• Русский
  • Біз туралы
  • Байланыс
Menu
  • Русский
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Басты
  • Қоғам
  • Әлем
  • Оқиғалар
  • Қаржы
  • Саясат
  • Сыбыс бар
  • Қоршаған орта
Menu
  • Басты
  • Қоғам
  • Әлем
  • Оқиғалар
  • Қаржы
  • Саясат
  • Сыбыс бар
  • Қоршаған орта
Главная страница » Біздегі заң «Сізге арналған»

Біздегі заң «Сізге арналған»

14 апреля, 2024 Қоғам
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

 

Бізде қазір заң қатал. Қатал заң керек те шығар!? Әйелге ұрсуға болмайды, ұрсаңыз біттіңіз кеттіңіз «абақты» айдау, әйтеуір баяғыдай Ібір- Сібір жоқ. Әйтпесе талай қазақтың жігіті Сібірге кетіп, Ресей мен Украинаның арасындағы соғыста жалаң аяқ жар кешер еді. Молдалар айтып жатыр «әйелді ұруға емес-нұқуға болады» деп. Ал заң айтады. Әйелге әй деуге!
Қой деуге!
Өй деуге болмайды!-деп.

Бұл Бізге және Сізге арналған заң. Әйтпесе, кезінде бір үйдің, бір ауылдың, бір ауданның, бір облыстың емес республиканың қазынасын ұстағандар әйелдерін көкала қойдай қып жатырынан теуіп, басын жарып өлтіріп жатыр. Оларды заңгерлер қорғап әлек. Бұл заң кімге!? Байғұс қаратабан Біз бен Сіз сияқтыларға арналған…
Қазіргі әйелдер ақылды.
Тәлімгер солар,
Ақылды солар,
Еркектің рөлі сексенінші жылдың аяғында әдірәм қалды. Тоқсаныншы жылдары «байғұс бөріктілер» жаппай жұмыссыз қалғанда әйелдер қолдарына сөмке ұстап тауар сатты. Базарда тұрды. Тоңды. Жылынды. Сонсоң орыстың салтына кірді. Заманның тілін тауып отбасын асырады.

«Махаббат деген уақытша сезім» деп сексологтар ақыл айтып жатады. Құдай-ау, қай әжеміз сексологқа барыпты, солардың бетін көрмей, жүзін көрмей азы он, әйтпесе он бес балаға дейін дүниеге әкелді. Оқырмандарымнан ғафу өтінем. Қатты кетсем!..
Баяғыда жетпісінші жылдары Көкбай деген ақсақал, кемпірі тыртыңдай бастаса арқасына қамшы үйіріп сабап алады екен. Кезекті бір сабауында байғұс әжеміз:
Ұл тап дедің ұл таптым,
Қыз тап дедің қыз таптым.
Айналайын-ау Көкбай-ау,
Қай жерімнен мін таптың!?

деп жылапты. Солар сірә жаман болды ма?! Болған жоқ!
Әрине әйелді ұр, әйелді саба деп отырғаным жоқ. Әйел тіршіліктің дәнекері, әйел өмірдің гүлі. Әйел өмірдің нұры. Жүрсін көкеміз айтпақшы «Әйелдің мәні әйелде». Бәріміз де анадан тудық. Бі-рақ байғұс еркектің қазіргі таңда құны беш тиын. Ажырасса үйден кететін еркек. Бұрын әйел ерден кетсе де, елден кетпейтін. Қазір ол мәтел ауысты. Құны кетті. қадірі бітті. Әйел кетпейді, еркек кетеді. Дегеніне әйел жетеді.
Әй деп көр! Он бес күн түрменің быламығын жейсіз. Жегізеді. Әйел -гей болам десе құзіреті бар. Әйел сені менсінбей, басқамен көзіңізге шөп салса демократиялық заң бойынша құқығы бар. Пәтеріңіз де, көлігіңіз де әйелдер алып қала алады. Сонсоң сот алдында «жыласа болды» еркек байғұстың мойның бұрап тұрып балаға элемент төледі.
Кім жаман- еркек жаман!
Кім надан-еркек надан!
Кім сойқан-еркек сойқан!
Кім алқаш-еркек алқаш!
Кім пері-еркек пері!

Қысқасы әлемдік әдеби терминге кірген барлық нас сөз, пәле мен жаланың барлығы біздің еркектердің адресіне кеп жатыр.
Өткенде бір жаңалық ашқыш бауырымыз «Роботехникаларды ойластырып шығарып жатыр екен» болашақта әлгі құлтемірдің басындағы чипке «ыдыс жу, тамақ істе, кір жу» деп жазып кетесіз, барлығын тап-тұйнақтай қып қатырып қояды екен. Осыны әпенді Бико досыма айтып едім;-Еркек жасып ит болды, әйел тұлданып би болды, бөрікті алды, шашты алды, шалбарды алды, арақты алды, бәрін алды. Сонда жаңағы құлроботтар шықса, әйелдеріміз бала табатын аппарат бола ма? деп сұрақ қойды.

