Астана. 26 қаңтар. BM.KZ – Қала тұрғындарының шағымдары бойынша экологтар зертханалық тексерулер жүргізді. Атырауда 25 қаңтар күні ауадағы күкіртсутектің концентрациясы рұқсат етілген нормадан бірнеше есе асып кеткен, деп хабарлайды РСК. Табиғи ресурстар басқармасының дерегінше, «Қазгидромет» филиалының мамандары тұрғындардың шағымдарына байланысты үш жерде ауа сынамасын алған. Жүргізілген зертханалық талдау атмосфералық ауада күкіртсутектің шекті рұқсат етілген концентрациядан асқанын көрсетті: • Кеңөзек ауылдық округіне қарасты Тасқала ауылында — 17,5 есе; • Тасқала ауылына іргелес аумақта — 15,0 есе; • Химиктер ауылында — 36,3 есе. – Сынама алу кезіндегі метеорологиялық жағдай: желдің бағыты — солтүстік-солтүстік-шығыс, ауа температурасы — –9 °C, ауаның салыстырмалы ылғалдылығы —…
Автор: erimbetkaz
Астана. 26 қаңтар. /Темірлан Құспаев/ BM.KZ – Өткен жылы Қазақстанның құтқару қызметі түрлі жағдайға тап болған 404 жануарды аман алып қалды. BM.KZ-тің ресми сұранысына жауап берген ведомство өкілдерінің мәліметінше, 2025 жылы құтқарылған жануарлардың қатарында жабайы қабан, шошқа, жылан, тауық, киік, көгершін, қой, сиыр, иттер мен мысықтар, қарға, жанат, түлкі, жарқанат, түйе, жылқы, үйрек, аққу және бұғылар бар. Ең қиын құтқару жұмыстарының бірі – мұзға батып кеткен жылқыны құтқару болды. 26 ақпанда Ақтөбе қаласының тұрғындары кешкі серуен кезінде Ілек өзенінің бойынан мұзға батып кеткен жылқыны байқайды. Жануардың тек басы ғана мұздың үстінде көрініп тұрған. Куәгерлер бірден 112 нөміріне хабарласып, құтқарушыларды шақырған.…
Астана. 26 қаңтар. BM.KZ – Ұлттық қауіпсіздік комитеті Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл қызметі фармацевтика саласындағы қылмыстық схемаларды ұйымдастырушыларды анықтау бойынша жұмысты жалғастырып жатыр. Комитеттің мәліметінше, медициналық бұйымдарды отандық өндіруді жалған көрсетуге негізделген ауқымды схема әшкереленіп, жолы кесілді. «OrdaMed» АҚ басшылығы Қазақстан аумағында өз өндірісінің бар екені туралы жалған құжаттарды пайдаланып, халықтың әл-ауқаты мен денсаулығын қамтамасыз ету үшін аса қажет 28 атаудағы медициналық жабдықты мемлекеттік емдеу мекемелеріне жеңілдетілген шарттармен жеткізу бойынша заңсыз преференциялар алған. Алайда іс жүзінде дайын медициналық жабдық шетелден жеткізілгені анықталды. Нәтижесінде мемлекетке 4,5 млрд теңге көлемінде залал келтірілген. — Тінту шаралары барысында «OrdaMed» АҚ басшылығынан құны 1 млрд…
Астана. 26 қаңтар. BM.KZ – «Ақтөбе» футбол клубы Луиш Наниді ресми түрде таныстырды. Қос тарап бір жылға жарамды келісімшартқа қол қойды. Оның бір айлық жалақысы шамамен 70 мың долларды құрайды. Ағылшын Премьер-лигасының 4 дүркін чемпионы, Еуропа чемпионы және Чемпиондар лигасының жеңімпазы португалиялық аңыз футболшы енді Қазақстан Премьер лигасында доп тебеді.
Астана. 26 қаңтар. BM.KZ – Әлеуметтік желілерде, әсіресе Threads-те «жар іздеймін», «танысқым келеді» деген жарияланымдарды жиі кездестіруге болады. Мұндай жазбалардың артында қарапайым желі қолданушыларынан бөлек алаяқтар да болуы мүмкін, деп хабарлайды Polisia.kz. Алаяқтар көбіне өздерін тартымды жігіт немесе қыз ретінде таныстырып, хат алмасуды белсенді түрде жүргізіп, адамға ерекше көңіл бөліп, қысқа уақыт ішінде сенімге кіреді. Уақыт өте келе әңгіме қаржылай көмек сұрауға ұласуы мүмкін. Алаяқтық схема әдетте былай өрбиді: белсенді қарым-қатынас орнату және эмоциялық тәуелділік қалыптастыру; өмірдегі қиын жағдайлар, ауру, шұғыл шығындар немесе тиімді инвестициялар туралы әңгімелер; қша аударуды, оның ішінде қаражатты шетелдік криптоәмияндарға аударуды немесе үшінші тұлғалар арқылы жіберуді…
Астана. 26 қаңтар. BM.KZ – Comex биржасында бағалы металл — алтынның құны ең жоғары деңгейін жаңартуды жалғастырып жатыр, деп хабарлайды Report. Сауда платформаларының мәліметінше, Нью-Йорк тауар биржасының (Comex) алаңында 2026 жылдың ақпан айында жеткізілетін алтын фьючерстерінің бағасы рекордтық деңгейге жетіп, бір троя унциясы үшін 5 000 долларды құрады. Қазіргі уақытта алтынның бағасы бір троя унциясы үшін 5 007,5 доллар болып отыр, бұл алдыңғы көрсеткіштен 0,49 пайызға жоғары. Баку уақытымен таңғы 03:14-те алтын бағасы өсіп, бір троя унциясы үшін 5 020,7 долларға жетті. Бұл өсім 0,75 пайызды құрады.
