Автор: erimbetkaz

Астана. 8 қаңтар. BM.KZ — АҚШ президенті Дональд Трамп 66 халықаралық ұйымдағы мүшелігін тоқтату туралы меморандумға қол қойды. Бұл туралы Deutsche Welle жазады. Материалда аталған ұйымдардың 31-і БҰҰ аясында, ал қалғаны оның сыртында жұмыс істейтіні жазылған. АҚШ шығатын халықаралық ұйымдардың тізімі Ақ үйдің сайтында қолжетімді. Олардың қатарында Украина ғылыми-технологиялық орталығы (УНТЦ), Венеция комиссиясы, БҰҰ Бас хатшысының балаларға қатысты зорлық-зомбылық мәселелері жөніндегі арнайы өкілінің кеңсесі, БҰҰ Демократия қоры және басқалары бар. АҚШ Мемлекеттік хатшысы Марко Рубионың сөзінше, Дональд Трамп әкімшілігі бұл ұйымдарды «ысырапшыл, тиімсіз, зиянды», «нашар басқарылатын», «артық» немесе «мемлекеттік егемендік, бостандық пен ортақ өркендеуге қауіп төндіретін» құрылымдар деп таниды.

Толығырақ

Астана. 8 қаңтар. BM.KZ — Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша Денсаулық сақтау министрлігі пациентке бағдарланған, медициналық көмектің қолжетімділігі мен сапасын арттыруға бағытталған саланы жаңғырту және дамыту жөніндегі іс-шаралар кешенін жүзеге асырып жатыр. Бұл туралы Денсаулық сақтау бірінші вице-министрі Тимур Сұлтанғазиев мәлімдеді, деп хабарлады Үкіметтің баспасөз қызметі. Оның айтуынша, Президент тарапынан дәйекті қолдаудың арқасында денсаулық сақтау саласына жұмсалатын мемлекеттік шығындар соңғы жылдары үш есеге жуық өсіп, 2025 жылы 3 трлн теңгеге жеткен. Бұл медициналық көмектің көлемін едәуір кеңейтуге, инфрақұрылымды ауқымды түрде жаңғыртуға және медициналық ұйымдардың материалдық-техникалық базасын жаңартуға мүмкіндік берді. Мәселен, республикалық маңызы бар негізгі нысандар пайдалануға берілді. Олар – Ұлттық онкология орталығы,…

Толығырақ

Астана. 8 қаңтар. BM.KZ — «ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясы елдегі жолдардың қазіргі ахуалы туралы хабарлады. Ұлттық компанияның мәліметінше, 2025 жылғы 8 қаңтар сағат 08:00-дегі жағдай бойынша Шығыс Қазақстан облысында республикалық маңызы бар «Өскемен – Риддер – РФ шекарасы» автожолының 15-105-шақырым аралығында (Белоусовка кенті – Риддер қаласы учаскесі) автокөліктің барлық түрі үшін қозғалыс ашылды. Сондай-ақ Ақмола облысында республикалық маңызы бар «KAZ02 Астана – Көкшетау (айналма жол) – Петропавл – РФ шекарасы (Жаңа Жол өткізу бекеті)» автожолының 18-232-шақырым аралығында барлық көлік түрі үшін жылдамдық шектеуі 90 шақ/сағ-тан 110 шақ/сағ-қа өзгертілді. Жабық жолдар Шығыс Қазақстан облысында тіркемесі бар және жартылай тіркемелі жүк көліктерінің қозғалысы…

Толығырақ

Астана. 8 қаңтар. BM.KZ — АҚШ Венесуэламен байланысты Marinera мұнай танкерін басып алды. Ол Атлант мұхиты арқылы ұзақ қудалаудан кейін атауын өзгертіп, Ресей туын көтерген. Ресей АҚШ-тың бұл әрекетін теңіз нормаларын бұзу деп айыптады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz. Бұрын Bella 1 деп аталған танкер америкалық соттың ордерімен ұсталған. Басып алу АҚШ президентінің америкалық санкцияға іліккен кемелерге қарсы қабылдаған шараларының бір бөлігі ретінде жүзеге асырылды. – Басып алу АҚШ президентінің америкалық санкцияға ұшыраған, Батыс жартышардың қауіпсіздігі мен тұрақтылығына қатер төндіретін кемелерге қарсы бағытталған өкімі аясында жүргізілді, – деп хабарлады АҚШ Қорғаныс министрлігі. Сондай-ақ Оңтүстік қолбасшылық Кариб теңізінде санкцияға іліккен тағы бір танкердің…

Толығырақ

Астана. 8 қаңтар. BM.KZ — 8 қаңтарға қараған түні Алматыдағы Солтүстік айналма тас жолындағы қойма өртеніп кетті. Оны сөндіруге ондаған адам жұмылдырылды. Бұл туралы Төтенше жағдайлар министрлігі хабарлайды. Министрлік мәліметінше, бірінші өрт сөндіру жасақтары келген бойда қойманың жанып жатқанын анықтаған. «Оқиға орнында құтқарушылар жоғары дәрежеде жұмыс істеді. Өрт сөндіру оқпандары берілді, автоцистерналар өрт сөндіру гидранттарына қосылды. Зардап шеккендер туралы ақпарат 112 желісіне түскен жоқ. Оқиға орнында өрт сөндіру штабы құрылды, өртті сөндіруге 85 адам жеке құрам мен 22 бірлік техника мен ТЖМ автопоезы жұмылдырылды. 3 жауынгерлік учаске ұйымдастырылды», — делінген ТЖМ хабарламасында. Өртті сөндіру ғимарат құрылысының ерекшелігіне және жоғары өрт…

