• RUS
  • Біз туралы
  • Байланыс
Menu
  • RUS
  • Біз туралы
  • Байланыс
Facebook Instagram TikTok Telegram YouTube
  • QAZ
  • RUS
  • Басты
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Әлем
  • Төтенше жағдай
  • Қоғам
  • Қылмыс
Menu
  • Басты
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Әлем
  • Төтенше жағдай
  • Қоғам
  • Қылмыс
RUS
Главная страница » Арал теңізіндегі «Возрождение» аралында биологиялық қарулар сынақтар өткен

Арал теңізіндегі «Возрождение» аралында биологиялық қарулар сынақтар өткен

30 марта, 2024 Басты тақырып

 

Кеңес Одағы кезінде Арал теңізіндегі «Возрождение» аралында әскери  аса құпия нысан болғанын екінің бірі білмес. Аралда биологиялық қаруды сынауға арналған әлемдегі ең ірі полигонның бірі болды.  Полигонда  сібір жарасы мен басқа да ауруларды тарататын  биологиялық қаруды сынайтын. Аралда  сынақтарда пайдаланылған 1500-ға жуық адам мен  мыңдаған жануарлар — қояндар, теңіз шошқалары, маймылдар, қойлар, есектер, тышқандар,  жылқылар болған.

National Geographic каналының тілшісі Марк Синноттің айтуынша,  «Возрождение» аралындағы нысан Кеңес қарулы күштерінің микробиологиялық соғысты жүргізуге арналған тобына арналған.   Аралға мыңдаған жануарлар жіберіліп, олар сібір жарасы, шешек, оба, бруцеллез және басқа да биологиялық агенттермен зақымданған. Кеңес Одағы күйреген соң Арал теңізіндегі «Возрождение» аралындағы сынақ полигонынан кеңес әскері таратылып, полигон иесіз қалды. Сынақтан өткен жануарлардан алынған заттардың қалдықтары мен иесіз қалған полигоннан тарап кетуі мүмкін қауіпті элементтерден күдіктенген  АҚШ-тың  Мемлекеттік департаменті 2002 жылы ол жаққа тазалау командасын жіберді. Нәтижесінде оба ауруының шашыраңқы элементтері Арал маңының ауасынан табылған. Бұл қазіргі Аралдың қоршаған ортасына әсер етіп келеді.

«Возрождение» аралында жұмыс істеген ғалым Геннадий Лепёшкин «New York Times» газетіне берген сұхбатында: «Біздің жұмысымыздың үштен бір бөлігі сібір жарасы, оба және басқа да бактерияларды зерттеумен айналыстық. Атмосферадағы өзгерістерді тексеріп отырдық. Онда жұмыс істейтіндерге барлық жағдай жасалды. Табыстары тұрақты, бос уақыттарында балық аулап, би, концерттерге барып демалатынбыз» дейді.  .

Сынақтар негізіне жануарларға ауру тудыратын элементтерді егіп, оның реакциясын зерттеу болған. Лепешкин «Біз жылына 200-ден 300 данаға дейін маймылдарды пайдаландық. Біздің қызметкерлер оларды полигонға (қаладан 25 шақырым) шығарып, ауадағы микробтардың шоғырлануын өлшейтін аспаптардың жанындағы торларға орналастырды. Содан кейін, ауруды жұқтырғаннан кейін, оларды зертханаға апарып  тексереміз. Қанын зерттеп, олардағы аурудың дамуын қадағалайтынбыз. Олар ауру жұқтырған соң  бірнеше аптаның ішінде өледі, біз бактерияның ішкі құрылысына әсерін зерттеп, ғылыми әдістемеліктер жазумен айналыстық . Тестілеу  жұмыстары әдетте жазда, патогендердің таралуын болдырмау үшін температура Фаренгейт бойынша 120 градусқа дейін көтерілгенде ғана өткізілетін.

Биологиялық зертханада жұмыс істейтіндердің арасында ауру жұқтыру оқиғалары кездеспеді.» дейді Лепешкин.

«Возрождение аралы» Кеңес Одағы ыдырағаннан кейін жабылды. Арал теңізінің деңгейі төмендегендіктен, арал құрлықпен қосылған жарты аралға айналды.

Свердловскіде адамдардың өліміне әкеп соққан сібір жарасының  көптеген штаммдары «Возрождение» аралындағы шұңқырларға көмілген екен. Қазіргі таңда әлем бактериологтары бұл аралға көмілген көптеген аурулардың жануарлар немесе осы жерге келетін адамдар арқылы таралуы мүмкін деген деп қауіптенеді. Ол лаңкестердің қолына түссе жағдай тіптен күрделі болмақ. Оның үстіне арал Қазақстан мен Өзбекстанға тиесілі болғандықтан Өзбек тарапы сібір жарасы сақталған қоймалар тұсынан мұнай бұрғылауды жоспарлап отырғандығы әлем елдерін одан сайын алаңдатуда.

Ең үлкен проблемалардың бірі полигонда сынақтан өткізілген қауіпті обаның әсеріне ұшыраған жабайы кеміргіштердің аман қалуы мүмкін деген болжам бар.  Тиісті антибиотик қабылдамаған кеміргіштердің ауаға немесе адамға ауру жұқтыру қаупі орасан зор.

