Биыл зиянкестер ошағы үш есеге көбейген Атырау облысында шегіртке күрт көбеюі мүмкін. Мамандар зиянкестердің азиялық және италиялық түрі 20 мамырдан бастап қаптай бастағанын айтып отыр, деп хабарлайды КТК арнасы. Телеарна мәліметінше, осыған байланысты өңірде 86 210 гектар жерге химиялық өңдеу жүргізіледі. Оның ішінде Құрманғазы, Исатай, Қызылқоға, Индер аудандарындағы 60 мың гектарға жуық таулы-қырлы аймақтар италиялық прусқа қарсы дәрі шашылады. Ал сулы-қамысты 28 мың гектар аумаққа шегірткенің азиялық түріне қарсы химикаттар себілмек. Былтыр бар-жоғы 28 мың гектар жер дәріленсе, биыл зиянкестер ошағы үш есеге көбейген. Атырау облысындағы шегірткемен күреске алматылық және оралдық компаниялар жұмылдырылады. «Жалпы химиялық өңдеу шегіртке көрінген кезде жасалмайды, толқынды шыққан кезін күтіп, екінші-үшінші жас сатысына жеткен кезде бастаймыз. Ол мамыр айының үшінші он күндігі деп есептеп отырмыз. Былтырға қарағанда үш есе көбейіп отыр», — дейді АШМ АӨК МИК Атырау облысы аумақтық инспекция басшысы Абила Қазиева.
Трендте
- Тоқаев ТМД елдері қауіпсіздік органдары басшыларын қабылдады
- Марат Қожаев Парламент Сенатының депутаты болып тағайындалды
- Сенат депутаты Ләззат Қалтаеваның өкілеттігі тоқтады
- Қасым-Жомарт Тоқаев мәслихат депутаттарының форумына қатысты
- АҚШ Израильдің Иранның ядролық нысандарына соққы беруін қолдамайды — Байден
- «Өзін блогер санайтын адамдар әкімнің әр қадамын аңдуды әдетке айналдырған»
- «Табыс өзімізде қалсын». Қырғызстан президенті елдің ауқаттыларына үндеу жасады
- Қазақтардың Дубайдағы үйлері. «БАӘ-мен жұмыс жүріп жатыр» деген Бас прокуратура ашып айтпады