Астана. 27 қаңтар. BM.KZ – Премьер-министр Олжас Бектенов Үкімет отырысында «Kazakh Tourism» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамының басқарма төрағасы лауазымына Талғат Ғазизовке өз лауазымына лайық екенін дәлелдеу үшін нәтиже көрсету керегін айтты. — Талғат Жанатұлы, сіз осы қызметке жаңадан келіп отырсыз. Бірақ соған қарамастан өзіңізден нақты нәтиже күтеміз. Нәтиже болса, әрі қарай жұмыс істей бересіз. Нәтиже болмаса, қоштасамыз, Келістік пе, — деді Олжас Бектенов.
Автор: erimbetkaz
Астана. 27 қаңтар. BM.KZ – Қарашығанақ кен орнын игеріп жатқан ірі мұнай компаниялары халықаралық арбитражда жеңіліп, Қазақстанға 4 млрд долларға дейін өтемақы төлеуі мүмкін. Бұл туралы істің барысынан хабардар дереккөздерге сілтеме жасаған Bloomberg агенттігі жазды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz. Өтемақының нақты көлемі әзірге анықталған жоқ. Агенттік дереккөздерінің айтуынша, жоба серіктестері — Eni SpA мен Shell Plc бастаған консорциум шешімге шағым түсіруге әлі де әрекет етуі мүмкін. Арбитраж процесі жабық форматта өткен. Бұл іс Қазақстан үшін ішінара жеңіс саналады. Үкімет кен орны операторларынан 6 млрд доллардан астам қаржы талап еткен еді. Арбитраж трибуналы Қазақстан билігінің ұстанымымен келісіп, компаниялар мемлекет есебінен келісілмеген және өнімді…
Астана. 27 қаңтар. BM.KZ – Үкіметте Премьер-министрдің орынбасары – Ұлттық экономика министрі Серік Жұманғариннің төрағалығымен көктемгі егіс жұмыстарын даярлау және өткізу жөніндегі жедел штабтың отырысы өтті. Ауыл шаруашылығы вице-министрі Азат Сұлтановтың хабарлауынша, 2026 жылы өңірлер әлеуметтік маңызы бар көкөністердің, ең алдымен картоп пен сәбіздің егіс алқаптарын ұлғайтуы қажет. Оның айтуынша, өткен жылы картоп егісін арттыру бойынша мақсатты жұмыс жүргізіліп, ұйымдасқан шаруашылықтардағы егіс көлемі 12,5 мың гектарға ұлғайған. — Өнім көлемі нарықтағы баға тұрақтылығына тікелей әсер етеді. Осыған байланысты өңірлер түпкілікті егіс құрылымын бекіту кезінде сәбіз егісін ұлғайту міндетін ескеруі қажет, — деп атап өтті вице-министр. Сондай-ақ болжамды егіс құрылымында қарақұмық…
Астана. 27 қаңтар. BM.KZ – Орал қаласында жоғалып кеткен 16 жастағы жасөспірім қызға іздеу жарияланды, деп хабарлайды Kazinform. Айлуна Бут отбасылық үлгідегі балалар ауылынан 21 қаңтар күні шамамен сағат 15.30-да белгісіз бағытта шығып кеткеннен оралмаған. Lider.kz іздестіру қозғалысының еріктілері таратқан мәліметке қарағанда, Айлунаның бойы 160-165 см, шымыр денелі, көзі қара, қара шашы иығына түскен. Үстіне капюшоны бар қара күрте, сондай түстегі футболка мен трико, аяғына ақ кроссовка киген. Жасөспірім қызды көрген жандар болса, 8-777-184-04-90, 8-705-796-68-68 немесе 102 нөміріне хабарласуы сұралады. БҚО полиция департаменті қазіргі кезде жасөспірімнің іздестіріліп жатқанын растады. — Бұдан бұрын ол отбасылық үлгідегі облыстық балалар ауылынан өздігінен бірнеше…
Астана. 27 қаңтар. BM.KZ – Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиёев Ташкент қаласында World Boxing халықаралық федерациясының президенті Геннадий Головкинді қабылдады. Бұл туралы Ұлттық олимпиадалық комитеті хабарлайды. Ресми кездесу барысында тараптар олимпиадалық боксты дамыту, халықаралық ынтымақтастықты нығайту және әріптестік аясын кеңейту мәселелерін талқылады. Геннадий Головкин Өзбекстанның әлемдік бокстағы стратегиялық маңызына ерекше тоқталып, елдің Азия аймағында боксты дамытуға белсенді үлес қосып келе жатқанын, сондай-ақ әлемдік және құрлықтық деңгейдегі жарыстарды ұйымдастырудағы тәжірибесін атап өтті. Кездесу кезінде тараптар ортақ жобаларды іске асырудың негізгі бағыттарын, спорт нысандарын дамыту мәселесін және құрлық көлемінде олимпиадалық қозғалыс аясындағы өзара ынтымақтастықты жүйелеу жолдарын талқылады. World Boxing федерациясының басшысы жылы қабылдау үшін…
