Рудный қаласында түнде құбыр жарылып, жеке сектордағы 198 үй жылусыз қалды. Коммуналдық қызметкерлер ақауды жөндеп, таңертең жылу берілді. Бірақ таңғы 6 шамасында екінші рет қаланың басқа бөлігіндегі құбырдан ақау шықты. Салдарынан 27 үй жылудан ажыратылды. Арада алты сағат өткенде апат салдары жойылып, жылу беріле бастады. Осылайша қыс басталмай жатып шағын шаһардың тұрғындары әбігерге түсті. Соңғы екі жылда 16 млрд теңгеден астам қаржы бөлініп, 40 шақырымға жуық желі жаңартылған. Ақау желінің әлі жөнделіп үлгермеген ескі бөліктерінен шығып жатыр,- дейді жауапты мамандар.
Трендте
- Қазақстанда барланған алтын қоры оны өндіру көлемінен асады
- Биыл қанша адамды әскерге шақырады?
- Азия чемпионаты: Махмұд Сабырхан қарсыласын бірінші раундта-ақ 3 рет нокдаунға түсіріп, ширек финалға өтті
- Қазақстанда жерде сирек кездесетін металдар қорының учаскесі табылды
- Джо Байден ұлына рақымшылық жасады
- Қазақ ғалымдары қатерлі ісіктен емдейтін дәрі ойлап шығарды
- Туған әпкесін мектеп директоры лауазымына тағайындаған
- «208 миллион теңгеге жалған медициналық қызмет көрсетілген»: 2025 жылдан бастап ауруханаларда Face ID жүйесі іске қосылады