• Русский
  • Біз туралы
  • Байланыс
Menu
  • Русский
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Басты
  • Қоғам
  • Әлем
  • Оқиғалар
  • Қаржы
  • Саясат
  • Сыбыс бар
  • Қоршаған орта
Menu
  • Басты
  • Қоғам
  • Әлем
  • Оқиғалар
  • Қаржы
  • Саясат
  • Сыбыс бар
  • Қоршаған орта
Главная страница » Бір топ ата-ана Ресей абақтысына түскен балаларына араша сұрап, бас прокуратураға барды

Бір топ ата-ана Ресей абақтысына түскен балаларына араша сұрап, бас прокуратураға барды

14 апреля, 2024 Жаңалықтар
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

12 сәуірде Астанаға Қазақстанның әр өңірінен келген бір топ ата-ана Ресей абақтысына түскен балаларына араша сұрап, бас прокуратураға келді. Олардың балалары екі жылдан бері Ресей түрмесінде отыр.

Жиналғандардың балалары 6-10 жылға сотталған. Оларға РФ Қылмыстық кодексінің 228-бабы бойынша «заңсыз есірткі тасымалдады, таратты» деген айып тағылған.

Гүлжихан Ибрахимованың баласы қазір Норильскіде отыр. Оны Краноярскідегі 42-ші лагерден жуырда ауыстырған. Бірақ оған анасы бара алмайды, себебі Норильск Ресей заңы бойынша жабық қала саналады, кіруге рұқсат керек.

– Біз бара аламаймыз. Ол жер жабық қала деп бізді кіргізбейді. Екі жыл болды баламды көрмегеніме. Жауап жоқ. Қайда бармадық? Бәрі айтады «жаздық жұмыс жүріп жатыр» дейді. Неге Қазақстан өзінің азаматын іздемейді? – дейді ол.

Ал Шұғыла Қажыбаева соңғы төрт айдан бері баласынан хабар-ошарсыз екенін айтады. Оның сөзінше, баласымен жолығуға Ресей абақтысына барғанда қазақша сөйлеуге, жайнамаз, қазақша оюы бар ұлттық кеудеше кіргізуге тыйым салған.

— Тіпті етпен қазыны да кіргізбеді. Тек таза орысша болуы керек әрі, — дейді ол.

Түрмеде отырған Тахир Динаимовтың анасы Зүлфира Исмаиловның сөзінше, түрмедегілердің арасында соғысқа жіберілгендер де бар, бірақ оны Қазақстан жасырады деп санайды.

Олардың құқығын қорғап жүрген адвокат Мейірман Шәкеевтің сөзінше, Ресей абақтысында отырған қазақстандықардың саны жүзге жетуі мүмкін. Ол абақтыға түскен қазақ жастарын жас, денелі, білімді деп сипаттайды. «Түрмеге түскендер арасында он жылға жаза кесілген екі қыз бала да бар» дейді адвокат.

— Біз шынын айтқанда барлық құжаттарын дайындап беріп отырмыз. Ресей мен Қазақстан арасында сотталған адамдардың жазасын ары қарай өтеу үшін өз еліне тапсыру туралы конвенция бар. Бұл бойынша уәкілетті орган – Қазақстан бас прокуратурасы мен Ресей жағынан әділет министрлігі. Осы екі құзырлы орган сыртқы істер министрлігінсіз тікелей бір-бірімен жұмыс жасай береді. Бір өкініштісі – Ресейде біздің екі қызымыз бар. Олардың әрқайсысы он жылға сотталған. Сол қыздардың жағдайы қиын болып отыр, — дейді Мейірман Шәкеев.

Жұма күні жиналғандармен бас прокуратура өкілі кездесіп, жұмысты жандандырып, дер кезінде ақпарат беріп отыруға уәде берді. Балаларын елге қайтара алмаған ата- аналар бұл жайлы былтыр қарашадан бері айтып келеді. Сол кезде Қазақстан сыртқы істер министрлігі «бұл мәселемен айналысып жатырмыз» деген еді.

— Біздің консул барып сол кісілермен сөйлесіп жүр. Өздеріңіз білесіздер, олардың түрмеге түсуінің себептері бар. Қазір жұмыс жасалып жатыр, — деген Қазақстан сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары Қайрат Омаров.

Ресей түрмесі мен соғысына қатысқан қазақстандықтар туралы ресми ақпарат жоқ. СІМ содан бері тек үш қазақстандықтың оралуына көмектескен деп айтылады.

