• Русский
  • Біз туралы
  • Байланыс
Menu
  • Русский
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Басты
  • Қоғам
  • Әлем
  • Оқиғалар
  • Қаржы
  • Саясат
  • Сыбыс бар
  • Қоршаған орта
Menu
  • Басты
  • Қоғам
  • Әлем
  • Оқиғалар
  • Қаржы
  • Саясат
  • Сыбыс бар
  • Қоршаған орта
Главная страница » Алаяқтар су тасқыны жағдайын азаматтарды алдау үшін пайдалана бастады

Алаяқтар су тасқыны жағдайын азаматтарды алдау үшін пайдалана бастады

17 апреля, 2024 Жаңалықтар
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

«Жеке сәйкестендіру нөміріңізді теріп төлемдердің бар-жоғын тексеріңіз», «Сілтемені басып, 3 млн теңгеге дейін өтемақы алыңыз,», «Мемлекеттен тезірек жәрдемақы алыңыз». Қаскүнемдер әлеуметтік желілерде осындай сынды жалған ақпарат орналастырып, ел азаматтырының дербес деректерін ұрлай бастады. Алаяқтықтың бұл түрі кеше-бүгін пайда болған жоқ, алайда кейбір азаматтар алаяқтардың айла-шарғыларының құрбаны болып жатады. Fingramota.kz негізгі қауіпсіздік шараларын еске салады.

Су тасқынынан зардап шеккендерге өтемақы төленіп жатыр ма?

Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша су тасқынынан зардап шеккендер жергілікті атқарушы органдардан, яғни әкімдіктерден біржолғы төлем алады. Төлемдер мөлшері әр өңірде келтірілген материалдық залалды есептеу үшін құрылған арнайы комиссиялардың шешімі бойынша жеке белгіленеді. Ол үшін су тасқыны салдарынан айырылған мүліктің тізімдерін, залалды растайтын фото, бейнематериалдарды, жылжымайтын мүлік объектісін идентификаттау құжаттарын және басқа да құжаттарды қоса бере отырып, әкімдіктерге өтінішпен жүгіну қажет. Өтемақы төлеу рәсімі туралы неғұрлым толық ақпаратты тек жергілікті атқарушы органдардан алуға болады.

Қазақстанның барлық азаматтарына банктерден және Еңбек министрлігінен «өтемақы» төленеді.

Жалған хабарландыруларды барынша шынайы етіп көрсету үшін қылмыскерлер елдегі банктер мен мемлекеттік органдардың атауларын  пайдаланады. Мысалы, соңғы аптада Facebook, Instagram, Telegram әлеуметтік желілерінде ҚР Еңбек және әлеуметтік қорғау министрлігінің Халық банкпен бірлесіп өтемақы төлейтіні, сондай-ақ Қаржы министрлігінің жаңа қаулысы шыққаны жөнінде хабарламалар жарияланып жатыр. Вижуалда ұйымдардың логотиптері мен брендбук элементтері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының елтаңбасы пайдаланылады.

Алаяқтар адамдарды жаңылыстыру үшін әр жарнама постының астында «Жедел төлем үшін рақмет», «Сома сол күні түседі», «Өтінімдерді шұғыл беріңіз» деген мәтінмен боттар түсіндермелерін орналастырады.

Алаяқтардың басты мақсаты – азаматтардың «Толық» немесе «Өз өтемақымды тексеру» дегенді басып, фишингтік сілтемелерге өтуге итермелеу. Одан кейін пайдаланушы алаяқтар жасаған сайтқа тап болады, ол сайтта ақша алу үшін тіркеу ұсынылады. Ал бұл үшін ЖСН, банктік карталардың деректемелері,  SMS-хабарлама сияқты дербес деректер енгізу қажет болады.

Азамат бұл талаптарды орындаса, деректері автоматты түрде алаяқтардың қолына түседі. Қаскүнемдер өз құрбандарының шоттарындағы бүкіл ақша қаражатын алуы мүмкін немесе «бөгдеге» кредит ресімдеуі мүмкін. Сондай-ақ күмәнді сайттарға өткеннен кейін хакерлік шабуылға тап болу тәуекелі бар, ол пайдаланушының құрылғысына шпиондық бағдарламалар орнатуға негізделеді. Алаяқтар осы қосымша арқылы онлайн-банкингке және басқа да құпия ақпаратқа қол жеткізе алады.

«Рас-өтірігін атынан жалған ақпарат таратқан ұйымға жүгіне отырып білуге болады. Мысалы, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі фейк хабарламада көрсетілген сілтеме — пайдаланушылардың жеке деректерін алу тәсілі екенін хабарлап, жедел ден қойды. «Мемлекеттік қолдаудың тиесілі шаралары туралы ресми ақпарат 1414 нөмірінен SMS-хабарламалар арқылы ғана таратылады. Азаматтарды ресми ақпаратқа ғана сенуге шақырамыз», делінген Fingramota.kz таратқан хабарламада.

Алаяқтар кез-келген нөмірлерді, оның ішінде, төрт таңбалы нөмірлерді қолдан жасай алатындығын есте ұстаған жөн, сондықтан ұйымдардың жедел желілерінің нөмірін терген кезде ешқандай жағдайда SMS-хабарлама арқылы жіберілетін нөмір бойынша қайта қоңырау шалуға немесе сілтемелерге өтуге болмайды.

Тағы қандай қауіпсіздік ережелерін білу керек?

