Астана қаласының 11 жасар тұрғынының аузында, нақтырақ айтсақ бадамша бездер аймағында және тіс арасында шаш өсе бастаған.
Дәрігерлер шашты алып тастады. Қазір жасөспірім тексеруден өтіп жатыр.
Елордалық дәрігерлер бұл құбылысты әзірге түсіндіре алмай отыр. Шетелдік дәрігерлер бұл аурудың сирек кездесетіні соншалық, оның атауы да жоқ және әлі зерттелмеген де деп мәлімдеді.