Автор: erimbetkaz

Астана. 16 қыркүйек. BM.KZ – Апелляциялық сот ұсақ бұзақылық ісі бойынша бірінші сатыдағы соттың қаулысын жойды. Маңғыстау облыстық сотының қылмыстық істер жөніндегі сот алқасы Ақтаудың мамандандырылған әкімшілік құқықбұзушылықтар жөніндегі сотының қала прокуроры Ерболат Әбдіровке қатысты қаулысын апелляциялық тәртіпте қайта қарады. «Апелляциялық қарау барысында 2025 жылғы 27 тамызда сағат 23:00-де Алматы-Астана бағытындағы КС-955 рейсіне жолаушыларды тасымалдаған автобуста азамат Ә.-нің жолаушыларға қорлап тиіскені және қоғамдық тәртіпті бұзғаны дәлелденді. Оның кінәсі әкімшілік құқықбұзушылық туралы хаттамамен, куәгерлердің айғақтарымен, әуежай және полиция қызметкерлерінің құжаттарымен расталды», – деп жазылған сот қаулысында. Сот алқасы Әбдіровтің ӘҚБтК-нің 434-бабы 1-бөлігімен көзделген ұсақ бұзақылық жасағанын анықтады. Нәтижесінде ол әкімшілік құқықбұзушылық…

Толығырақ

Астана. 16 қыркүйек. BM.KZ — Елімізде жалпы білім беру саласында мәселе жеткілікті. Өткен оқу жылында елде 6,9 мың мектеп жұмыс істеген. Олардың басым бөлігі – 4,6 мыңы екі ауысымда оқытты. Сонымен қатар, 95 мектепте балалар үш ауысымда білім алды, ал бір ауысымда жұмыс істейтін мектептер саны небәрі 2,2 мыңды құрады. Energyprom.kz жазуынша, Қазақстанда балабақшалар саны артқан. 2023/2024 оқу жылында 8,3 мың болса, 2024/2025 оқу жылында 8,7 мыңға жеткен. Дегенмен, балабақшаға орын кезегі әлі ушығып тұр. Мәселен, 2024/2025 оқу жылында 214 мыңнан астам бүлдіршін кезегін күтіп отыр. Бұл алдыңғы жылмен салыстырғанда 16,9%-ға аз. Салыстыру үшін айталық, 2020/2021 оқу жылында кезекте 364 мыңнан…

Толығырақ

Астана. 16 қыркүйек. BM.KZ – Ұйымдастырушылар кештің дресс-кодын Total White деп жариялады. Ол кешке бірлік пен стиль атмосферасын сыйлайды. Концерт 21 қыркүйекте «Астана Арена» стадионында өтпек. Backstreet Boys Қазақстанда алғаш рет өнер көрсетеді, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты. Әлемдік музыканың тарихындағы ең табысты поп-топтардың бірі саналатын Backstreet Boys әлем бойынша 130 миллионнан астам альбом сатқан. Астанадағы концерт топтың әлемдік турнесінің бір бөлігі болмақ. 2025 жылы топ Лас-Вегаста рекорд орнатқан еді: әйгілі The Sphere концерт кешеніндегі шоу осы алаң тарихындағы ең көп сатылған концертке айналды – небәрі бір күнде 500 000-нан астам билет сатылған. Астанада өтетін концертке Германия, Польша, Франция,…

Толығырақ

Алматы. 15 қыркүйек. BM.KZ — «Қайрат» ФК УЕФА Чемпиондар лигасының жалпы кезеңіндегі өз алаңындағы матчтарға билет сату тәртібі мен мерзімдерін жариялады. «Қайрат» – «Реал Мадрид» матчының билеті 23 қыркүйек күні Алматы уақытымен 17:00-де клубтың ресми сайты мен Ticketon платформасында сатылымға шығады. Бір ЖСН бойынша бір адамға екі билеттен артық сатып алуға болмайды. Деректер сатып алу кезінде де, стадионға кіргенде де мұқият тексеріледі. «УЕФА-мен келісілген және барлық ойынға бірыңғай болып белгіленген билеттің бағасы 30 мың теңгеден 250 мың теңгеге дейін болады. Баға саясаты турнир талаптарына және Чемпиондар лигасы матчтарын ұйымдастырудың халықаралық тәжірибесіне сәйкес келеді», – деп жазылған хабарламада. Абонемент иелеріне өз…

Толығырақ

СҚО. 15 қыркүйек. BM.KZ — Қозыбаев университетінің профессоры, тарих ғылымдарының кандидаты Анатолий Плешаков Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданындағы Бәйтерек ауылы маңынан табылған бірегей жәдігер – мамонт жіліншігін көпшілік назарына таныстырды. Бұл олжаны Солтүстік Қазақстан облысының тұрғыны Әсет Шайкин балық аулап жүріп кездейсоқ тауып алған. Кейін әйгілі археолог Анатолий Плешаковқа тапсырып, бірге табылған аумақты зерттеді. Тарихшының айтуынша, ежелгі жануардың қалған бөліктері топырақ қабаттарының астында болуы мүмкін. «Табылған олжаның ұзындығы 1 метрге жуық өте ірі жануарға тиесілі. Оның жасын біз жоғарғы палеолит дәуіріне жатқызамыз. Бұл шамамен 15 мың жыл бұрын. Бұған дейін Солтүстік Қазақстан облысының аумағынан ежелгі жануарлардың қалдықтары табылған. Келесі жылы…

