СҚО-да қылмыс әлемінің серкелерінің бірі Серік Жаманаев бауыр ісігінен көз жұмды. Ақпаратты облыстық ҚАЖД растады, деп хабарлайды baimedia.kz.
Қылмыстық ортада белгілі Серік голова 2021 жылы ауыр қылмыс жасағаны үшін 19 жылға сотталды. Өткен жылдың желтоқсан айында Жаманаев медициналық тексеруден өтті. Сол кезде үшінші сатыдағы бауыр онкологиясын анықтады.
«Сол сәттен бастап ол дәрігерлердің үнемі бақылауында болды. Сотталған адам тексеруден өту және емделу үшін бірнеше рет медициналық ұйымдарға жеткізілді. 8 сәуірде ол көпсалалы онкологиялық ауруханаға жатқызылды. Қабылданған шараларға қарамастан, 25 сәуірде ол қайтыс болды», — деп хабарлады СҚО ҚАЖД.
Қазір ведомство сотталған адамның қайтыс болу фактісі бойынша тексеру жүргізуде.
Фото: видеодан алынды