• Русский
  • Біз туралы
  • Байланыс
Menu
  • Русский
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Басты
  • Қоғам
  • Әлем
  • Оқиғалар
  • Қаржы
  • Саясат
  • Сыбыс бар
  • Қоршаған орта
Menu
  • Басты
  • Қоғам
  • Әлем
  • Оқиғалар
  • Қаржы
  • Саясат
  • Сыбыс бар
  • Қоршаған орта
Главная страница » Астанада алғаш рет дипломатиялық корпустың қатысуымен «Наурыз балы» өтті

Астанада алғаш рет дипломатиялық корпустың қатысуымен «Наурыз балы» өтті

20 марта, 2024 Жаңалықтар
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

Астанада алғаш рет дипломатиялық корпустың қатысуымен «Наурыз балы» өтті

🎭Елордада алғаш рет Наурыз мейрамына орай ұйымдастырылған «Наурыз бал» атты іс-шара өтті. Бұл кеш түрлі елдердің дипломатиялық корпусын, халықаралық ұйым басшыларын және шетелдік компаниялар өкілдерін жинаған ерекше мереке болды. Іс-шараны ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі ұйымдастырды.

📌Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева Наурыз мейрамын тойлаудың жаңа форматына тоқталып, Ұлттық құрылтайдың үшінші отырысында Мемлекет басшысы сөз еткен негізгі тезистерді атап өтті. Сонымен қатар министр мәдени мұраны насихаттау мен оны әлемдік аренада таныту мақсатында министрлік тарапынан жасалған жобаларға тоқталды. Соның ішінде аталмыш іс-шара барысында таныстырылымы өткен Qazaq сulture ақпараттық-танымдық порталы бар. Онлайн портал Мемлекет басшысының еліміздің мәдени мұрасын таныту, ұлттық брендті, тарих пен мәдениетті насихаттау тапсырмасы аясында іске қосылып отыр. Qazaq Culture Қазақстанның көп қырлы мәдениеті мен бай тарихының айрықша белгісіне айналмақ. Мерекелік іс-шарада Қазақстандағы тұңғыш көпұлтты «BIRLIK» ән-би ансамблі де өнерін көрсетті. Ұжым көпұлтты бірлік пен мәдениетаралық диалогтың бірегей үлгісін көрсетті. Ол 2024 жылы әлем халықтарының мәдени мұрасын сақтау және насихаттау, дәстүрлі музыка мен биді дәріптеу мақсатында құрылған. Сонай-ақ кеш қонақтарына бірнеше ай бұрын «ZHOSHY» фольклорлық ансамблі таныстырылды. Ансамбль мүшелері желбуаз, мес сырнай, уілдек, тастауық сияқты сирек кездесетін музыкалық аспаптарда ойнайды. Олардың шеберлігі мен таланты қазірдің өзінде көпке танылған, жақын арада шығармашылық ұжым Қытайда гастрольдік сапарға барып, өнер көрсетеді. Дипломатиялық балдың құрметті қонақтары да қазақстандықтарды Наурыз мейрамымен құттықтады.

«Наурыз мерекесімен шын жүректен құттықтамын! Барша қазақстандықтарға зор денсаулық, бақыт, жақсылық пен амандық тілеймін! Бұл қуаныш пен жаңару кезеңі сіздердің жүректеріңізге жарқын және жылы сезім ұялатсын, ал үйлеріңізге бейбітшілік пен амандық әкелсін», – деді БҰҰ-ның Тұрақты үйлестірушісі Микаэль Фриберг-Стори.

«Наурыз көктемнің алғашқы лебімен бірге келді. Көктемгі күн мен түннің теңелу күні әр отбасына бақыт, қуаныш әкелетініне, жаңа жылда жақсы оқиғалар болатынына сенімдімін», – деді Германияның Қазақстандағы Елшісі Моника Иверсен өз құттықтауында.

«Бұл мейрам — адамдарға бақытты өмір сүруге, дамуға, өркендеуге, достық, береке мен махаббатқа үміт сыйлайтын көктемгі жаңару мерекесі. Наурыз бірлік пен тұрақтылық мейрамына айналып, үйлеріңізге бақыт әкелсін және ойлаған дүниенің барлығы жүзеге ассын», – деді Орталық Азия бойынша субаймақтық үйлестіруші, Қазақстан, Қырғызстан, Түрікменстан және Өзбекстандағы ХКҰ миссиясының басшысы Зейнал Гаджиев.

