• RUS
  • Біз туралы
  • Байланыс
Menu
  • RUS
  • Біз туралы
  • Байланыс
Facebook Instagram TikTok Telegram YouTube
  • QAZ
  • RUS
  • Басты
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Әлем
  • Төтенше жағдай
  • Қоғам
  • Қылмыс
Menu
  • Басты
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Әлем
  • Төтенше жағдай
  • Қоғам
  • Қылмыс
RUS
Главная страница » Табиғи байлығымыз ұзамай таусылады

Табиғи байлығымыз ұзамай таусылады

29 февраля, 2024 Жаңалықтар

Табиғи байлығымыз ұзамай таусылады

 «Атамекен» палатасы ұйымдастырған дөңгелек үстелде бұрыңғы министр Серікбек Дәукеев геология саласындағы биліктің әрекетсіздігін сынай отырып, алдағы 10-15 жылда жер астындағы табиғи байлықтың таусылып, елдің экономикалық дағдарысқа ұшырауы мүмкін екенін айтты.

Елдің ішкі өнімінің негізін тау, кең өндірісі құрайтыны белгілі. Елімізде 8 мыңнан астам кең орындары жұмыс істейді. Табиғи байлықтарымыз бойынша әлемдегі ондыққа кіріп отырмыз.

«Геология ел экономикасының 70% құрайды. Мұнымен осыдан 20 жыл жойылған геология министрлігі айналысуы керек еді. Өкінішке орай, оны таратып Комитет деңгейіне түсірді. Тіпті геология саласына нақты қаржы да  бөлінбеген. Қазіргі таңда кең орындары жабылып, жұмыс орындары қысқарып жатқанын көріп отырмыз. Бұл еліміздегі әлеуметтік мәселені ушықтырып, мемлекетті дағдарысқа әкелетіні белглі. Қазір мұның алдын алмаса Жаңаөзен оқиғасынан зор қауіпке ұшыраймыз», деді Серікбек Дәукеев.

С.Дәукеевтің айтуынша, «Өткен жылы Мемлекет басшысы Қ.Тоқаев бұл мәселеге назар аударып, еліміздегі маңызды геологиялық жұмыстарға инвестиция тарту мәселесін айтқан еді. Бірақ, мұндай ауқымды жұмысты Үкіметтің қатысуынсыз жүзеге асыру мүмкін емес. Алдын-ала зерттеу жұмыстары мен оның қорытындылары болмай инвестор қаражат салмайды. Бүгін осындағы «білгіштер» инвесторға қолайлы жағдай жасаса   болғаны десіп жатыр. Шын мәнінде инвестор тек дайын «конфетке» келеді. Ал «конфетті» табу үшін мемлекет бірінші кезекте геологиялық зерттеу жұмыстарын жүргізу керек.

Елімізде геологиялық зерттеу жұмыстарының 1 квадрат метрі 8$ құрайды. Сарапшының айтуынша, әлем елдерімен және көршілес елдермен салыстырғанда өте аз сома.

Өте кұлкілі жағдай. Мысалға, тәжірбие жұмыстарына Австралия, Өзбекстан, Канада сынды елдерде 200-280$ бюджеттен бөледі. Демек, ашық жатқан алаңға инвестор тарту мүмкін емес.

Бұрыңғы зерттеулерде еліміздің оңтүстік, шығыс және орталығында  тау кең орындары аз болғанымен, зерттеу жұмыстарын жүргізу арқылы жергілікті тұрғындардың әлеуетін қамтамасыз етерлік жағдай жасауға болады. Бірақ оны жүзеге асыру үшін қаражат қажет. Мұндай жұмыспен ғылыми инситуттар айналысуы керек.  Бұл саланы қолдан қолға берудің нәтижесінде геология саласы құрдымға кетті. Геология комитеті үш жылда экология, одан кейін индустрия кейіннен өндіріс және құрылыс министрлігінің құрамына ауысты. Сонымен қатар Серікбек Дәукеев мырза  дөңгелек үстел барысында құзырлы органдардың маңызды мәселе талқыланып отырған сарапшылар алаңына келмегендігіне баса назар аударды Дөңгелек үстелге қатысушылардың қатаң сөйлеуіне экономика министрі Нұрлан Байбазаровтың келмеуі де себеп болған сыңайлы.

Айта кетерлігі, Серікбек Дәукеев үш рет министр қызметін атқарып, Үкімет мүшесі де болды.

1997 жылы геология министрлігі таратылған.

Сурет Ulysmedia.kz.алынды.

