Ақтөбе облысында үйі тасқын судың астында қалған көп балалы ана әкімдіктен көмек сұрады. Айтуынша, ол қазір төрт баласымен көрінгеннің есігін паналап жүр. Су басқан тұрғындарға әкімдік уақытша баспана да, ыстық тамақ та бермеген. Қара суықта үйлері тасқын судың астында қалған халық эвакуцияланғанмен, оларды жергілікті билік қараусыз қалдырған. Жалғызбасты, әрі көп балалы ана енді қайда баратынын білмей, күн сайын бір танысының үйіне қонуға мәжбүр. Төтенше жағдай жарияланған Ақтөбе облысында қауіп әлі сейілген жоқ.
Ақтөбеде көпбалалы ана далада қалды
Пайдалы сілтемелер
Сайт картасы