Кешегі дүлей дауылдың кесірінен Павлодар облысында 70 тен астам ғимарат бүлінді. Оның ішінде 14-і әлеуметтік нысан. Бірнеше елдімекенде жарық өшіп, электр желілері зақымданған. Қазір өңір бойынша 15 бригада тәулік бойы жұмыс істеп, бүлінген аумақтарды қалпына келтіріп жатыр. Әзірге шығын көлемі анықталған жоқ. Ондаған көлік зақымданды, қаланы ауыз сумен қамтамасыз ету бірнеше сағатқа тоқтаған болатын. Қатты желден ағаш құлап, бір адам қайтыс болды. Бүгін желдің екпіні басылды. Дегенмен, мектеп оқушылары мен колледждің 1-2-курс студенттері сабақты онлайн оқыды.
Трендте
- Қазақстанда барланған алтын қоры оны өндіру көлемінен асады
- Биыл қанша адамды әскерге шақырады?
- Азия чемпионаты: Махмұд Сабырхан қарсыласын бірінші раундта-ақ 3 рет нокдаунға түсіріп, ширек финалға өтті
- Қазақстанда жерде сирек кездесетін металдар қорының учаскесі табылды
- Джо Байден ұлына рақымшылық жасады
- Қазақ ғалымдары қатерлі ісіктен емдейтін дәрі ойлап шығарды
- Туған әпкесін мектеп директоры лауазымына тағайындаған
- «208 миллион теңгеге жалған медициналық қызмет көрсетілген»: 2025 жылдан бастап ауруханаларда Face ID жүйесі іске қосылады