалық қаласы маңында,
- Батыс Қазақстан облысында Казталов, Жәнібек, Жаңақала және Ақжайық аудандарында,
- Ақтөбе облысында Шалқар ауданында,
- Атырау облысында Құрманғазы және Исатай аудандарында,
- Қарағанды облысында Ақтоғай және Шет аудандарында,
- Алматы облысында Балқаш ауданында,
- Жетісу облысында Алакөл ауданында,
- Жамбыл облысында Мойынқұм ауданында,
- Түркістан облысында Созақ ауданында,
- Маңғыстау облысында Бейнеу, Маңғыстау, Қарақия аудандарында,
- Қызылорда облысында Арал, Қазалы, Қармақшы, Шиелі аудандары және Қызылорда қаласында.
Елдің қалған аумағында ылғалдандыру шарттары нормаға жақын болады деп болжанған. Қажет болған жағдайда алдын ала болжам нақтыланады.