Толығырақ

Астана. 8 қаңтар. BM.KZ — Марқұмдардың денесі табылғаннан кейін тергеу басты назарды олардың күйеу баласына аударды. Отбасының тағы екі мүшесін іздеу жалғасуда. Бұл іске қатысты ресми органдар әзірге ешқандай түсініктеме берген жоқ, деп хабарлайды АқЖайық. Атырау облысында Жангелдин ауылындағы ерлі-зайыптының өлімі және отбасының тағы екі мүшесінің жоғалып кетуі бойынша тергеу жалғасуда. Мирамгүл мен Наурызды іздеу әлі жүріп жатыр. Марқұмдардың денесі табылғаннан кейін олардың мүмкіндігі шектеулі балалары да қаза тапқан болуы ықтимал деген болжам күшейді. „Ақ Жайық“ бұл істің соңғы деректерін жинақтаған еді. Тергеу болжамына сәйкес, күдікті ерлі-зайыптыны өлтіріп, қылмыстың ізін жасырмақ болған. Марқұмдардың денесі қорадан табылды. Дереккөздердің айтуынша, ол жерде шамамен бір…

Толығырақ

Астана. 8 қаңтар. BM.KZ — 2026 жылғы 3 қаңтардан бастап Қазақстанда SIM-карталарды сатып алу және пайдалану тәртібі өзгерді, деп хабарлайды Ulysmedia. Қазақстанда енді SIM-картаны тек биометриялық сәйкестендіруден өткеннен кейін ғана қолдануға болады. SIM-картаны бұрынғыдай дүкендерден немесе сату нүктелерінен сатып алу мүмкіндігі сақталғанымен, оның жұмыс істеуі үшін міндетті түрде биометриялық тіркеуден өту талап етіледі. Егер азамат карта сатып алған соң оны өз бетінше белсендіруді қаласа, телефонға SIM салынған кезде SMS-хабарлама келеді. Одан кейін байланыс операторының мобильді қосымшасын жүктеп, биометриялық сәйкестендіруден өтіп, тарифтік жоспарды таңдауға болады. Ал интернетке қосылуы жоқ немесе батырмалы телефон пайдаланатын азаматтар биометриядан өту үшін байланыс операторларының абоненттік бөлімдеріне…

Толығырақ

Астана. 7 қаңтар. BM.KZ — Ауыл шаруашылығы министрлігі ірі қара мал етін шығаруға қатысты жаңа шектеулерді қолдану тәртібін түсіндірді. 2025 жылғы 31 желтоқсаннан бастап ІҚМ етін Қазақстан аумағынан үшінші елдерге және ЕАЭО мемлекеттеріне әкетуге арналған квоталарды бөлу қағидалары қолданысқа енгізілді. Бұл норма 2026 жылғы 30 маусымға дейін қолданылады. Ірі қара мал етін экспорттауға арналған квотаның жалпы көлемі 20 000 тонна деңгейінде белгіленді. Квота меншікті бордақылау алаңындағы мал басын пайдаланатын ет өңдеуші кәсіпорындардың ірі қара мал етіне бөлінеді. Бір тұлғаға берілетін квота мөлшері бордақылау алаңының қуатына байланысты. Атап айтқанда: бордақылау алаңының қуаты 5 000 бастан жоғары болғанда — 1 000 тонна;…

Толығырақ

Астана. 7 қаңтар. BM.KZ — Қазақстанда денсаулығына байланысты 1 787 адамның жүргізуші куәлігінің күші жойылды. Денсаулық сақтау министрлігі Ішкі істер министрлігімен бірлесіп, медициналық қарсы көрсетілімдері бар адамдардың көлік құралдарын басқаруына жол бермеу және олардың қолжетімділігін шектеу бағытында жүйелі жұмысты бастады. Бұл шара жол қозғалысына қатысушылардың барлығының қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, азаматтардың өмірі мен денсаулығын сақтауға бағытталған. Денсаулық сақтау министрлігі таратқан ақпаратқа қарағанда, диспансерлік есепте тұрған азаматтардың жүргізуші куәлігінің күші жойылған. Арнайы тексеріс кезінде диспансерлік есепте тұрған 54 мыңнан астам адамның жүргізугі куәлігі бары анықталған. «Диспансерлік есепте тұрған пациенттердің электрондық тіркелімі» ақпараттық жүйесіне қосылуының нәтижесінде диспансерлік есепте тұрған 369 888 адамға талдау…

Толығырақ

Астана. 7 қаңтар. BM.KZ — Кеше, 6 қаңтарда Шымкент ауруханаларының бірінде мерзімді әскери қызметтегі сарбаз көз жұмды, деп хабарлайды Ұлттық ұлан баспасөз қызметі. Ұлттық ұланның баспасөз қызметінің мәліметінше, мерзімді қызметке Жамбыл облысының қорғаныс істері жөніндегі Департаментінен шақыртылған (Тараз қаласы) әскери қызметші әскерге келген алғашқы күндерінен бастап бірнеше рет медициналық қызметкерлерге жүгінген. Сонымен бірге ол есепте тұрғаны хабарланды. «Есепте тұрған және Шымкент қаласының медициналық мекемелерінде тексеруден өткен. 2026 жылы 6 қаңтарда мерзімді қызметтегі әскери қызметшінің жүрегі кенеттен тоқтады. Жүргізілген реанимациялық іс-шараларға қарамастан, ол қалалық ауруханада көз жұмды», — делінген Ұлттық ұлан хабарламасында. Ведомствоның мәліметінше, алдын ала диагноз — «жедел лейкоз». Аталған…

Толығырақ