Қазақстанда А гепатитімен сырқаттанғандардың саны 850-ге жетті. «А вирустық гепатиті лас сумен, ластанған тағаммен және науқаспен байланыста болғаннан кейін кір қолдар арқылы беріледі. Бұл кезде дене қызуы көтеріліп, бас ауырады. Тәбет төмендеп, енжарлық болады. Жүрек айнып құсады. Инкубациялық кезең – 14 күннен 35 күнге дейін жалғасады», — деді министрліктің баспасөз қызметі.