Астана. 7 қаңтар. BM.KZ — Ақ үй Гренландияны сатып алу «ұлттық қауіпсіздік басымдығы» екенін және бұл мақсатқа жету үшін АҚШ әскери күштерін пайдалану қарастырылып жатқанын мәлімдеді, деп хабарлайды NBC News. — Президент Трамп Гренландияны сатып алу Құрама Штаттардың ұлттық қауіпсіздігінің басымдығы екенін және Арктика аймағындағы қарсыластарымызға тойтарыс беру өте маңызды екенін анық білдірді, — деп мәлімдеді баспасөз хатшысы Кэролайн Ливитт. — Президент және оның командасы осы маңызды сыртқы саясат мақсатына жетудің бірқатар нұсқасын талқылап жатыр және әрине, АҚШ әскери күштерін пайдалану әрдайым Бас қолбасшының қарамағында қалып отыр, — делінген мәлімдемеде. Ақ үйдің бұл мәлімдемесі Данияны қоса алғанда, еуропалық негізгі одақтастардың…
Автор: erimbetkaz
Астана. 7 қаңтар. BM.KZ — Қысқы маусым басталысымен Қазақстанның әр өңіріндегі тау шаңғы курорттары туристер үшін өз есігін айқара ашты. Бүгінде ел аумағында шаңғы, сноуборд және басқа да қысқы белсенді демалыс түрлеріне арналған 13 бағыт жұмыс істейді. Бұл туралы Мәдениет және ақпарат министрлігі мәлім етті. Алматы қаласының маңы Shymbulak — еліміздегі ең танымал тау шаңғы курорттарының бірі. Мұнда жалпы ұзындығы 20 шақырымға жететін әртүрлі деңгейдегі трассалар, аспалы жолдар және жалға беру пункттері бар. 2023 жылы әлемдегі ең биік түнгі тау шаңғы трассасы ретінде Гиннестің рекордтар кітабына енген. Қосымша мүмкіндіктер: зиплайн, атпен серуендеу, парапланмен ұшу, коньки тебу. Pioneer отбасылық тау курорты — ұлттық…
Астана. 7 қаңтар. BM.KZ — Атырау облыстық полиция департаменті жоғалып кеткен бүтін бір отбасыға қатысты жаңа дерек айтты. Ерлі-зайыпты өлі күйінде табылған. Атырау облыстық полиция департаменті бұған дейін із-түзсіз жоғалып кеткен ерлі-зайыптының денесі Қызылқоға ауданынан табылғанын хабарлады. Отбасының қалған екі мүшесі іздестіліріп жатыр. «Атырау облысының Қызылқоға ауданында хабар-ошарсыз кеткен ерлі-зайыптылардың мәйіті табылды. Осы факті бойынша кісі өлтіру белгілері бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдіктілердің жеке басы анықталды», – делінген полиция хабарламасында. Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін жұмбақ жағдайда жоғалған отбасының ісі “адам өлтіру“ бабымен тергеліп жатырғанын хабарлаған едік.
Астана. 7 қаңтар. BM.KZ — Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Рождество мерекесімен құттықтады. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады. Құрметті отандастар! Қазақстанның барша православ христиандарын Рождество мерекесімен құттықтаймын! Бұл жарқын мейрам адамдардың жүрегіне сенім мен үміт ұялатып, барша адамзатқа сүйіспеншілікпен қарауға үндейді. Әділдік, ізгілік, шынайылық, жауапкершілік, мейірімділік, үйлесімділік сияқты мәңгілік рухани құндылықтар христиан діні мен басқа да әлемдік дәстүрлі діндердің арқауы саналады. Православ христиандары еліміздегі конфессияаралық келісімді нығайтуға, өскелең ұрпақты отаншылдық пен еңбекқорлыққа баулуға және олардың бойына отбасы құндылықтарын сіңіруге елеулі үлес қосып келеді. Бірлік, тілектестік, өзара қолдау қағидаттары – мемлекеттік саясатымыздың ажырамас бөлігі, барлық жетістіктеріміздің мызғымас негізі. Жұртымыз бір-біріне құрмет…
Астана. 6 қаңтар. BM.KZ — Полиция қызметкерлерінің жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде аса ірі мөлшерде жасалған алаяқтық үшін халықаралық іздеуде болған күдікті ұсталды. Тергеу деректеріне сәйкес, оның шымкенттік тұрғындарға қатысты бірқатар алаяқтық жайттарына қатысы бар. Келтірілген жалпы материалдық шығын көлемі 80 миллион теңгеден асады. — Алаяқтық эпизодтарының бірінде күдікті алтын бұйымдар сатумен айналысатын кәсіпкердің сеніміне кіріп, зергерлік әшекейлерін иемденіп кеткен. Сонымен қатар, ол тұрғындардан шетелге арзан бағамен туристік сапарлар ұйымдастырамын деп ақша алып, турларды ұйымдастырмай, қаражатты қайтармаған. Аталған жайттар бойынша күдіктіге халықаралық іздеуге жарияланған. Кешенді жедел-іздестіру шараларының нәтижесінде әйел ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды, — делінген Шымкент қаласы Полиция департаменті таратқан ақпаратта. Қазіргі таңда істің…
Астана. 6 қаңтар. BM.KZ — Мемлекет басшысының өкімімен Асқар Мұстабеков Қорғаныс министрінің орынбасары болып тағайындалды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады. Мемлекет басшысының өкімімен Асқар Мұстабеков Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің орынбасары болып тағайындалды, ол бұрынғы атқарған лауазымынан босатылды.
