• Русский
  • Біз туралы
  • Байланыс
Menu
  • Русский
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Басты
  • Қоғам
  • Әлем
  • Оқиғалар
  • Қаржы
  • Саясат
  • Сыбыс бар
  • Қоршаған орта
Menu
  • Басты
  • Қоғам
  • Әлем
  • Оқиғалар
  • Қаржы
  • Саясат
  • Сыбыс бар
  • Қоршаған орта
Главная страница » Далбай Қалбаевич

Далбай Қалбаевич

14 апреля, 2024 Қоғам
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

 

Мына қол таза болсын!-деп екі қолын жайып жиналысқа отырғандарға қарап сабырлы сөйледі.
-Дұрыс айтасыз Далбай Қалбаевич,-деп ілім әкетті замы… Далбай Қалбаевич тумысынан таза, әділ адам… Сондықтан да, осы жерде отырған үлкені бар, кішісі бар, ірісі бар, тірісі бар барлығымыз осы кісіден яғни шефтан үлгі алуымыз керек. Ия… Далбаев Қал-бай-евич…Да!?
Қабағын түйіп сыздаған мекеме басшысы су ішкісі келді ме, тамағына тас тұрғындай жөткірініп еді. Зам орнынан лып етіп тұрды. Әдемі ыдысқа су құйды. Міне кейі-ңіз..!
-Өсетін бала-деді кеңесші.
-Жағымпаз,-деді БасБух.
-Сұм,-деді ішінен осы мекеменің кіші қызметкері.
-Сонымен әріптестер!.. Біздің жұмысымыздың барлығын халық көреді. Игіліктің ерте-кеші жоқ. Сіз боп, Біз боп бірігіп мына бес саусақтай жұмылып жұдырық болуымыз керек… Сондықтан да, да…да бәріңізге қатысты. Қазына мүлкінен бір тиын ұрланатын болса, мына мен аямаймын. Өзіміз де алмаймын (Құдай сақтасын!) Сіздерге де алғызбаймын,-деп жөткірініп барып басылды. Сонымен жаңа басшының алғашқы актив жиыны аяқталды.
*
Құдай берем десе,
Құдай жарылқаймын десе,
Құдай есіркеймін десе, сол екен -ау!.. Масатындай гүлденіп келе жатқан мамырдың мінезі бірден өзгерді. Ал кеп қар жаусын. Боран болсын… Қала көшесі езілді де кетті. Артынан былш-былш еріді. Өсекторлар пырт-пырт жазып жатыр.
Үйімізді су алды дейді.
Топан су басты дейді.
Көшеміз лай батпақ дейді.
Бірден шұғыл жиын өткізді Далбай Қалбаевич. Алдымен табиғаттың тосын мінезін айтып жиынды бір-аз сағыздай созды. Қараша халықтың жәйі мен күйі деп, алаң көңілін білдірді. Жиналыстың басында үнсіз отырып, сосын барып қорқылдап ұйықтап кеткен бірер маманға қатаң сөгіс берді.
Ауылдың жауапты басшыларын орындарынан тұрғызып сілкіп шаңдарын қағып алды.
Замға ақикөзденіп тапсырманы уақытылы орындамайсың деп оған зекіді.
БасБухты орнынан тұрғызып бюджетті уақытылы жоспарламайсыз деп мәймөңкелеп (әрине сценарий бойынша келіссіммен) біраз ұрысып қабағын түйді.
Ең соңында жұмсарды. Құрметті жиынға қатысушылар. Мамыр айыңда табиғат тосын мінез көрсетті. Қардың қалыңдығы бір жарым метр-ге дейін көтерілген. Осы қарды тысқа шығарсақ, со-ған ия… иә… бюджеттен қаржы қарастырмақшымыз,-деп жан-жағына қарады. Алдымен БасБух «мақұл дегендей бас изеді. Одан кейін Зам… кейінгі мамандар. Қысқасы бірауыздан шешім қабылданды. Мөр қойылды. Дауыс берілді. Шешімі шығып қағазға бекітілді.
*
-Шіркін, Далбай Қалбаевич Сіз өте таланттысыз. Алғырсыз, ақылдысыз. Прямо Гейнийсіз ғой… Бірде-біреуі аузын ашқан жоқ. Бір жарым метрге дейін қар жауды дегенде, тысқа ана бір ақикөз тәпелтек маман жігіт көз салды. Қар қайда дегендей. Вовще сол маған ұнамайды,-деді Зам.
-Һім… Анау коттедж үйіңіздің шатырын бірер күнде жабады,
Суы тартылды, айналасы қоршалды.
Жиһазына басқасына тапсырыс берілді. Енді… тек қоныс тойы ғана қалды,-деп басшысының қолтығынан демеді Зам.
*
Ертеңіне шағын қаланың көшесінде қолына күрек ұстаған мекеменің жұмысшылары мен тырқылдақ ескі көксау трактор оңды-солды шапқылады. Жүк машинасымен тысқа бір машина қар шықты. Сол күні тағы да жапалақтап қар жауғаны мұң болды. Сөй-тіп Далбай Қалбаевичтің мақсаты іске асты. Маусымның бас кезінде Далбай Қалбаевич жол апатына түсіп, басынан зақым алыпты-мыс. Денсаулығына байланысты жұмыстан босады. Бірақ Зам мен БасБухты қазір жемқорлық фактісімен Антикор қайта-қайта тергеуге шақырып жатыр. «»Табиғат бұзылған ба, әлде адам бұзылған ба, мамыр айыңда бір жарым метрге дейін қар жауғаны шынымен-ақ қызық дейді антикордың тергеушілері.
Ал Зам мен БасБу:-Қардың жауғаны ып-ырас, даже сол күні бір жарым метрге дейін жауған қарды мекеме қызметкерлері жаппай шығып әрең деген-де тысқа шығарып халықтың алғысын алдық,-деп міз бақпайды. Ақыры екеуі істі болды.
Ал Далбай Қалбаевич жеке ресторан ашып алып, бизнесін жүргізіп жатыр. Баяғы Зам мен БасБухты ара-тұра еске алады «байғұстардың отырған орнына аз-мұз қаражат жіберу керек еді» деп ойлайды. Бірақ қолы тимей жүр…
Бурабайдың Жеңісі

