Автор: erimbetkaz

Астана. 28 қаңтар. BM.KZ – Павлодар қаласында есірткі таратумен айналысқан ер адам ұсталды, деп хабарлайды ІІМ. Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл бөлімінің қызметкерлері ірі көлемде есірткі заттарын таратпақ болған 54 жастағы қала тұрғынын ұстады. Ер адам жеке пайда табу мақсатында тыйым салынған зат салынған орамаларды супермаркеттегі жеке заттарды сақтауға арналған ұяшыққа жасырғанын, оларды байланыссыз тәсілмен сатып алып, бір реттік дозаларға бөліп, Павлодар қаласының аумағында жасырын құпия орындар арқылы сатуды жоспарлағанын мойындады. – Күдіктіні жеке тінту барысында каннабистік тектегі есірткі заты бар екі орама мен үш темекі өнімі анықталды. Сонымен қатар оның тұрғылықты мекенжайын тінту кезінде қосымша есірткі заттары, электронды таразы, орау…

Толығырақ

Астана. 28 қаңтар. BM.KZ – 2025 жылдың қорытындысы бойынша 16 805 этникалық қазақ тарихи отанымен табысып, қандас мәртебесін алды. Жалпы 1991 жылдан бері республикаға 1 млн 164,8 мың этникалық қазақ оралды. Қазақстанға келген қандастардың 44,5%-ы Өзбекстаннан, 44,1% – Қытайдан, 4% – Түрікменстаннан, 3% – Монғолиядан, 2,5% – Ресейден және 1,9% – басқа елдерден. 2026 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша еңбекке қабілетті жастағы этникалық қоныс аударушылар саны 57,4%-ды, еңбекке қабілетті жастан кіші 34%-ды және зейнеткерлер 8,6%-ды құрайды. Еңбекке қабілетті жастағы қандастардың ішінен білім деңгейі бойынша 15%-ы жоғары білімді, 27,5%-ы орта кәсіби білімді, 51,2%-ы жалпы орта білімді, және 6,3%-ы білімі жоқ. Қоныс аударған этникалық қазақтар республиканың түрлі…

Толығырақ

Астана. 28 қаңтар. BM.KZ – «ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясы елдегі жолдардың қазіргі ахуалы туралы хабарлады. 2026 жылғы 28 қаңтар сағат 08:00-дегі жағдай бойынша ауа райының нашарлауына байланысты республикалық маңызы бар автожолдардың келесі учаскелерінде барлық көлік түрі үшін қозғалыс шектелді: Қызылорда облысы • «РФ шекарасы – Мәртөк – Ақтөбе – Қарабұтақ – Қызылорда – Шымкент – Тараз – Қордай – Алматы – Қорғас – ҚХР шекарасы» автожолының 1486-1806- шақырым аралығы (Мирас нысандық қызметі – Қызылорда қаласы). Маңғыстау облысы • «Доссор – Құлсары – Бейнеу – Сай-Өтес – Шетпе – Жетібай – Ақтау» республикалық маңызы бар автожолының 338–718-шақырым аралығы (Бейнеу ауылы – Жетібай…

Толығырақ

Астана. 28 қаңтар. BM.KZ – Қазақстанның бірінші, әлемнің 5-ракеткасы Аустралия ашық чемпионатының жартылай финалына шықты, деп хабарлайды Kazinform. Қазақстандық теннисші ширек финалда әлемнің 2-ракеткасы, Польша өкілі Ига Швентекке тап келді. Азулы қарсыластар осыған дейін өзара 11 рет кездесіп, соның алтауында Швентек жеңген еді. Бұл жолы теннисшілер ойынды брейк алмасумен бастады. Дегенмен есеп 6:5 болған мезетте Рыбакина брейк жасай білді – 7:5. Екінші сетте Елена бірден алға кетті – 2:0. Содан кейін бет қаратпай, матчты эйспен түйіндеді – 6:1. Бір сағат 35 минутқа созылған бәсекеде Рыбакина 11 эйспен бірге 7 брейк-пойнттың төртеуін өз есебіне жазды. Швентек 3 эйс, 1 брейкпен (4…