Астана. 6 қаңтар. BM.KZ – 42 стоматология арқылы зейнетақы қорынан 200 млрд теңге заңсыз шығарылған. Клиника қызметкерлері жалған құжат жасап, қордағы қаржыны алуға көмектескен. Қаржы мониторингі агенттігі стоматологиялық клиникалардың басшылары мен басқа да тұлғаларға қатысты тергеуді жалғастырып жатыр. Олар азаматтардың «Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорындағы» қаражатын заңсыз жолмен шығарды деген күдікке ілінген. Тергеу дерегінше, зейнетақы ақшасына стоматологиялық қызмет көрсету туралы формалды келісімшарттар жасалып, жалған медициналық құжат рәсімдеу арқылы алынған. Осындай «қызметі» үшін күдіктілер шешіп алынған соманың 10–20 пайызы көлемінде заңсыз сыйақы ұстап отырған. Қылмыстық схемаға барлығы 42 стоматологиялық клиника тартылған. Олардың көмегімен 200 млрд теңге қаражат қолма-қол шығарылғаны анықталды. Заңсыз табыс есебінен күдіктілер…
Астана. 6 қаңтар. BM.KZ – Халыққа қызмет көрсету орталықтары Цифрлық кеңсеге айналады. Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында Премьер-министрдің орынбасары – Жасанды интеллект және цифрлық даму министрі Жаслан Мәдиев айтты. — Жыл бойы Халыққа қызмет көрсету орталықтарына азаматтар шамамен 15 млн рет келді. Бұл трафиктің 80 пайызы ТОП-10 мемлекеттік қызметке қатысты. Өткен жылы біз аталған қызметтерді толықтай цифрландыруды бастадық. Кейбірін қазірдің өзінде баламасыз онлайн форматқа көшірдік, — деді ол. Вице-премьердің айтуынша, осыдан кейін Халыққа қызмет көрсету орталықтарына келетін адамдар санының күрт төмендеуі байқалды. — Осыған байланысты аталған орталықтар Apple Store сияқты халыққа арналған Цифрлық кеңсеге қайта ұйымдастырылады. Азаматтар өзіне-өзі қызмет көрсету…
Астана. 6 қаңтар. BM.KZ – Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қаринмен және Президенттің құқықтық мәселелер жөніндегі көмекшісі Ержан Жиенбаевпен жұмыс кеңесін өткізді. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады. Ерлан Қарин Мемлекет басшысына Парламенттік реформа жөніндегі жұмыс тобы қызметінің аралық нәтижелері туралы мәлімет берді. Мәселен, e-Otinish мемлекеттік платформасы мен Egov сервисінің «Парламенттік реформа» арнайы бөлімі іске қосылғаннан бері 500-ге жуық ұсыныс келіп түскен. Халық арасынан, сарапшылардан және қоғамдық ұйымдардан жолданған ұсыныстар мен бастамаларды талдау, жүйелеу жұмыстары жалғасып жатыр. Парламенттік реформа жөніндегі жұмыс тобының бұған дейінгі отырыстарында бір палаталы Парламентті қалыптастыру және оның заңнамалық функцияларын жүзеге асыру мәселелері талқыланды. 9 қаңтарға…
Астана. 6 қаңтар. BM.KZ – «ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясы елдегі жолдардың қазіргі ахуалы туралы хабарлады. Ұлттық компанияның мәліметінше, ауа райының қолайсыздығына байланысты республикалық маңызы бар бірнеше автожолда көліктің барлық түрі үшін қозғалыс шектелді. Солтүстік Қазақстан облысы • «Астана – Көкшетау – Петропавл – РФ шекарасы» автожолы, 341-473-шақырым (Ақмола облысының шекарасы – Бескөл ауылы); • «Көкшетау – Рузаевка» автожолы, 61-196-шақырым (Ақмола облысының шекарасы – Рузаевка ауылы); • KAZ03 «Астана – Атбасар – Жақсы – Рузаевка – Сарыкөл – Қостанай (РФ аумағын айналып өту, Қайрақ өткізу бекеті)» автожолы, 729-856-шақырым (Қостанай облысының шекарасы – Ақмола облысының шекарасы); • «Жезқазған – Арқалық – Петропавл» автожолы,…