Автор: erimbetkaz

Астана. 6 қаңтар. BM.KZ – Шешенстан басшысы Рамзан Қадыров өзінің 20 жастағы ұлы Ахматты ел вице-премьерінің міндетін атқарушы етіп тағайындады. Ол сонымен бірге Шешенстанның дене шынықтыру және спорт министрі лауазымын қоса атқарады. Ал үкімет төрағасының орынбасары міндетін атқарушы болып аймақтың ұлттық саясат, сыртқы байланыстар, баспасөз және ақпарат министрі Ахмед Дудаев тағайындалды. «Ахмат Қадыров пен Ахмед Дудаев жүктелген міндеттерді өте жақсы орындайтынына сенімдімін. Ол үшін олардың қажетті тәжірибесі, бірқатар ерекше кәсіби қасиеттері, жұмысқа деген жүйелі көзқарасы және жоғары жауапкершілігі бар», – деп атап өтті Рамзан Қадыров. Қадыровтың балалары мен туыстары Шешенстандағы маңызды қызметтерге жүйелі түрде тағайындалып, жоғары аймақтық марапаттарға ие болып тұрады.…

Толығырақ

Астана. 6 қаңтар. BM.KZ – Бас мемлекеттік санитар дәрігердің қаулысы бойынша, бірқатар шайдың сатылымына шектеу қойылды. – Қазақстан Республикасы Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2026 жылғы 5 қаңтардағы № 1-ПГСВ қаулысымен халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы бақылау мақсатында сатып алу нәтижелері бойынша тиісті нормативтік құқықтық актілердің, Кеден одағының «Тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі туралы» (021/2011 КО ТР), «Тағамдық қоспалардың, хош иістендіргіштердің және технологиялық қосалқы құралдардың қауіпсіздігі талаптары» (029/2012 КО ТР), «Тамақ өнімдерін қаптамалау бөлігінде» (022/2011 КО ТР) техникалық регламенттерінің талаптарына сәйкес келмейтін шайды әкелуге және сатуға тыйым салынды, — деп хабарлады Денсаулық сақтау министрлігінің Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті. Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық қауіпсіздігі саласында бақылау мақсатында сатып…

Толығырақ

Астана. 6 қаңтар. BM.KZ – Иранда тоғыз күнге созылған көшедегі наразылық акциялары кезінде, құқық қорғаушылардың мәліметінше, кемінде 35 адам қаза тапқан. Тағы 1200-ден астам демонстрант ұсталған. Бұл туралы Deutsche Presse-Agentur (dpa) Ирандағы адам құқықтарын қорғаумен айналысатын Human Rights Activists in Iran ұйымына және оның HRANA ақпараттық платформасына сілтеме жасап мәлімдеді. HRANA деректеріне сәйкес, желтоқсан айының соңында басталған наразылықтар елдің 31 провинциясының 27-сіндегі кемінде 88 қаланы қамтыған. Құқық қорғаушылардың айтуынша, әсіресе шағын елді мекендерде күштік құрылымдар шерушілерді қатаң түрде тарата бастаған, деп жазады DW. Хабарламада күш қолдану ірі қалаларда, соның ішінде Мешхед пен Тегеранда жаңа наразылық толқынын туғызғаны айтылған. Акцияларға кемінде…

Толығырақ

Астана. 6 қаңтар. BM.KZ – 25 желтоқсанда Атырау облысының полициясына қала тұрғынынан ағасы мен оның отбасы бір айдан аса уақыттан бері хабар-ошарсыз кеткені туралы арыз түскен. Қызылқоға ауданына қарасты Жангелді ауылының тұрғындары қарашада өз үйлерінен белгісіз бағытқа шығып кетіп, осы уақытқа дейін оралмаған. Атырау облысы Полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары, полиция полковнигі Құттыбай Садықовтың айтуынша, бұл іс бойынша расталмаған түрлі ақпарат тарап кеткен. «25 желтоқсанда төрт адам жоғалғаны туралы ақпарат түскен сәттен бастап еліміздің аумағында кешенді іздестіру шаралары жүргізіліп жатыр. Бұл дерек бойынша қылмыстық іс тіркелді. Қолданыстағы заңнамаға сәйкес екі немесе одан да көп адам жоғалуы «Адам өлтіру» бабы бойынша…

Толығырақ

Астана. 6 қаңтар. BM.KZ – «Қазгидромет» РМК синоптиктері ертең, 6 қаңтарда елдің басым бөлігінде қолайсыз ауа райына байланысты ескерту жасады. Астанада қар, бұрқасын, күндіз көктайғақ. Оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с, кей уақыттарда 23 м/с-ке жетеді. Батыс Қазақстан облысының солтүстік-шығысында, оңтүстігінде, орталығында қар, бұрқасын. Облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде тұман, көктайғақ. Жел солтүстік-батыстан оңтүстік-шығысқа ауысып соғады, түнде облыстың солтүстік-шығысында екпіні – 15-20 м/с. Қызылорда облысының солтүстігінде, орталығында тұман, көктайғақ. Маңғыстау облысының батысында, солтүстігінде тұман түседі. Атырау облысының батысында, оңтүстігінде, шығысында тұман, көктайғақ. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-шығысқа ауысады, түнде облыстың шығысында екпіні – 15-20 м/с. Солтүстік Қазақстан облысында қар, бұрқасын, түнде облыстың…

