Ұшақ апатынан үш ұшқышты қосқанда бес адам қаза тауып, бір адам із-түзсіз жоғалып кеткен, деп хабарлайды baimedia.kz.
Хабарланғандай, ұшақ Сиам шығанағында, Петчабури провинциясындағы Baby Grande Hua Hin қонақүйінің маңында құлаған.
DHC-6-400 Twin Otter ұшағының бортында үш ұшқыш, екі механик және әуе инженері болған. Механиктердің бірі із-түзсіз жоғалып, оны іздеу жұмыстары жалғасып жатыр.
Апаттың себебін анықтау үшін тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.