Оқылып жатыр

Әлемдік рейтингке еліміздің үш университеті қосылды

Мемлекет басшысы азаматтардың жеке деректерін қорғау мәселесіне ерекше назар аударды

Антикор үш жыл бойы іздеуде болған азаматтың мүлкін тәркілеп, шоттарын бұғаттады

ТОП посты

Қалаға айналатын ауылдар тізімі

19 марта, 2024809 рет оқылды

Апатты аймақтың тұрғындары елеусіз қала бере ме ?

26 февраля, 2024620 рет оқылды

Әкімдер қатаң сөгіс алды

30 марта, 2024540 рет оқылды

«Су емес у ішіп отырмыз» Түркістандықтардың жан айқайы

24 марта, 2024506 рет оқылды

Оразаға бір апта қалды: нені білу қажет

3 марта, 2024467 рет оқылды

Экологиялық эмиссия салығын көбейту керек

14 марта, 2024447 рет оқылды

Жиырма бес мың жетімнің көз жасы!..

4 марта, 2024417 рет оқылды

Құс фабрикасы немесе адам өмірі?

1 августа, 2024327 рет оқылды

Қазақстан қаптаған ескі қарулар мен әскери ұшақтарын сатып жатыр

17 марта, 2024320 рет оқылды

Қоянды әкімдігі қыста қар тазалауға 30 млн тенге бөлген

31 марта, 2024312 рет оқылды
Новости

Әлемдік рейтингке еліміздің үш университеті қосылды

Ғылым 23 июня, 2025

Жуырда QS World University Rankings 2026 нәтижесі жарияланды. Онда еліміздің үш университеті алғаш рет озық…

Мемлекет басшысы азаматтардың жеке деректерін қорғау мәселесіне ерекше назар аударды

23 июня, 2025

Антикор үш жыл бойы іздеуде болған азаматтың мүлкін тәркілеп, шоттарын бұғаттады

23 июня, 2025

Павлодар облысында төтенше жағдай режимі жарияланады

23 июня, 2025

Сенат жаңа Салық кодексі жобасын Мәжіліске кері қайтарды

23 июня, 2025

Астана маңында жеңіл моторлы ұшақ апатқа ұшырап, екі адам қаза тапты

23 июня, 2025

ШҚО-да үш бірдей браконьерлік топ ұсталды

19 июня, 2025

Мемлекет басшысына Stadler Kazakhstan шығарған алғашқы жолаушылар вагоны таныстырылды

19 июня, 2025

Әйел энергиясы

19 июня, 2025

Қамыс өрті — Ақ Жайық экожүйесіне төнген қауіп: экологиялық дабыл ма, маусымдық заңдылық па?

17 июня, 2025

Қытаймен шекарада жаңа айналма жол салынады

17 июня, 2025

«Семей орманы» резерватында орман өртін ерте анықтау жүйесі іске қосылды

16 июня, 2025

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қытай Төрағасы Си Цзиньпинді Астанада салтанатты түрде қарсы алды

16 июня, 2025

Астанада «Күй» спектаклінің тұсаукесері өтті

15 июня, 2025

Ақмола облысында тұрғын өз ауласында 900-ден астам қарасора бұтасын өсірген

14 июня, 2025

Қазақстандағы алғашқы АЭС құрылысын «Росатом» жүзеге асырады

14 июня, 2025

Қазақстанның ЖІӨ 6%-ға өсті: Экономиканың негізгі драйверлері белгілі болды

12 июня, 2025

Ақтөбеде 197 млн теңгені жымқырған қаржы пирамидасы анықталды

11 июня, 2025

Рақымшылықтан кімдер үмітті? Конституцияның 30 жылдығына орай заң жобасы талқыланды

11 июня, 2025

Торғай даласына тағы 7 жабайы жылқы жеткізілді

9 июня, 2025
Бізге жазылыңыз
  • Facebook
  • Instagram
  • YouTube
  • TikTok
  • Telegram
Мерзімді баспасөз басылымын, ақпарат агенттігін және желілік басылымды есепке қою туралы КУӘЛІК №KZ59VPY00114494 Берілген күні: 11.03.2025 Астана қ.
Ақпарат агенттігін есепке қою туралы КУӘЛІК №KZ59VPY00114494 Берілген күні: 11.03.2025 Астана қ.

Пайдалы сілтемелер

  • Русский
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Русский
  • Біз туралы
  • Байланыс
Сайт картасы
  • Басты
  • Қоғам
  • Әлем
  • Оқиғалар
  • Қаржы
  • Саясат
  • Сыбыс бар
  • Қоршаған орта
  • Басты
  • Қоғам
  • Әлем
  • Оқиғалар
  • Қаржы
  • Саясат
  • Сыбыс бар
  • Қоршаған орта
Әлеуметтік желілер
Facebook Instagram TikTok Telegram YouTube

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.