  • Банктің, мемлекеттік органдардың ресми сайттарынан төлемдер туралы ақпаратты тексеріп жүріңіз.
  • Өзіңіздің жеке және банктік деректеріңізді, әсіресе картаның арғы бетіндегі үш санды және оның жарамдылық мерзімін жарияламаңыз.
  • Ақша туралы сөз қозғайтын бейтаныс адамдардың қоңыраулары мен хабарламаларына сенбеңіз.
  • Картаңыздың 3D-Secure функциясын өшірмеңіз.
  • Барлық транзакцияларды көріп отыру үшін мобильді қосымшадағы SMS- және push-хабарламаларды қосып қойыңыз.
  • Электрондық поштаға және мессенджерлерге жіберілген белгісіз файлдарды ашпаңыз.
  • Алаяқтардың сайттарына өтуге мүмкіндік бермейтін вирусқа қарсы сенімді бағдарламаны орнату қажет.
  • Ақшалай қаражат тоналған жағдайда, құқық қорғау органдарына өтінішпен жүгініңіз.

Оқылып жатыр

«Бүкіл аймақ сусыз қалуы мүмкін»: Кош-Тепа каналының салынуы Қазақстанға қалай әсер етеді

Депутат министрлерді жасанды интеллектпен ауыстыруды құптайды

Қажылыққа заңсыз барғандарға айыппұл салынады – ҚМДБ

ТОП посты

Қалаға айналатын ауылдар тізімі

19 марта, 2024806 рет оқылды

Апатты аймақтың тұрғындары елеусіз қала бере ме ?

26 февраля, 2024620 рет оқылды

Әкімдер қатаң сөгіс алды

30 марта, 2024535 рет оқылды

«Су емес у ішіп отырмыз» Түркістандықтардың жан айқайы

24 марта, 2024506 рет оқылды

Оразаға бір апта қалды: нені білу қажет

3 марта, 2024467 рет оқылды

Экологиялық эмиссия салығын көбейту керек

14 марта, 2024447 рет оқылды

Жиырма бес мың жетімнің көз жасы!..

4 марта, 2024417 рет оқылды

Құс фабрикасы немесе адам өмірі?

1 августа, 2024327 рет оқылды

Қазақстан қаптаған ескі қарулар мен әскери ұшақтарын сатып жатыр

17 марта, 2024320 рет оқылды

Қоянды әкімдігі қыста қар тазалауға 30 млн тенге бөлген

31 марта, 2024312 рет оқылды
Новости

«Бүкіл аймақ сусыз қалуы мүмкін»: Кош-Тепа каналының салынуы Қазақстанға қалай әсер етеді

Басты тақырып 15 мая, 2025

Ауғанстанда Кош-Тепе каналының салынуы Сырдария арқылы Қазақстанға келетін су көлемінің азаюына себеп болуы мүмкін, деп…

Депутат министрлерді жасанды интеллектпен ауыстыруды құптайды

14 мая, 2025

Қажылыққа заңсыз барғандарға айыппұл салынады – ҚМДБ

14 мая, 2025

Вице-министр шиеге 15 мың теңгесін қимайды

14 мая, 2025

Дариға Назарбаеваның қарасораға қатысы жоқ — министр

13 мая, 2025

Жетісуда православ зираты тағы да су астында қалды

13 мая, 2025

Талғат Ардан Түркияда ұсталды

13 мая, 2025

Рысқалиевті аңдыған тыңшылар сотталды  

13 мая, 2025

Нұртас Адамбай өзі туралы кітап жазып жатыр

12 мая, 2025

Берденов: Күнделікті тіршілігіме оралатын сәт таяп қалды

12 мая, 2025

Қоспаев тобының Болат Назарбаевпен байланысы қандай?

12 мая, 2025

Бапи: Украина жариялаған демарштың бізге көп әсері бола қоймас

12 мая, 2025

Астананы Нұрсұлтан деп атауды ұсынған экс-депутат орденмен марапатталды

12 мая, 2025

Бұрынғы экономика министрі: Салықты ешкім қуанып төлемейді

12 мая, 2025

Киев Мәскеудегі әскери парадқа қатысқан елдерге наразылық білдірді

10 мая, 2025

BAYTAQ партиясында басшылық құрам өзгерді


8 мая, 2025

Сенатор парадқа ардагерді кіргізбеген полицияны қорғап шықты

8 мая, 2025

Саясат Нұрбек: Қыздарға сәлем салуды ешкім үйретіп жатқан жоқ

8 мая, 2025

СІМ Тоқаевтың Мәскеуге сапарына қатысты пікір білдірді

8 мая, 2025

Елдегі өмір сүру ұзақтығы орташа индекспен 75 жасқа ұзарды

5 мая, 2025
Бізге жазылыңыз
  • Facebook
  • Instagram
  • YouTube
  • TikTok
  • Telegram
Мерзімді баспасөз басылымын, ақпарат агенттігін және желілік басылымды есепке қою туралы КУӘЛІК №KZ59VPY00114494 Берілген күні: 11.03.2025 Астана қ.
Ақпарат агенттігін есепке қою туралы КУӘЛІК №KZ59VPY00114494 Берілген күні: 11.03.2025 Астана қ.

Пайдалы сілтемелер

  • Русский
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Русский
  • Біз туралы
  • Байланыс
Сайт картасы
  • Басты
  • Қоғам
  • Әлем
  • Оқиғалар
  • Қаржы
  • Саясат
  • Сыбыс бар
  • Қоршаған орта
  • Басты
  • Қоғам
  • Әлем
  • Оқиғалар
  • Қаржы
  • Саясат
  • Сыбыс бар
  • Қоршаған орта
Әлеуметтік желілер
Facebook Instagram TikTok Telegram YouTube

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.