Автор: erimbetkaz

Астана. 5 қаңтар. BM.KZ – Жаңажылдық мереке күндері Алматының жедел медициналық жәрдем қызметі штаттық режимде жұмыс істеді. 2025 жылғы 31 желтоқсан мен 2026 жылғы 4 қаңтар аралығында жедел жәрдем қызметіне 11 158 өтініш түсіп, оның 10 059-ына барып қайтты. Жедел жәрдемге ең көп қоңырау әдеттегідей жаңа жыл түні түскен. 1 900 шақырту тіркелген, бұл орташа тәуліктік көрсеткіштен шамамен 600-ге аз. Бұл туралы Алматы жедел медициналық жәрдем қызметі директорының орынбасары Андрей Ложкин айтты. Мереке күндері шақырту құрылымы қалыпты деңгейде қалып, демалыс немесе салтанатты күндерге тәуелді болған жоқ. Көбінесе тұрғындар тыныс алу жүйесі ауруларына байланысты – 22,53%, жүрек-қан тамырлары жүйесі аурулары бойынша…

Толығырақ

Астана. 5 қаңтар. BM.KZ – Шымкент қаласы бойынша «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының филиалы демографиялық статистикамен бөлісті. Ресми мәліметке сәйкес, 2024 жылы 28645 бала дүниеге келсе, былтыр 26713 нәресте дүние есігін ашқан. Яғни, 1932 балаға азайған. «2024 жылы Шымкент қаласында 7 434 неке тіркеліп, 28 645 сәби дүниеге келді, ал 2025 жылы 7 335 неке тіркеліп, 26 713 туу тіркелді», -деп жазылған мәлімдемеде. Жаңа туылған нәрестелерге де ерекше есімдер берілген. Мәселен, жыл қорытындысы бойынша ұл балалар арасында Арусұлтан, Ақселеу және Хақназар сынды сирек қойылатын есімдер дараланса, қыз балалар арасында Сағым, Сүйкімді және Нұрана есімдері ерекшелігімен көзге түсті. Ал қазіргі таңда…

Толығырақ

Астана. 5 қаңтар. BM.KZ – Соңғы бес жылдың ішінде Қазақстанда онкологиялық аурулардан болатын өлім 20%-ға төмендеді. Мұндай нәтижелерге 2023-2027 жылдарға арналған онкологиялық аурулармен күрес жөніндегі кешенді жоспарды іске асыру шеңберінде қол жеткізілді. Бұл туралы ДСМ баспасөз қызметі хабарлайды. 2025 жылы обырдың 42 мыңнан астам жаңа жағдайы тіркелді (анықтауды жақсартудык есебінен 5 жылдағы орташа көрсеткішке+7,8%). Динамикалық бақылауда-246 205 пациент, оның 55%-дан астамы еңбекке қабілетті жастағы адамдар. 5 жыл немесе одан да көп өмір сүретін пациенттердің үлесі 63%-ға дейін өсті. * Ерте диагностика деңгейі 33%-дан асты. Өлім 100 мың тұрғынға шаққанда 61 жағдайға дейін төмендеді. Онкологиялық қызметке 30,4 млрд теңге бағытталды. 6…

Толығырақ

Астана. 5 қаңтар. BM.KZ – Аса ірі мөлшерде алаяқтық жасады деген күдікті Ресейден экстрадицияланды, деп хабарлайды Бас прокуратура. Қазақстанның Бас прокуратурасы аса ірі мөлшерде бірнеше рет алаяқтық жасады деген күдікке ілінген Қазақстан азаматын қылмыстық жауаптылыққа тарту мақсатында Ресей Федерациясынан экстрадициялады. «Күдікті 2024-2025 жылдар аралығында Тараз қаласында өзін коммерциялық ұйымның қызметкерімін деп таныстырып, қаражатты инвестициялау арқылы жоғары табысқа уәде беріп, азаматтарды әртүрлі тауарларды көтерме сатып алу және кейіннен сату бойынша бірлескен кәсіппен айналысуға шақырған. Алайда ол өз міндеттемелерін орындамай, алған ақшасын жымқырып, қажеттілігіне жұмсаған. Оның қылмыстық әрекеттері нәтижесінде Қазақстанның 6 азаматына жалпы 100 млн теңгеден астам залал келтірілген», — делінген ресми…

Толығырақ

Астана. 5 қаңтар. BM.KZ – «Turkistan» газетінде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың аталған басылымның бас редакторы, белгілі ақын, публицист Бауыржан Бабажанұлына берген кең көлемді сұхбаты жарияланды. Президент ішкі және сыртқы саясат, елдің әлеуметтік-экономикалық дамуы және басқа да өзекті тақырыптарға қатысты сұрақтарға жауап берді. – Құрметті Қасым-Жомарт Кемелұлы, Сіз жыл сайын мерзімді баспасөзге ауқымды сұхбат беру арқылы белгілі бір саяси дәстүр қалыптастырдыңыз деуге болады. Осы орайда, «Turkistan» газетінің ұсынысын қабыл алғаныңыз үшін ризашылығымызды білдіреміз. – «Turkistan» газеті 30 жылдан бері тұрақты шығып келеді. Бұл – Қазақстандағы ең ықпалды басылымның бірі. Газеттің атауында да өте үлкен мән-мағына бар. Басылым тілшілері ел ішіндегі өзекті…

