• Русский
  • Біз туралы
  • Байланыс
Menu
  • Русский
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Басты
  • Қоғам
  • Әлем
  • Оқиғалар
  • Қаржы
  • Саясат
  • Сыбыс бар
  • Қоршаған орта
Menu
  • Басты
  • Қоғам
  • Әлем
  • Оқиғалар
  • Қаржы
  • Саясат
  • Сыбыс бар
  • Қоршаған орта
Главная страница » 1 қыркүйектен бастап мектептерде тамақтанудың жаңа стандарты енгізіледі

1 қыркүйектен бастап мектептерде тамақтанудың жаңа стандарты енгізіледі

24 апреля, 2025 Жаңалықтар
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

2025 жылдың 1 қыркүйегінен бастап, мектептерде тамақтанудың жаңа стандарты енгізіледі. Бұл туралы Астанада өткен Денсаулық сақтау, Оқу-ағарту министрліктері мен Қазақ тағамтану академиясы өкілдерінің қатысуымен өткен жиында айтылды, деп хабарлайды baimedia.kz.

Балаларға арналған ас мәзірін әзірлемес бұрын Денсаулық сақтау министрлігі Оқу-ағарту министрлігінің және бейінді отандық және халықаралық сарапшылармен кеңескен. Ведомство өкілдері бірлесіп, ғылыми тәсілдер мен халықаралық ұсынымдардың негізінде балалардың денсаулығы үшін пайдалы, тамақтанудың жаңа стандартын әзірлеген.

«Жаңа стандарттар 2025 жылдың 1 қыркүйегінен бастап елдің барлық білім беру ұйымдарында күшіне енеді», – делінген хабарламада.

Жаңа ас мәзірінің еркешелігі неде?

Тамақтанудің жаңа стандарттарына сәйкес, ас мәзірі балаларды денсаулық пен дамудың заманауи талаптарына сай әзірленеді. Сондай-ақ жаңа талаптар бойынша әзірленген тамақ теңдестірілген, қауіпсіз және пайдалы бола түседі. Мектептегі тамақтану саласына жасалған реформа балалардың физикалық жағдайын жақсартуға оң әсер етеді. Атап айтқанды:

  • оқу үлгерімін арттыруға ықпал етеді,
  • концентрацияны жақсартады,
  • болашақта созылмалы аурулардың қаупін азайтады,
  • ерте жастан бастап дұрыс тамақтану мәдениетін қалыптастырады.

сонымен бірге мәзірде қант пен тұздың, өңделген тағамдардың үлесі азайып, көкөністердің, жемістердің, дәнді дақылдардың, ақуыздардың және сүт өнімдерінің үлесі арта түседі.

Қазақ тағамтану академиясының президенті Алмаз Шарманның айтуынша, балалардың дәл осылайша диетамен тамақтануы балалар арасындағы семіздікті 10-15%-ға, 2 типті қант диабетін 10-20%-ға, артериялық гипертензияны 8-18%-ға және басқа да созылмалы ауруларды 5-15%-ға төмендетуге ықпал етеді.

«Стандарттың іске асырылуы өнімдердің сапасына және мектептегі тамақтану нысандарының санитариялық жағдайына бақылауды күшейтумен қатар жүргізіледі», – делінген баспасөз хабарламасында.

Еске сала кетсек, мектеп асханаларында тамақтану стандарты енгізіліп, халықарлық нормаларға сәйкестендірілетіні жөнінде 2024 жылдың желтоқсан айында Денсаулық сақтау вице-министрі Тимур Сұлтанғазиев айтқан болатын. Үкіметтің бұл шешіміне 2024 жылы мектептерде болған бірнеше улану фактілері әсер еткен.

Сонымен бірге, үкімет 2025 жылдың 1 қыркүйегінен бастап, мектеп асханаларында зиянды тағамдар сатуға тыйым салуды жоспарлап отыр. Денсаулық министрлігінің талаптарына сәйкес, мектеп буфеттерінде зиянды, тез дайын болатын тағам түрлері сатылмайды. 

асхана мектеп оқушы стандарт

Оқылып жатыр

BAYTAQ партиясында басшылық құрам өзгерді


Сенатор парадқа ардагерді кіргізбеген полицияны қорғап шықты

Саясат Нұрбек: Қыздарға сәлем салуды ешкім үйретіп жатқан жоқ

ТОП посты

Қалаға айналатын ауылдар тізімі

19 марта, 2024803 рет оқылды

Апатты аймақтың тұрғындары елеусіз қала бере ме ?