Оқылып жатыр

«Бүкіл аймақ сусыз қалуы мүмкін»: Кош-Тепа каналының салынуы Қазақстанға қалай әсер етеді

Қажылыққа заңсыз барғандарға айыппұл салынады – ҚМДБ

Вице-министр шиеге 15 мың теңгесін қимайды

ТОП посты

Қалаға айналатын ауылдар тізімі

19 марта, 2024806 рет оқылды

Апатты аймақтың тұрғындары елеусіз қала бере ме ?

26 февраля, 2024620 рет оқылды

Әкімдер қатаң сөгіс алды

30 марта, 2024536 рет оқылды

«Су емес у ішіп отырмыз» Түркістандықтардың жан айқайы

24 марта, 2024506 рет оқылды

Оразаға бір апта қалды: нені білу қажет

3 марта, 2024467 рет оқылды

Экологиялық эмиссия салығын көбейту керек

14 марта, 2024447 рет оқылды

Жиырма бес мың жетімнің көз жасы!..

4 марта, 2024417 рет оқылды

Құс фабрикасы немесе адам өмірі?

1 августа, 2024327 рет оқылды

Қазақстан қаптаған ескі қарулар мен әскери ұшақтарын сатып жатыр

17 марта, 2024320 рет оқылды

Қоянды әкімдігі қыста қар тазалауға 30 млн тенге бөлген

31 марта, 2024312 рет оқылды
Новости

«Бүкіл аймақ сусыз қалуы мүмкін»: Кош-Тепа каналының салынуы Қазақстанға қалай әсер етеді

Басты тақырып 15 мая, 2025

Ауғанстанда Кош-Тепе каналының салынуы Сырдария арқылы Қазақстанға келетін су көлемінің азаюына себеп болуы мүмкін, деп…

Депутат министрлерді жасанды интеллектпен ауыстыруды құптайды

14 мая, 2025

Қажылыққа заңсыз барғандарға айыппұл салынады – ҚМДБ

14 мая, 2025

Вице-министр шиеге 15 мың теңгесін қимайды

14 мая, 2025

Дариға Назарбаеваның қарасораға қатысы жоқ — министр

13 мая, 2025

Жетісуда православ зираты тағы да су астында қалды

13 мая, 2025

Талғат Ардан Түркияда ұсталды

13 мая, 2025

Рысқалиевті аңдыған тыңшылар сотталды  

13 мая, 2025

Нұртас Адамбай өзі туралы кітап жазып жатыр

12 мая, 2025

Берденов: Күнделікті тіршілігіме оралатын сәт таяп қалды

12 мая, 2025

Қоспаев тобының Болат Назарбаевпен байланысы қандай?

12 мая, 2025

Бапи: Украина жариялаған демарштың бізге көп әсері бола қоймас

12 мая, 2025

Астананы Нұрсұлтан деп атауды ұсынған экс-депутат орденмен марапатталды

12 мая, 2025

Бұрынғы экономика министрі: Салықты ешкім қуанып төлемейді

12 мая, 2025

Киев Мәскеудегі әскери парадқа қатысқан елдерге наразылық білдірді

10 мая, 2025

BAYTAQ партиясында басшылық құрам өзгерді


8 мая, 2025

Сенатор парадқа ардагерді кіргізбеген полицияны қорғап шықты

8 мая, 2025

Саясат Нұрбек: Қыздарға сәлем салуды ешкім үйретіп жатқан жоқ

8 мая, 2025

СІМ Тоқаевтың Мәскеуге сапарына қатысты пікір білдірді

8 мая, 2025

Елдегі өмір сүру ұзақтығы орташа индекспен 75 жасқа ұзарды

5 мая, 2025
Бізге жазылыңыз
  • Facebook
  • Instagram
  • YouTube
  • TikTok
  • Telegram
Мерзімді баспасөз басылымын, ақпарат агенттігін және желілік басылымды есепке қою туралы КУӘЛІК №KZ59VPY00114494 Берілген күні: 11.03.2025 Астана қ.
Ақпарат агенттігін есепке қою туралы КУӘЛІК №KZ59VPY00114494 Берілген күні: 11.03.2025 Астана қ.

Пайдалы сілтемелер

  • Русский
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Русский
  • Біз туралы
  • Байланыс
Сайт картасы
  • Басты
  • Қоғам
  • Әлем
  • Оқиғалар
  • Қаржы
  • Саясат
  • Сыбыс бар
  • Қоршаған орта
  • Басты
  • Қоғам
  • Әлем
  • Оқиғалар
  • Қаржы
  • Саясат
  • Сыбыс бар
  • Қоршаған орта
Әлеуметтік желілер
Facebook Instagram TikTok Telegram YouTube

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.