Толығырақ

Астана. 28 қаңтар. BM.KZ – 27 қаңтар күні Жамбыл облысында мерзімді әскери қызметтегі сарбаз қаруды ұстап жүрген кезде жарақат алып, көз жұмды, деп хабарлайды ҚР Бас прокуратурасының баспасөз қызметі. Осы оқиғаға байланысты Ішкі істер министрлігінің әскери-тергеу органдары сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады. — Жедел-тергеу тобы құрылып, тергеу барысы Бас Прокурордың жеке бақылауында. Оқиғаның алдындағы мән-жайларды объективті және жан-жақты (комиссиялық) анықтау мақсатында Қорғаныс министрінің орынбасары, Бас әскери прокурор және ІІМ Әскери-тергеу департаментінің бастығы оқиға орнына шықты.  Сонымен қатар, бұл топтың алдына еліміздің тиісті әскери бөлімдерінде әскери тәртіптің сақталуы мен жеке құрамның қауіпсіздік талаптарының сақталуына жан-жақты тексеруді ұйымдастыру тапсырылды, — делінген хабарламада. Бұған дейін 25…

Толығырақ

Астана. 27 қаңтар. BM.KZ – ҚР Қаржы министрлігі Ішкі мемлекеттік аудит комитеті профилактикалық бақылау барысында Алматы халықаралық әуежайының қаржылық қызметінде кемшіліктерді анықтады. Ведомствоның мәліметінше, жүргізілген тексеру кезінде акционер болып есептелмейтін заңды тұлғаға 6,8 млрд теңге сомасына дивидендтердің заңсыз төленгені әшкереленді. — Бұл стратегиялық нысанның активтері мен даму мүмкіндіктерін төмендетіп, оның қаржылық тұрақтылығына әсер етті. Тексеру нәтижелері бойынша тиісті қаражат әуежайдың шотына толығымен қайтарылды. Аталған ақша Алматы халықаралық әуежайын дамытып, жолаушыларға қызмет көрсету сапасы мен басқа да сервистерді жақсартуға бағытталады, — делінген хабарламада. ҚР ҚМ Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің төрағасы Ержан Мыңжасаровтың айтуынша, 2025 жылы енгізілген тың тәсілдердің арқасында бақылау органы жаппай тексерудің орнына…

Толығырақ

Астана. 27 қаңтар. BM.KZ – Асқарбек Ертаев Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі болып тағайындалды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады. — Мемлекет басшысының Жарлығымен Асқарбек Маратұлы Ертаев Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі болып тағайындалды, — делінген хабарламада.

Толығырақ

Астана. 27 қаңтар. BM.KZ – Иран аумағы үстіндегі ұшу қауіпсіздігіне төнетін қатерлердің күшеюіне байланысты Қазақстанның авиациялық әкімшілігі (ҚАӘ) қазақстандық әуе компанияларына Иранның әуе кеңістігі арқылы, оның ішінде үстімен және оған іргелес аймақтарда ұшуларды ерекше өкімге дейін орындауға тыйым салды. — Иран аумағы үстіндегі ұшу қауіпсіздігіне төнетін қатерлердің күшеюіне байланысты Азаматтық авиация комитеті, ҚАӘ қазақстандық әуе компанияларына Иранның әуе кеңістігі арқылы, оның ішінде үстімен және оған іргелес аймақтарда ұшуларды ерекше өкімге дейін орындауға тыйым салды. Барлық рейстер қауіпті аймақты айналып өту арқылы жүзеге асырылып жатыр, — делінген хабарламада. Сонымен қатар ведомство мәліметінше, жағдай ҚАӘ-нің тұрақты бақылауында, қатер деңгейінің өзгеруіне қарай қосымша…

Толығырақ

Астана. 27 қаңтар. BM.KZ – Светлана Жақыпова Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі лауазымынан кетті. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады. – Мемлекет басшысының Жарлығымен Светлана Қабыкенқызы Жақыпова Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі лауазымынан босатылды, — делінген хабарламада.

Толығырақ

Астана. 27 қаңтар. BM.KZ – 2026 жылдың қаңтарында қазақстандықтар әлеуметтік желілерде бағаның күрт қымбаттағанын айтып, жаппай шағымдануда. Олар азық-түлік, коммуналдық төлемдер, байланыс пен күнделікті қызметтердің бәрі дерлік қымбаттап кеткенін жазады. Кейбір адамдар бұрын үнемі алып жүрген тауарлар мен төлеп жүрген қызметтердің бағасы екі есеге жуық өскенін айтуда. Осы тұста Bloomberg Қазақстанның Ұлттық банкі инфляция баяуласа да, базалық мөлшерлемені рекордтық жоғары деңгейде ұстап отырғанын жазады. Инфляция төмендеп жатса, неге күнделікті өмір қымбаттап барады — осы сұраққа BM.KZ тілшісі жауап іздеп көрді. Адамдар не байқады: чектер мен түбіртектердегі қымбатшылық Қаңтар айында әлеуметтік желілерде ұқсас жазбалар көбейді. Қазақстандықтар дүкеннен алған чектерін, коммуналдық төлем…

Толығырақ