Өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің ресм сайтында, Атырау облысында 4 ұңғыма су астында қалғаны хабарланды: — «Шығыс Уаз» кен орнында 3 ұңғыма бар: №101, №106, №116 («Ембімұнайгаз»АҚ «Қайнармұнайгаз» Мұнай-газ өндіру басқармасы) – бөгеттің жанына төселген құм салынған қаптардың үстіне топырақ төгілуде, сондай-ақ Сағыз өзеніне суды НБ-50 сорғымен айдау жұмыстары жүргізілуде (4 адам және 2 арнайы техника жұмысты жалғастыруда); — «Жаңа Мақат» кен орнында 1 ұңғыма – № Е7 («5А Ойл» ЖШС) – үйінділерді салу және қалпына келтіру жұмыстары аяқталды. Аталған ұңғымалар уақытылы қуатсыздардырылды және тығыздалды. «Облыстың қалған кен орындарындағы жағдай бірқалыпты және тұрақты бақылауда», — делінген ресми хабарламада.
Атырау облысында 4 ұңғыма су астында қалды
Пайдалы сілтемелер
Сайт картасы