ℹ️ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі

Оқылып жатыр

«Бүкіл аймақ сусыз қалуы мүмкін»: Кош-Тепа каналының салынуы Қазақстанға қалай әсер етеді

Депутат министрлерді жасанды интеллектпен ауыстыруды құптайды

Қажылыққа заңсыз барғандарға айыппұл салынады – ҚМДБ

ТОП посты

Қалаға айналатын ауылдар тізімі

19 марта, 2024806 рет оқылды

Апатты аймақтың тұрғындары елеусіз қала бере ме ?

26 февраля, 2024620 рет оқылды

Әкімдер қатаң сөгіс алды

30 марта, 2024537 рет оқылды

«Су емес у ішіп отырмыз» Түркістандықтардың жан айқайы

24 марта, 2024506 рет оқылды

Оразаға бір апта қалды: нені білу қажет

3 марта, 2024467 рет оқылды

Экологиялық эмиссия салығын көбейту керек

14 марта, 2024447 рет оқылды

Жиырма бес мың жетімнің көз жасы!..

4 марта, 2024417 рет оқылды

Құс фабрикасы немесе адам өмірі?

1 августа, 2024327 рет оқылды

Қазақстан қаптаған ескі қарулар мен әскери ұшақтарын сатып жатыр

17 марта, 2024320 рет оқылды

Қоянды әкімдігі қыста қар тазалауға 30 млн тенге бөлген

31 марта, 2024312 рет оқылды
Новости

«Бүкіл аймақ сусыз қалуы мүмкін»: Кош-Тепа каналының салынуы Қазақстанға қалай әсер етеді

Басты тақырып 15 мая, 2025

Ауғанстанда Кош-Тепе каналының салынуы Сырдария арқылы Қазақстанға келетін су көлемінің азаюына себеп болуы мүмкін, деп…

Депутат министрлерді жасанды интеллектпен ауыстыруды құптайды

14 мая, 2025

Қажылыққа заңсыз барғандарға айыппұл салынады – ҚМДБ

14 мая, 2025

Вице-министр шиеге 15 мың теңгесін қимайды

14 мая, 2025

Дариға Назарбаеваның қарасораға қатысы жоқ — министр

13 мая, 2025

Жетісуда православ зираты тағы да су астында қалды

13 мая, 2025

Талғат Ардан Түркияда ұсталды

13 мая, 2025

Рысқалиевті аңдыған тыңшылар сотталды  

13 мая, 2025

Нұртас Адамбай өзі туралы кітап жазып жатыр

12 мая, 2025

Берденов: Күнделікті тіршілігіме оралатын сәт таяп қалды

12 мая, 2025

Қоспаев тобының Болат Назарбаевпен байланысы қандай?

12 мая, 2025

Бапи: Украина жариялаған демарштың бізге көп әсері бола қоймас

12 мая, 2025

Астананы Нұрсұлтан деп атауды ұсынған экс-депутат орденмен марапатталды

12 мая, 2025

Бұрынғы экономика министрі: Салықты ешкім қуанып төлемейді

12 мая, 2025

Киев Мәскеудегі әскери парадқа қатысқан елдерге наразылық білдірді

10 мая, 2025

BAYTAQ партиясында басшылық құрам өзгерді


8 мая, 2025

Сенатор парадқа ардагерді кіргізбеген полицияны қорғап шықты

8 мая, 2025

Саясат Нұрбек: Қыздарға сәлем салуды ешкім үйретіп жатқан жоқ

8 мая, 2025

СІМ Тоқаевтың Мәскеуге сапарына қатысты пікір білдірді

8 мая, 2025

Елдегі өмір сүру ұзақтығы орташа индекспен 75 жасқа ұзарды

5 мая, 2025
Бізге жазылыңыз
  • Facebook
  • Instagram
  • YouTube
  • TikTok
  • Telegram
Мерзімді баспасөз басылымын, ақпарат агенттігін және желілік басылымды есепке қою туралы КУӘЛІК №KZ59VPY00114494 Берілген күні: 11.03.2025 Астана қ.
Ақпарат агенттігін есепке қою туралы КУӘЛІК №KZ59VPY00114494 Берілген күні: 11.03.2025 Астана қ.

Пайдалы сілтемелер

  • Русский
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Русский
  • Біз туралы
  • Байланыс
Сайт картасы
  • Басты
  • Қоғам
  • Әлем
  • Оқиғалар
  • Қаржы
  • Саясат
  • Сыбыс бар
  • Қоршаған орта
  • Басты
  • Қоғам
  • Әлем
  • Оқиғалар
  • Қаржы
  • Саясат
  • Сыбыс бар
  • Қоршаған орта
Әлеуметтік желілер
Facebook Instagram TikTok Telegram YouTube

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.