Толығырақ

Астана. 5 қаңтар. BM.KZ – Қарағанды облысының Шет ауданында өңірдегі алғашқы арнайы жедел медициналық көмек және реанимация көлігінің трассалық медицина-құтқару қызметіне тапсырылу салтанаты өтті. Бұл туралы  Төтенше жағдайлар министрлігі хабарлайды. Жаңа реанимобиль Шет ауданының автожолдарында пайдаланылады және жол-көлік оқиғалары мен жолдағы басқа да төтенше жағдайларға жедел әрекет етуге арналған. Автомобиль заманауи медициналық құрал-жабдықтармен жабдықталған және зардап шеккендерге оқиға орнында жедел және реанимациялық көмек көрсетіп, олардың жағдайын тұрақтандырып, кейіннен жедел жәрдем бригадаларына немесе медициналық ұйымдарға тапсыруға арналған. Сонымен қатар, жол бойында орналасқан трассалық медицина-құтқару пунктіне кез-келген жолаушылар мен жүргізушілер мен жолаушылар да көмек ала алады.

Толығырақ

Астана. 5 қаңтар. BM.KZ – «ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясы елдегі жолдардың қазіргі ахуалы туралы хабарлады. Ұлттық компанияның мәліметінше, 2026 жылғы 4 қаңтар сағат 09:30-дан бастап Қарағанды облысында ауа райының қолайсыздығына байланысты республикалық маңызы бар «KAZ01 Астана – Қарағанды – Алматы» автожолының 92-164-шақырымында (Анар станциясынан Теміртау қаласына дейін) барлық көлік түрі үшін жылдамдық режимі 140 шақ/сағ-тан 110 шақ/сағ-қа дейін шектелді. Сонымен қатар 2026 жылғы 4 қаңтар сағат 22:00-де Ақмола облысында ауа райы жағдайының жақсаруына байланысты республикалық маңызы бар «KAZ02 Астана – Көкшетау (айналма жол) – Петропавл – РФ шекарасы (Жаңа Жол өткізу пункті)» автожолының 18-232-шақырымында барлық көлік түрі үшін жылдамдық режимі 80…

Толығырақ

Астана. 5 қаңтар. BM.KZ – Денсаулық сақтау министрлігі балаларда ауру тудырады деген «зиянды әрі арзан вакциналар» туралы мәлімдемелерді жоққа шығарды. Ведомство әлеуметтік желілерде кеңінен тарап жатқан бұл ақпараттың шындыққа жанаспайтынын мәлімдеді. Бұған себеп — бір сұхбатта вакциналардың қауіпсіз емес екені туралы айтылған пікірлер. Денсаулық сақтау министрлігінде мұндай мәлімдемелердің ғылыми негізі жоқ екенін және ата-аналарды жаңылыстыратынын атап өтті. Сондай-ақ министрлік Қазақстанда Ұлттық екпе күнтізбесі аясында қолданылатын барлық вакциналар қатаң тексеруден өтетінін еске салды. Олар халықаралық және ұлттық сараптамадан кейін ғана пайдалануға жіберіледі, ДДСҰ талаптарына және қолданыстағы заңнамаға толық сәйкес келеді. Министрліктің мәліметінше, вакциналар төмен баға қағидаты бойынша емес, сапа, қауіпсіздік және…

Толығырақ

Астана. 31 желтоқсан. BM.KZ – Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Бибісара Асаубаеваны шахматтың блиц түрінен әлем чемпионатындағы жеңісімен құттықтады. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады. – Бибісара Асаубаева Қазақстаннан шыққан блицтен үш дүркін әлем чемпионы және майталман шебер ретінде дүниежүзілік шахмат тарихына енді. Қазақстандық шахмат қауымдастығы мемлекетіміздің көк туын жаһандық аренада биік желбіреткен отандасымыздың жеңісін мақтан тұтады. Бибісара Асаубаеваның халықаралық жарыстардағы айтулы жетістіктері мен ел шахматын дамытуға қосқан елеулі үлесі үшін оны ІІ дәрежелі «Барыс» орденімен марапаттау туралы шешім қабылдадым, – делінген құттықтауда. Айта кетейік, Қазақстандық шахматшы Бибісара Асаубаева блицтен әлем чемпионатын үшінші рет жеңіп алды. Бұл туралы «Спорт Шредингера» Telegram-арнасы…

Толығырақ

Астана. 30 желтоқсан. BM.KZ – Астанада 31 желтоқсаннан 1 қаңтарға қараған түні сағат 00:00-де демеушілік қаражат есебінен ұйымдастырылған мерекелік жаңа жылдық салют атылып, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты. Отшашулар екі жерде іске қосылады: Ботаникалық бақ және «Атырау» көпіріне іргелес аумақ. Елорда тұрғындары мен қонақтарына отшашу кезінде қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында «Атырау» көпірі ауданындағы жағалаудың мұзына шығуға қатаң тыйым салынатынын еске саламыз. Сонымен қатар Жаңа жыл қарсаңында 31 желтоқсаннан 1 қаңтарға дейін қаланың үш жерінде мерекелік іс-шара өтеді. 31 желтоқсан күні сағат 21:00-ден бастап «Қазақ елі» монументінің жанындағы алаңда, «EXPO» аумағында, сондай-ақ қалалық алаңда (әкімдік алдында) шығармашылық ұжымдар мен қазақстандық…

Толығырақ