 

 

Оқылып жатыр

ҰБТ: үш апта ішінде 283 заңбұзушылық анықталды

АҚШ Сенаты алғаш рет Иранмен соғысты тоқтату туралы қарарды қолдады

Құрбан айт: ҚМДБ еліміз бойынша айт намазының кестесін жариялады

ТОП посты

Қалаға айналатын ауылдар тізімі

19 марта, 2024849 рет оқылды

Апатты аймақтың тұрғындары елеусіз қала бере ме ?

26 февраля, 2024676 рет оқылды

Әкімдер қатаң сөгіс алды

30 марта, 2024549 рет оқылды

«Су емес у ішіп отырмыз» Түркістандықтардың жан айқайы

24 марта, 2024510 рет оқылды

Оразаға бір апта қалды: нені білу қажет

3 марта, 2024473 рет оқылды

Экологиялық эмиссия салығын көбейту керек

14 марта, 2024452 рет оқылды

Жиырма бес мың жетімнің көз жасы!..

4 марта, 2024439 рет оқылды

Семейдің қақ ортасында жүк көлігі шұңқырға түсіп кетті

15 сентября, 2025390 рет оқылды

Құс фабрикасы немесе адам өмірі?

1 августа, 2024334 рет оқылды

Қазақстан қаптаған ескі қарулар мен әскери ұшақтарын сатып жатыр

17 марта, 2024330 рет оқылды
Новости

ҰБТ: үш апта ішінде 283 заңбұзушылық анықталды

Басты тақырып 2 июня, 2026

Астана. BM.KZ. 2 маусым — Бүгінгі күнге дейін өзге адамның орнына тест тапсыру дерегі анықталған…

АҚШ Сенаты алғаш рет Иранмен соғысты тоқтату туралы қарарды қолдады

20 мая, 2026

Құрбан айт: ҚМДБ еліміз бойынша айт намазының кестесін жариялады

19 мая, 2026

Қазақстандықтар шетелде тұрса да зейнетақы алуға құқылы – Конституциялық Сот

19 мая, 2026

Алтын Орданың тікелей мұрагеріміз — Мемлекет басшысы

19 мая, 2026

Лондон, Париж, Рим, Вена: елордадан Еуропа елдеріне тікелей әуе рейстері ашылады

19 мая, 2026

Бүгін Қазақстан мегаполистерінің бірінде қатты нөсер жауады

19 мая, 2026

Сан-Диего мешітіндегі атыс: үш тұрғын мен екі күдікті мерт болды

19 мая, 2026

Алдағы күндері күн күрт суытады

18 мая, 2026

Александр Бублик әлемдік рейтингіде үздік көрсеткішін қайталады

18 мая, 2026

Сұлтан Сарсемалиев істі алқа билерге беруден бас тартты

18 мая, 2026

Оқу-ағарту вице-министрі тағайындалды

18 мая, 2026

Қазақстандағы көмір қоры 300 жылдан астам уақытқа жетеді

18 мая, 2026

Жания Бекмұхамбетова Ташкенттегі турнирде алтын медаль жеңіп алды

15 мая, 2026

КТК маусым айында мұнай экспортын қысқартады

15 мая, 2026

ШҚО-да балалар стоматологиялық емханасы жұмыскерлерінің еңбекақысын төлемеген

15 мая, 2026

Қазақстан мен Түркия мәңгілік достық туралы декларацияға қол қойды

14 мая, 2026

Елдегі қай автожолдардың сапасы сын көтермейді?

14 мая, 2026

Салтанат Нүкенованың өлімі: кассациялық сот Байжановтың жазасын өзгеріссіз қалдырды

14 мая, 2026

Ақтауда полиция қызметкері көлігімен бір жарым жасар баланы қағып кетті

14 мая, 2026
Бізге жазылыңыз
  • Facebook
  • Instagram
  • YouTube
  • TikTok
  • Telegram
Мерзімді баспасөз басылымын, ақпарат агенттігін және желілік басылымды есепке қою туралы КУӘЛІК №KZ59VPY00114494 Берілген күні: 11.03.2025 Астана қ.
Ақпарат агенттігін есепке қою туралы КУӘЛІК №KZ59VPY00114494 Берілген күні: 11.03.2025 Астана қ.

Пайдалы сілтемелер

  • RUS
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • RUS
  • Біз туралы
  • Байланыс
Сайт картасы
  • Басты
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Әлем
  • Төтенше жағдай
  • Қоғам
  • Қылмыс
  • Басты
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Әлем
  • Төтенше жағдай
  • Қоғам
  • Қылмыс
Әлеуметтік желілер
Facebook Instagram TikTok Telegram YouTube

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.