Астана. 27 қаңтар. BM.KZ – Семей қаласында екі автокөлікті өртеген күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, оқиға 25 қаңтарда сағат 18:10–да болған. Бұрын сотталған 66 жастағы жергілікті тұрғын мас күйде учаскелік полиция пунктінің маңындағы «Chevrolet Cobalt» және «Changan» маркалы екі автокөлікті өртеп жіберді. Бұл көліктер полиция қызметкерлеріне тиесілі болған. — Жедел-іздестіру шараларын жүргізген тәртіп сақшылары күдіктіні қолға түсірді. Ер адам уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды. Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр, — деп хабарлады ведомство өкілдері. Ол учаскелік полиция пунктіне жеткізіліп, заңда белгіленген тәртіппен қоғамдық орында алкогольдік мас күйде жүргені үшін…
Астана. 27 қаңтар. BM.KZ – Үндістанның IndiGo әуе компаниясы бірнеше халықаралық рейсті, соның ішінде Алматыға ұшатын бағыттарды уақытша тоқтатты. Әуе компаниясы бұл шешімді Иранға жақын өңірдегі әуе кеңістігіне қатысты қауіпсіздік жағдайын ескере отырып қабылдаған. Әуе тасымалдаушы аймақтағы жағдайдың дамуын жіті бақылап отырғанын және қауіпсіздік ең басты басымдық екенін мәлімдеді. 26, 27 және 28 қаңтарға Делиден Алматыға, Тбилисиге, Ташкентке және Бакуге жоспарланған рейстер тоқтатылды. Сондай-ақ аталған қалалардан кері рейстер де орындалмайды. IndiGo өкілдерінің хабарлауынша, қазіргі жағдайға байланысты кейбір рейстердің ұшу уақыты ұзаруы немесе қосымша тоқтатылуы мүмкін. Жолаушыларға балама рейстерді таңдау немесе билет құнын толық қайтару мүмкіндігі ұсынылған. Компания жолаушыларға рейс мәртебесін…
Астана. 26 қаңтар. BM.KZ — Президент Бас прокуратурада жиын өткізді. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады. Мемлекет басшысы азаматтарға деструктивті контентті таратудың құқықтық салдары жөнінде үнемі түсіндіру жұмыстарын жүргізген жөн екенін айтты. — Технологияның қарқынды дамуы ақпараттық кеңістіктің түбегейлі трансформациясына жол ашады. Қоғамды жікке бөліп, азаматтарды бір-біріне қарсы қоятын деструктивті ақпарат таратуға бейіл адамдар да бар. Мұның бәрі өшпенділікке бастайтын ешкімге қажетсіз, тіпті қауіпті пікірталасқа жалғасады. Жасанды интеллектіні осындай адамдар ақпараттық қаруға айналдырып, заңға қайшы келетін контенттерді көптеп тарата бастайды. Бұған жол беруге болмайды. Ондай әрекеттерге құқықтық баға беріп, жауапкершілікке тарту қажет. Азаматтарға деструктивті контентті таратудың құқықтық салдары жөнінде үнемі түсіндіру жұмыстарын…
Астана. 26 қаңтар. BM.KZ – Қазақстанда Нипах вирусын жұқтыру, сондай-ақ оны ел аумағына әкелу жағдайлары тіркелген жоқ. Қазіргі уақытта еліміздегі эпидемиологиялық жағдай тұрақты және толық бақылауда. Профилактика мақсатында және Үндістандағы Нипах вирусына байланысты эпидемиологиялық ахуалға орай ҚР Денсаулық сақтау министрлігі мемлекеттік шекара арқылы барлық өткізу пунктерінде санитариялық-карантиндік бақылауды күшейтті. Ведомство мәліметінше, Үндістаннан, сондай-ақ ауру тіркелген Оңтүстік-Шығыс Азияның өзге де елдерінен келген адамдарға ерекше назар аударылады. Осы инфекция бойынша қолайсыз елдердің тізбесі тұрақты түрде қайта қаралып, жаңартылып отырады. — Медициналық ұйымдар инфекцияның ел аумағына әкелінуі мүмкін деген қауіпке байланысты дайындыққа келтірілді. Шұғыл медициналық көмек пен инфекциялық стационарлар бригадаларының дайындығы қамтамасыз етілді, дәрілік…
Астана. 26 қаңтар. BM.KZ – Алматыда алғаш рет жүкті әйелге жүрекке рентген сәулесін қолданбай эндоваскулярлық ота жасалды. Бірегей отаны Қалалық кардиология орталығының дәрігерлері Астанадағы UMC жүрек орталығының мамандарымен бірлесіп өткізді. Денсаулық сақтау министрлігінің хабарлауынша, жүктіліктің 23-аптасында жүрген әйелге жасалған. Дәрігерлер туа біткен жүрек ақауын эхокардиографияның көмегімен, рентгенсіз және жергілікті жансыздандырумен емдеді. Бұл ана мен ұрыққа рентген сәулесінің әсерін толықтай болдырмады. Науқас тұңғыш сәбиін күтіп жүрген және тіркелген емханасында кардиологтың тұрақты бақылауында болған. Алайда жүктілік мерзімі ұлғайған сайын жүрек-қан тамырларына түсетін жүктеменің артуына байланысты жағдайы нашарлап, ота қажет болған. Операциялық бригаданың құрамында UMC жүрек орталығының интервенциялық кардиологы Ерік Отарбаев, сондай-ақ Қалалық…