Толығырақ

Астана. 6 қаңтар. BM.KZ – Венесуэланың орнынан алынған көшбасшысы Николас Мадуро мен оның әйелі Силиа Флорес Нью-Йорктегі алғашқы сот мәжілісінде өздеріне тағылған кінәні мойындаған жоқ, деп хабарлайды NBC News. Мәжіліс басталған соң бірнеше минут өткенде судья Элвин Хеллерстайн Николас Мадуроға өзін таныстыруды сұрады. — Мен Венесуэланың президентімін, мені өзімнің Каракастағы үйімнен ұстап әкетті, — деді Николас Мадуро сотта испан тілінде. Хеллерстайн Мадуроға тегін адвокат жалдауға құқығы бар екенін жеткізген және ол қандай да бір кері себеп туындамаса сот залынан босатылуы мүмкін екенін айтты. Мадуро өзінің кінәсінің жоқ екенін және әлі де болса Венесуэла президенті екенін айтты. Сондай-ақ оның әйелі Флорес…

Толығырақ

Астана. 5 қаңтар. BM.KZ – ҚР Адам құқықтары жөніндегі уәкіл Шымкентте түзеу мекемесінің қызметкерлері азаптау ісі бойынша күдікке ілінгенін мәлімдеді. Шымкент қаласы бойынша өңірлік өкіл Нұржан Әбдезов сотталғандардың бірін жеке қабылдады. Оның айтуынша, 2025 жылғы маусым айында мекеме қызметкерлері қолына кісен салып, оны ұрып-соғып, темір торға іліп, 4 сағат бойы асулы күйде қалдырған, сондай-ақ аяқ киімін шешіп, табанынан шоқпармен ұрған. Сонымен қатар қабылдау барысында тағы бір сотталғанның соққыға жығылып, оның жақ сүйегінің сынғаны анықталды. — Аталған жағдайлар бойынша өңірлік өкіл тарапынан жедел түрде тиісті әрекет ету шаралары қабылданды. Нәтижесінде медициналық көмекті уақтылы көрсетпегені үшін медицина қызметкерлері жауапкершілікке тартылды, сондай-ақ мекеме қызметкерлеріне…

Толығырақ

Астана. 5 қаңтар. BM.KZ – Қазақстанда темекінің ең төменгі бөлшек сауда бағалары өсті. Бұл туралы қаржы министрінің бұйрығында көрсетілген. Айта кетейік, 2025 жылы «Фильтрлі, фильтрсіз сигареттерге, папиростарға, сигариллаларға және қыздырылатын темекісі бар бұйымдарға ең төмен бөлшек сауда бағаларын белгілеу туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2022 жылғы 22 ақпандағы № 196 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 26923 болып тіркелген) өзгеріс енгізілген. Онда «2026 жылғы 1 қаңтардан бастап 970 теңге мөлшерінде ең төменгі бөлшек сауда бағалары белгіленсін» делінген. Бұйрық 2025 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілген.

Толығырақ

Астана. 5 қаңтар. BM.KZ – Қазақстанда жаңа қызметтің енгізілуіне байланысты арнайы ХҚКО-ларда кезек көбейді. Енді қазақстандықтар көліктің мемлекеттік тіркеу нөмірін цифрлық және әріптік белгілері бойынша өз қалауы бойынша таңдай алады. Бұл өзгерістер 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енді. Осыған байланысты 5 қаңтарда еліміздің бірқатар өңіріндегі арнайы ХҚКО-ларда ұзын-сонар кезек пайда болды. Әлеуметтік желілерде жарияланған видеоларда, әсіресе Ақтау мен Алматыдағы арнайы ХҚКО-ларда адам көп жиналғаны көрінеді. Аталған жағдайға байланысты «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының баспасөз қызметі пікір білдірді. Корпорация мәліметінше, мемлекеттік тіркеу нөмірін еркін таңдау мүмкіндігі туралы ақпараттың кеңінен таралуына байланысты арнайы ХҚКО-ларда қызмет алушылар саны артқан. Сонымен қатар, барлық…

Толығырақ

Астана. 5 қаңтар. BM.KZ – Қызылорда облысында цифрлық активтердің заңсыз айналымын ұйымдастыру және есірткі сатудан түскен кірістерді заңдастыру дерегі бойынша тергеу аяқталды. Бір жыл бойы кәсіби ақша жылыстатушылар тобы Binance платформасында цифрлық активтерді айырбастау операцияларын жүргізген. Криптоәмияндар арқылы өткен жалпы айналым 1,88 млрд теңгеден асты. Сонымен қатар, күдіктілер «Fresh», «Butterfly», «CrystalOrganic», «Траутвайт НОН киви» және «SkittyShop» Telegram-арналары арқылы есірткі сатудан түскен 603 млн теңгені заңдастырған. Схемада шетел азаматтарының атына тіркелген дроп-карталардың ұйымдасқан желісі пайдаланылған. Қылмыстық жолмен алынған табысқа күдіктілер тұрғын үй, пәтер, 5 автокөлік сатып алып, сондай-ақ отбасылық мейрамхана салған. Соттың санкциясымен аталған мүлікке тыйым салынды. Қылмыстық іс сотқа жолданды.…

Толығырақ