26 февраля, 2024620 рет оқылды

Әкімдер қатаң сөгіс алды

30 марта, 2024528 рет оқылды

«Су емес у ішіп отырмыз» Түркістандықтардың жан айқайы

24 марта, 2024506 рет оқылды

Оразаға бір апта қалды: нені білу қажет

3 марта, 2024467 рет оқылды

Экологиялық эмиссия салығын көбейту керек

14 марта, 2024447 рет оқылды

Жиырма бес мың жетімнің көз жасы!..

4 марта, 2024417 рет оқылды

Құс фабрикасы немесе адам өмірі?

1 августа, 2024327 рет оқылды

Қазақстан қаптаған ескі қарулар мен әскери ұшақтарын сатып жатыр

17 марта, 2024319 рет оқылды

Қоянды әкімдігі қыста қар тазалауға 30 млн тенге бөлген

31 марта, 2024311 рет оқылды
Новости

BAYTAQ партиясында басшылық құрам өзгерді


Басты тақырып 8 мая, 2025

Партия жетекшілерінің бірі — атқарушы хатшы Нұрлан Көптілеуов қызметінен кетті. Оның орнына бұл жауапты қызметке…

Сенатор парадқа ардагерді кіргізбеген полицияны қорғап шықты

8 мая, 2025

Саясат Нұрбек: Қыздарға сәлем салуды ешкім үйретіп жатқан жоқ

8 мая, 2025

СІМ Тоқаевтың Мәскеуге сапарына қатысты пікір білдірді

8 мая, 2025

Елдегі өмір сүру ұзақтығы орташа индекспен 75 жасқа ұзарды

5 мая, 2025

Биыл 500 млрд теңге инвестиция тартылды

5 мая, 2025

Президент АЭС құрылысын жеделдетуді тапсырды

5 мая, 2025

Иранда әйелдер мінген ұшақ рейсі қатынады

5 мая, 2025

Түркістан облысында тұрғындар мектеп салып беруді сұрайды

5 мая, 2025

Оралда көпбалалы отбасының балаларына арналған жаңа жылдық шырша ұйымдастырылды

5 мая, 2025

«Қолынан пышақтың жүзін көрдім»: Шерзат сотында екінші куәгер қыз жауап берді

28 апреля, 2025

Шиеліде бір топ оқушы сегізінші сыныпта оқитын қызды зорлап кеткен

28 апреля, 2025

Шерзат Полаттың ісі: куәгер мылтық пен пышақтың ғайып болғанын айтты

28 апреля, 2025

Астаналық жігіт сүйген қызына 5 млн теңге ақша аударып, артынан оны сотқа берген

28 апреля, 2025

Семейде мұғалім сабақ үстінде оқушы қыз баланың мойнынан сипалаған

28 апреля, 2025

Қазақстандық атақты ғалым қайтыс болды

28 апреля, 2025

СҚО әкімі тасқын су астында қалған ауылды қайықпен аралап, дронға түсірді

28 апреля, 2025

Димаш Құдайбергеннің үйінде үлкен той болатын болды

28 апреля, 2025

Қазақстанда тағы бір пойызда әйелдер вагоны пайда болды

28 апреля, 2025

Елімізде алдағы үш күнде үсік жүреді

28 апреля, 2025
Бізге жазылыңыз
  • Facebook
  • Instagram
  • YouTube
  • TikTok
  • Telegram
Мерзімді баспасөз басылымын, ақпарат агенттігін және желілік басылымды есепке қою туралы КУӘЛІК №KZ59VPY00114494 Берілген күні: 11.03.2025 Астана қ.
Ақпарат агенттігін есепке қою туралы КУӘЛІК №KZ59VPY00114494 Берілген күні: 11.03.2025 Астана қ.

Пайдалы сілтемелер

  • Русский
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Русский
  • Біз туралы
  • Байланыс
Сайт картасы
  • Басты
  • Қоғам
  • Әлем
  • Оқиғалар
  • Қаржы
  • Саясат
  • Сыбыс бар
  • Қоршаған орта
  • Басты
  • Қоғам
  • Әлем
  • Оқиғалар
  • Қаржы
  • Саясат
  • Сыбыс бар
  • Қоршаған орта
Әлеуметтік желілер
Facebook Instagram TikTok Telegram YouTube

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.