Астананың тергеу изоляторлары толып кетті: сотталғандарды әкетуге шешім қабылданды
Бастапқыда бұл туралы сот отырыстарының бірінде сотталған Арыстанбек Мұхамедиұлы мәлімдесе, енді ақпаратты Астана қаласы ҚАЖД растады.
Қазір тергеудегі және сотталған адамдар № 64 мекемеде лимиттен тыс ұсталуда. Алайда, ҚАЖД атап өткендей, олардың барлығы төсек-орындармен қамтамасыз етілген.
«2023 жылғы 8 желтоқсанда Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті ҚР Ішкі істер министрлігімен келісім бойынша апелляциялық шағым берген сотталғандарды жазасын одан әрі өтеу болжанатын облыстардың тергеу изоляторларына шығару туралы шешім қабылдады», — деп хабарлады ҚАЖД.
Оған қоса, Астана әкімдігімен жаңа тергеу изоляторын салу мәселесі пысықталуда.