«Декларация тапсыруды сылтаулатып шақырған»: Салық қызметкері алаяқтық жасаған
Бас прокуратура мәлдіметінше, салық органының қызметкері қарапайым азаматтарды декларация тапсыру қажеттігін сылтаулатып шақырып, олардың жеке және биометриялық (адамның бет-әлпетін сәйкестендіру) деректерін өзінің ұялы телефонына түсіріп, онлайн түрде жәбірленушілерге микро-несие рәсімдеп өзінің шоттарына аударған.
«Прокуратураның нұсқауларын орындау барысында алаяқ анықталып, Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексінің 190-бабы бойынша («Алаяқтық») қылмыстық жауапкершілікке тартылды. Сондықтан, облыс прокуратурасы азаматтарды барлық ақпараттарды жан-жақты тексеріп, бейтаныс адамдардың онлайн режимінде түрлі қаржылық операцияларын жүргізу туралы ұсыныстарына сыни тұрғыда қарау қажет», — делінген хабарламада.