Толығырақ

Алдағы уақытта Көлік, Экология, Қаржы министрліктері толықтай виртуалды болуы мүмкін. Елімізде жасанды интеллект министрлігі құрылатыны туралы жаңалыққа тамсанып жатқанда, Албаниядан тағы бір хабар жетті. Ол жақта ЖИ (жасанды интеллект) министрліктің өзін басқаратын болды. Балқан түбегіндегі жылдам өрбіген осы жайттардан соң біз де өз еліміздің жағдайына бейімдеп көрдік. Байқап қарасақ, мұндай сценарий бізде де алыс емес сияқты. Мұны IT-технологиялар саласының маманы Евгений Недельский де растайды. Оның айтуынша, Қасым-Жомарт Тоқаевтың соңғы «цифрлық» Жолдауына сүйенсек, жағдай дәл осы бағытта дамып келеді, бірақ көптеген нюанс бар. «Шетелдегі қандай да бір жаңалықты оқысам, әрқашан Қазақстандағы жоғары деңгейдегі цифрландыруды еске аламын. Оны шетелдік қонақтар бірнеше рет…

Толығырақ

Астана. 15 қыркүйек. BM.KZ — Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен киберқауіпсіздікті қамтамасыз ету және азаматтарға арналған цифрлық ортаны қорғау мәселелері жөнінде Қауіпсіздік Кеңесінің отырысы өтті. Мемлекет басшысы жуырдағы Жолдауында Қазақстанды толық цифрлық мемлекетке айналдыруды көздейтін міндет жүктегенін айтты. Бұл үшін кешенді шара қабылдау, соның ішінде киберқауіпсіздік саласында да ауқымды жұмыс атқару қажет. Жиын барысында қазіргі заманғы киберқатерлер мен оған қарсы іс-қимыл әдістері, аса маңызды ақпараттық инфрақұрылымды қорғау, киберқауіпсіздік индустриясын дамыту және кадр даярлау жүйесін жетілдіру мәселелері талқыланды. Президент киберқылмыспен, соның ішінде кибералаяқтықпен күрестің маңызына тоқталды. Сонымен қатар, киберқылмыстарды тергеуге қатысатын мемлекеттік органдардың құзыретін арттыру шараларына баса назар аударды. Бұдан бөлек, Қасым-Жомарт Тоқаев…

Толығырақ

Астана. 15 қыркүйек. BM.KZ – Алматының «Қайрат» клубының қақпашысы Темірлан Анарбеков төменгі жақ сүйегін сындырып, алдағы матчтарға қатыса алмайды. Бұл туралы клубтың баспасөз қызметі хабарлады, деп жазады Kazinform. Алдын ала диагноз – төменгі жақ сүйегінің сынуы. Өкінішке қарай, ол жақын арадағы ойындарға қатыса алмайды. Қосымша ақпарат кейінірек белгілі болады, – деді «Қайрат» ФК-ның медиа-офицері Арман Жақсығұлов. Анарбеков жарақатты ел чемпионатының 23-турындағы «Ақтөбеге» қарсы матчта алған. Ойынның 10-шы минутында айып добын орындау сәтінде ол қонақтардың қорғаушысы Уче Агбомен соқтығысып, ойынды жалғастыра алмады. Футболшыны алаңнан зембілмен алып кетті.

Толығырақ

Астана. 15 қыркүйек. BM.KZ — 2025 жылғы 15 қыркүйектен бастап республикалық маңызы бар ақылы автожолдарда төлем ережелері өзгерді. Бұл туралы Көлік министрлігі мәлімдеді.  Қазір елімізде барлығы 27 ақылы жол бар. Оларда жол қозғалысы қауіпсіздігіне әсер ететін және жөндеуді талап етіп тұрған жол бөлігі болса, дәл сол аралық үшін жөндеу жұмыстары толық аяқталғанға дейін төлемақы алынбайды. «Мысалы, егер ақылы жол бөлігінің жалпы ұзындығы 100 шақырымды құраса, оның 5 шақырымы жөндеуді талап етсе, онда жол бойындағы ақаулар жойылғанға дейін жүргізушілер тек 95 шақырым жол үшін ғана ақы төлейді», – деп жазылған министрлік мәлімдемесінде. Жаңа ереже республикалық және халықаралық маңызы бар барлық ақылы…

Толығырақ

Астана. 15 қыркүйек. BM.KZ – Қаза тапқандар мен зардап шеккендер жоқ, деп хабарлайды «Казахстанская правда». Алғашқылардың бірі болып оқиға орнына полиция қызметкерлері жеткен. Белгілі болғаны, жылу торабын орналастырған жер опырылып кеткен. «Семей қаласындағы «103 – 103А» қазандығынан «Нива» дүкенінің жылу пунктіне дейінгі магистральдық желіні қайта құру жобасы бойынша «Alyans XXI» ЖШС мердігер ұйымы жүргізген жөндеу жұмыстары кезінде осы мердігер ұйымға тиесілі SHACMAN маркалы арнайы техника жүргізушісі маневр жасау барысында жылу камерасына соқтығысып, соның салдарынан жол опырылып түсті», – деп түсіндірді Абай облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы. Мердігер ұйым оқиға салдарын жою және жол қозғалысын қалпына келтіру үшін қажетті…

Толығырақ