АҚШ-тың жоғарғы соты Дональд Трампқа президент сайлауына қатысуға рұқсат етті. Жоғарғы сот Колорадо штатының Трампқа сайлауға түсуге тыйым салған шешімнің күшін жойды. Жоғарғы соттың шешімі бүкіл АҚШ аумағына жүреді. Бұған дейін Колорадо штаты Трамп конгресс ғимаратын басып алмақ болды, бүлік шығарды деп штаттағы сайлаудан шектеген. АҚШ Конституциясында бүлік шығарған адам билікте жұмыс істей алмайды деген ереже бар. АҚШ жоғарғы соты штаттар сайлаудан кандидатты шектей алмайтынын, мұндай шешімді конгресс қабылдау керегін алға тартады.
АҚШ-тың жоғарғы соты Дональд Трампқа президент сайлауына қатысуға рұқсат етті
Пайдалы сілтемелер
Сайт картасы