Астана. 26 қаңтар. BM.KZ – Бокстан Олимпиада чемпионы Серік Сәпиев өткен аптада орынбасары Дәурен Есімханов екеуінің арасындағы кикілжіңге қатысты мәлімдеме жасады. Сәпиевтің сөзінше, болған оқиға жеке немесе тұрмыстық жанжал емес. — Аймақта жасырын ықпалы бар кейбір адамдар тарапынан қарсылыққа тап болдым. Облыстық спорт ұйымдарының басшыларын заңсыз ротациялауға әрекет жасалып, оған менің орынбасарым да қатысқан. Мен бұл заңсыз әрекеттерді тоқтаттым, соның салдары осы жағдайға әкелді. Ашық мәлімдеймін: Мемлекет басшысы айтқандай, қазақстандық спорттағы жүйелі реформаларды жүзеге асыру жолындағы мұндай арандатушылықтар біздің шешімімізді шайқалтпайды, – дейді Серік Сәпиев. Айта кетейік, Қарағанды облысының дене шынықтыру және спорт басқармасында Мемлекеттік қызмет істері агенттігі департаменті тарапынан тексеру жүргізіледі. Сонымен…
Астана. 26 қаңтар. BM.KZ – Ыстамбұлдың Шишли ауданында адам шошырлық оқиға болды. Дуатепе ықшам ауданында кешкі уақытта қоқыс жәшігінен әйел адамның мәйіті табылды. Бұл туралы Sabah басылымы хабарлады. Оқиға кеше шамамен сағат 19:40-та болған. Қоқыс пен қағаз жинап жүрген О.Ч. есімді азамат Kuyulubağ көшесіндегі №25 үйдің алдында тұрған қоқыс контейнерін тексеру кезінде ақ жайма мен пакетке оралған мәйітті байқап қалған. Мәйітті көрген азамат бірден полиция бөліміне барып хабар берген. Полиция қызметкерлері оқиға орнына келіп, алғашқы тексеру жүргізді. Тексеру барысында мәйіттің басы кесілгені және оның әйел адамға тиесілі екені анықталды. Марқұмнан алынған саусақ іздері арқылы оның жеке басы белгілі болды. Ол —…
Астана. 26 қаңтар. BM.KZ – Ақтөбе — Орынбор тасжолында үш көлік соқтығысты. Оқиға орнында үш жолаушы мен жүргізуші көз жұмды. Оқиға Ақтөбе — Орынбор бағытындағы тасжолдың Қурайлы тұрғын алабы маңында болды. Үш көлік соқтығысты. — Ақтөбе қаласынан Мәртөк ауылына қарай бағыт алған «Honda Odyssey» автокөлігінің жүргізушісі қарсы жолаққа шыққан. Сол кезде «Hyundai Solaris» автокөлігімен соқтығысты. Соққыдан «Honda Odyssey» бағытын өзгертіп, қарсы бағытта келе жатқан ВАЗ-2110 автокөлігімен соқтығысқан. Жол-көлік оқиғасы салдарынан ВАЗ-2110 автокөлігінің жүргізушісі мен үш жолаушысы оқиға орнында қаза тапты. Сонымен бірге «Honda Odyssey» және ВАЗ-2110 автокөліктерінің екі жолаушысы зардап шекті. Оларға медициналық көмек көрсетіліп жатыр. Ал «Honda Odyssey» автокөлігінің…
Астана. 25 қаңтар. BM.KZ – Өскемен гарнизонының бір әскери бөлімінде мерзімді әскери қызметтегі сарбаз қарауылдық қызмет атқару кезінде өз қаруынан оқ атқан. Ол алған жарақаттан көз жұмды. Қазақстан Республикасының Құрлық әскерлері баспасөз қызметінің мәліметінше, оқиға 23 қаңтарда болған. – Өскемен гарнизонының бір әскери бөлімінде қарауылдық қызмет кезінде мерзімді әскери қызметтегі сарбаз бекітілген қарудан өзін-өзі атып, алған жарақатынан қаза тапты, — делінген ресми хабарламада. Қаза тапқан сарбаз 2025 жылғы сәуір айында мерзімді әскери қызметке шақырылған. Оқиға бойынша Шығыс өңірлік әскери-тергеу басқармасы қылмыстық іс қозғады. Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу Өскемен гарнизонының Әскери прокуратурасының бақылауымен жүргізіліп жатыр. Тергеу мүддесіне байланысты оқиғаның толық…