1995 жылы американдық экологияны қорғау  командалары «Возрождение» аралында сібір жарасының тірі спораларын тапты. Ол кезде Құрама Штаттар бұл нысанды залалсыздандыру бағдарламасына 6 миллион доллар бөлген болатын. Қанша қаражат бөлгенмен адамзатқа қауіпті удың жер астында үнсіз жатқаны белгілі. Еліміздің экология саласының сарапшылары бұл мәселеге мән беріп, тазарту жұмыстарын жүргізбесе қаншама зардаптарға әкелетіні бесенеден белгілі. Аждаһаны оятып алып алысқаннан, ұйықтап жатқанда тұншықтырғаны әлде қайда тиімді болары сөзсіз.

Асылбек Байжұмаұлы

 

 

 

Оқылып жатыр

Биыл Ұлттық қордан әр баланың есепшотына 130 доллардан аударылады

Елімізде жетім балаларға арналған ұйымдардағы тәрбиеленушілер саны екі есеге азайды

«Атамекен» ҰКП президиумының жаңа төрағасы сайланды

ТОП посты

Қалаға айналатын ауылдар тізімі

19 марта, 2024839 рет оқылды

Апатты аймақтың тұрғындары елеусіз қала бере ме ?

26 февраля, 2024676 рет оқылды

Әкімдер қатаң сөгіс алды

30 марта, 2024548 рет оқылды

«Су емес у ішіп отырмыз» Түркістандықтардың жан айқайы

24 марта, 2024510 рет оқылды

Оразаға бір апта қалды: нені білу қажет

3 марта, 2024471 рет оқылды

Экологиялық эмиссия салығын көбейту керек

14 марта, 2024451 рет оқылды

Жиырма бес мың жетімнің көз жасы!..

4 марта, 2024436 рет оқылды

Құс фабрикасы немесе адам өмірі?

1 августа, 2024334 рет оқылды

Қазақстан қаптаған ескі қарулар мен әскери ұшақтарын сатып жатыр

17 марта, 2024328 рет оқылды

Қоянды әкімдігі қыста қар тазалауға 30 млн тенге бөлген

31 марта, 2024312 рет оқылды
Новости

Оқушылар арасында әскери оқу-жаттығу жиындары өтетін болды

Ғылым 24 января, 2026

Астана. 24 қаңтар. BM.KZ — Оқу-ағарту және Қорғаныс министрліктері бірлесіп, мектеп оқушыларына арналған әскери-патриоттық бағыттағы оқу-жаттығу…

Гүлмира Сәбденбек Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры басшысы болды

24 января, 2026

Бүгін Конституциялық реформалар жөніндегі комиссияның алғашқы отырысы өтеді

24 января, 2026

Мемлекетке 45 млн теңге залал келтірген азамат Испаниядан экстрадициялады

24 января, 2026

ІІМ Автонесиелеудің қылмыстық схемасын әшкереледі

23 января, 2026

Президент Қысқы Олимпиада мен Паралимпиадаға қатысатын спортшыларға Мемлекеттік туды тапсырды

23 января, 2026

Биыл Ұлттық қордан әр баланың есепшотына 130 доллардан аударылады

23 января, 2026

Юлия Путинцева алғаш рет Australian Open турнирінің төртінші айналымына шықты

23 января, 2026

Елімізде жетім балаларға арналған ұйымдардағы тәрбиеленушілер саны екі есеге азайды

23 января, 2026

«Атамекен» ҰКП президиумының жаңа төрағасы сайланды

23 января, 2026

Қарағандыда Серік Сәпиевке қатысты жанжал бойынша тергеу жүріп жатыр

23 января, 2026

Қазақстандықтарға 4 трлн 225 млрд теңге мөлшерінде зейнетақы төленді

23 января, 2026

Қазақстан Бейбітшілік кеңесіне кіру үшін 1 млрд доллар жарна төлемейді

23 января, 2026

«Отбасы банк» жеңілдетілген тұрғын үй алу талаптарын тиімдірек етті

23 января, 2026

Астанада бірінші ауысым оқушылары онлайн оқиды

23 января, 2026

Голливудта «Оскар» номинанттары жарияланды

23 января, 2026

Жаңаөзенде заңсыз көші-қон ұйымдастырған қылмыстық топ ұсталды

22 января, 2026

Australian Open: Елена Рыбакина үшінші айналымға өтті

22 января, 2026

Людмила Прокашева: «Нагано Олимпиадасына Медеуде, жарықсыз дайындалдым»

22 января, 2026

Шымкентте жол ортасындағы төбелес: үш қылмыстық іс қозғалды

22 января, 2026
Бізге жазылыңыз
  • Facebook
  • Instagram
  • YouTube
  • TikTok
  • Telegram
Мерзімді баспасөз басылымын, ақпарат агенттігін және желілік басылымды есепке қою туралы КУӘЛІК №KZ59VPY00114494 Берілген күні: 11.03.2025 Астана қ.
Ақпарат агенттігін есепке қою туралы КУӘЛІК №KZ59VPY00114494 Берілген күні: 11.03.2025 Астана қ.

Пайдалы сілтемелер

  • RUS
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • RUS
  • Біз туралы
  • Байланыс
Сайт картасы
  • Басты
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Әлем
  • Төтенше жағдай
  • Қоғам
  • Қылмыс
  • Басты
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Әлем
  • Төтенше жағдай
  • Қоғам
  • Қылмыс
Әлеуметтік желілер
Facebook Instagram TikTok Telegram YouTube

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.