БЖЗҚ жинақтарын қолдану ережелері өзгертілді
Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау мақсатында Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі тұрғын үй жағдайын жақсарту мақсатында Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан түсетін мақсатты жинақ төлемдерін пайдалану қағидаларын әзірлеп бекітті
Бұл ережелерге сәйкес, 18 жасқа толған жастар өздерінің өмір сүру жағдайларын жақсарту үшін жинақталған қаражатты пайдалану мүмкіндігіне ие болады.
Осы орайда жинақталған қаражатты азаматтық-құқықтық мәмілелер бойынша түпкілікті есеп айырысуға, ипотекалық несиелер бойынша бастапқы жарна төлеуге, тұрғын үй құрылыс жинақ салымдарын толықтыруға бағыттауға болады.
Сонымен қатар, мақсатты жинақтарды толықтыру үшін жақын туыстары мен жұбайларының салымдарын бөлу мүмкіндігі қарастырылған. Дегенмен, үйді жұбайынан немесе жақын туыстарынан сатып алуға жол берілмейтінін ескерген жөн.
БЖЗҚ жинақтарын қолдану ережелері өзгертілд
Пайдалы сілтемелер
Сайт картасы