Ащы айтсам ғафу өтінем. Ел басына бұлт төнсе, қатын ұратын еркек емес, адал жүріп анық басатын қазақтың азаматтары қорғайды. Депутат, министірді білмеймін. Дайын ұшағына мініп кете баратын шығар! Олардың балаларынан да әсте үміт күтуге болмас! Көріп жатырмыз. Қарапайым отбасын асырап жүргендерді көлігімен соғып өлтіріп жатыр, әйелін сабап жатыр. Ылғи бай-бағланның балалары. Ал еркек ер болуы керек. Қатының сабаған еркек -еркек емес. Бірақ, қарапайым еркекті заңмен тұқыртып, ез қылу соншалықты кімге керек болды екен!? Әлде бізде қазақтың еркегінен де, көшедегі иті қадірлі ме!? Парламентте еркек болса, осы заңды қайта бір қараса екен!? Әй қайдам… Заң күшіне еніп кетті. Осы сорлағанымыз, сорлаған шығар!? Ертең еркектер біздің құқығымыз тапталып жатыр деп БҰҰ-на хат жазып жатса ҚЫЗЫҚСТАН сонда болармыз!

Бурабайдың Жеңісі

Оқылып жатыр

Саясат Нұрбек: Қыздарға сәлем салуды ешкім үйретіп жатқан жоқ

СІМ Тоқаевтың Мәскеуге сапарына қатысты пікір білдірді

Шиеліде бір топ оқушы сегізінші сыныпта оқитын қызды зорлап кеткен

ТОП посты

Қалаға айналатын ауылдар тізімі

19 марта, 2024803 рет оқылды

Апатты аймақтың тұрғындары елеусіз қала бере ме ?

26 февраля, 2024620 рет оқылды

Әкімдер қатаң сөгіс алды

30 марта, 2024528 рет оқылды

«Су емес у ішіп отырмыз» Түркістандықтардың жан айқайы

24 марта, 2024506 рет оқылды

Оразаға бір апта қалды: нені білу қажет

3 марта, 2024467 рет оқылды

Экологиялық эмиссия салығын көбейту керек

14 марта, 2024447 рет оқылды

Жиырма бес мың жетімнің көз жасы!..

4 марта, 2024417 рет оқылды

Құс фабрикасы немесе адам өмірі?

1 августа, 2024327 рет оқылды

Қазақстан қаптаған ескі қарулар мен әскери ұшақтарын сатып жатыр

17 марта, 2024319 рет оқылды

Қоянды әкімдігі қыста қар тазалауға 30 млн тенге бөлген

31 марта, 2024311 рет оқылды
Новости

BAYTAQ партиясында басшылық құрам өзгерді


Басты тақырып 8 мая, 2025

Партия жетекшілерінің бірі — атқарушы хатшы Нұрлан Көптілеуов қызметінен кетті. Оның орнына бұл жауапты қызметке…

Сенатор парадқа ардагерді кіргізбеген полицияны қорғап шықты

8 мая, 2025

Саясат Нұрбек: Қыздарға сәлем салуды ешкім үйретіп жатқан жоқ

8 мая, 2025

СІМ Тоқаевтың Мәскеуге сапарына қатысты пікір білдірді

8 мая, 2025

Елдегі өмір сүру ұзақтығы орташа индекспен 75 жасқа ұзарды

5 мая, 2025

Биыл 500 млрд теңге инвестиция тартылды

5 мая, 2025

Президент АЭС құрылысын жеделдетуді тапсырды

5 мая, 2025

Иранда әйелдер мінген ұшақ рейсі қатынады

5 мая, 2025

Түркістан облысында тұрғындар мектеп салып беруді сұрайды

5 мая, 2025

Оралда көпбалалы отбасының балаларына арналған жаңа жылдық шырша ұйымдастырылды

5 мая, 2025

«Қолынан пышақтың жүзін көрдім»: Шерзат сотында екінші куәгер қыз жауап берді

28 апреля, 2025

Шиеліде бір топ оқушы сегізінші сыныпта оқитын қызды зорлап кеткен

28 апреля, 2025

Шерзат Полаттың ісі: куәгер мылтық пен пышақтың ғайып болғанын айтты

28 апреля, 2025

Астаналық жігіт сүйген қызына 5 млн теңге ақша аударып, артынан оны сотқа берген

28 апреля, 2025

Семейде мұғалім сабақ үстінде оқушы қыз баланың мойнынан сипалаған

28 апреля, 2025

Қазақстандық атақты ғалым қайтыс болды

28 апреля, 2025

СҚО әкімі тасқын су астында қалған ауылды қайықпен аралап, дронға түсірді

28 апреля, 2025

Димаш Құдайбергеннің үйінде үлкен той болатын болды

28 апреля, 2025

Қазақстанда тағы бір пойызда әйелдер вагоны пайда болды

28 апреля, 2025

Елімізде алдағы үш күнде үсік жүреді

28 апреля, 2025
Бізге жазылыңыз
  • Facebook
  • Instagram
  • YouTube
  • TikTok
  • Telegram
Мерзімді баспасөз басылымын, ақпарат агенттігін және желілік басылымды есепке қою туралы КУӘЛІК №KZ59VPY00114494 Берілген күні: 11.03.2025 Астана қ.
Ақпарат агенттігін есепке қою туралы КУӘЛІК №KZ59VPY00114494 Берілген күні: 11.03.2025 Астана қ.

Пайдалы сілтемелер

  • Русский
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Русский
  • Біз туралы
  • Байланыс
Сайт картасы
  • Басты
  • Қоғам
  • Әлем
  • Оқиғалар
  • Қаржы
  • Саясат
  • Сыбыс бар
  • Қоршаған орта
  • Басты
  • Қоғам
  • Әлем
  • Оқиғалар
  • Қаржы
  • Саясат
  • Сыбыс бар
  • Қоршаған орта
Әлеуметтік желілер
Facebook Instagram TikTok Telegram YouTube

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.