Көркем жүзуден Қазақстан құрамасы Бейжіңде өтіп жатқан әлем кубогының алғашқы кезеңінде чемпион атанды.
Акробатикалық бағдарламада біздің спортшылар жарыс қожайыны Қытай құрамасынан да көп балл алды.
1. Қазақстан (213.7801). Команда сапындағылар – Айгерім Құрманғалиева, Этери Какутиа, Наргиза Болатова, Арина Мясникова, Анна Павлетцова, Жвклин Якимова, Жәния Жиенғазы;
2. Қытай (205.0300 балл)
3. Аустралия (196.6266 балл)
Бұл Ұлттық құраманың Қытай астанасындағы жарыстағы 5-жүлдесі.
Қазақстан әйелдер құрамасы – акробатикалық бағдарлама
Наргиза Болатова эәне Эдуард Ким аралас техникалық дуэт бағдарламасы
Виктор Друзин және Анна Павлетцова – аралас еркін бағдарлама
Әйелдер құрамасы — техникалық бағдарлама
Виктор Друзин — жекелей бағдарлама