• RUS
  • Біз туралы
  • Байланыс
Menu
  • RUS
  • Біз туралы
  • Байланыс
Facebook Instagram TikTok Telegram YouTube
  • QAZ
  • RUS
  • Басты
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Әлем
  • Төтенше жағдай
  • Қоғам
  • Қылмыс
Menu
  • Басты
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Әлем
  • Төтенше жағдай
  • Қоғам
  • Қылмыс
RUS
Главная страница » E-Tamga: ҚҚС-ны не үшін аванспен төлеу керек?

E-Tamga: ҚҚС-ны не үшін аванспен төлеу керек?

17 сентября, 2025 Басты тақырып
Фото: pexels.com

Астана. 17 қыркүйек. BM.KZ – E-Tamga жаңа жүйесі нені білдіреді, ол кімдерге әсер етеді және іскерлік ортада неге қызу талқылауға түсті?

2026 жылдан бастап Қазақстанда қосылған құн салығы (ҚҚС) бойынша жалған операциялармен күресу және ашықтықты арттыру мақсатында әзірленген E-Tamga электронды бақылау жүйесі енгізіледі. Техникалық тұрғыдан алғанда, бұл өзгеріс ең алдымен бухгалтерияға қатысты болса да оның салдары көптеген компанияларға — әсіресе шағын және орта бизнеске әсер етуі мүмкін.

E-Tamga дегеніміз не?

E-Tamga — электронды шот-фактуралардың (ЭШФ) дұрыс рәсімделуін бақылайтын автоматтандырылған жүйе. Жаңа тәртіпке сәйкес, егер компания белгілі бір критерийлерге сәйкес келсе, ол ЭШФ жазбас бұрын арнайы салықтық шотқа ҚҚС сомасын алдын ала енгізуі тиіс. Мұндай тетік «ҚҚС-ты аванспен төлеу» деп аталады.

Басқаша айтқанда: алдымен салықты төле, содан кейін тауарды немесе қызметті сат.

Алғашқыда кімдер аванс төлеуге тиіс болды?

Қаржы министрлігі бастапқыда ҚҚС-ты алдын ала төлеу тізіміне мынадай санаттағы компанияларды енгізуді жоспарлаған:

  • жаңадан тіркелген ҚҚС төлеушілер;
  • қатысушылар құрамын толықтай өзгерткен заңды тұлғалар;
  • ЭШФ жазу құқығы қайта берілген компаниялар;
  • расталмаған айналым туралы хабарлама алғаннан кейін ЭШФ-ты қайтарып алған компаниялар.

Не өзгерді?

Кәсіпкерлердің көптеген өтінішінен кейін, оның ішінде президенке жолданған ашық хаттан соң Қаржы министрлігі бастапқы ұстанымын қайта қарады. Кәсіпкерлердің белсенділігі мен салалық бірлестіктердің қолдауымен ҚҚС авансын төлеуге тиіс компаниялар тізімі қысқартылды.

Қазір бұл тетік тек салық органдары жалғандық белгілерін көрсеткен хабарламадан кейін ЭШФ-ты қайтарып алған компанияларға қолданылады. Егер компания түсіндірме берудің орнына шот-фактураны қайтарып алуды таңдаса, келесі мәміледе ол алдын ала ҚҚС сомасын енгізуге міндетті болады.

Бұл неліктен маңызды?

Бұл тәсіл жалған ЭШФ санын азайтып, салық әкімшілендіруінің ашықтығын қамтамасыз етуге бағытталған. Алайда іскерлік орта бірқатар ықтимал салдарға алаңдаулы:

  • компаниялар айналым қаражатының тапшылығына тап болуы мүмкін, әсіресе төлемді кейінге қалдырып жұмыс істейтіндер үшін;
  • пайдаланылмаған ҚҚС сомаларын қайтару механизмі практикада әлі реттелмеген;
  • тәуекел аймағына компанияларды енгізу критерийлері әлі де түсініксіз.

Сарапшы пікірі

ҚҚС-ны аванспен төлеу тәсілін қайта қарауға белсенді атсалысқандардың бірі — Uchet.kz платформасының негізін қалаушы, экономист Максим Барышев болды. Ол Қаржы министрлігімен келіссөздерге қатысып, кәсіпкерлер мүддесін қорғауда маңызды рөл атқарды.

Оның айтуынша, бастапқыда аванс төлеу әлдеқайда кеңауқымды компанияларға қолданылмақ болған. Бірақ бизнес пен кәсіби бірлестіктердің араласуынан кейін тізім қысқарып, тетік тек ЭШФ-ны қайтарып алғандарға ғана қолданылатын болды.

«Маңыздысы — аванс автоматты түрде емес, тек анықталған тәуекелдер негізінде қолданылады. Бұл ретте салық төлеушіге алдымен түсіндірме беру мүмкіндігі беріледі. Егер ол түсіндірмеден бас тартып, ЭШФ-ты қайтарып алса — сонда ғана ҚҚС авансын төлеу механизмі іске қосылады», — деп түсіндіреді Барышев.

Ол бұл өзгерістер бизнес пен мемлекет арасындағы ашық диалогтың нәтижесі екенін атап өтіп, «естуші мемлекет» қағидаттары басқа да салықтық бастамаларда көрініс табады деген үмітін білдіреді — мысалы, B2B жеңілдетілген режим мәселесінде.

Қорытынды

Егер компания ЭШФ-ны қайтарып алмаған және расталмаған айналым туралы хабарлама алмаған болса, қазіргі жағдайда E-Tamga жүйесі оған әсер етпейді. Дегенмен бизнеске Қаржы министрлігінің түсіндірмелерін мұқият қадағалап, әкімшілендіру тәртібіндегі өзгерістерді бақылап отырған жөн.

Анық болып отырғаны — Қазақстандағы салық жүйесін реформалау күрделі өтіп жатыр: автоматтандыру, бақылауды күшейту және мемлекет пен бизнес арасындағы сенімнің әлі толық орнықпауы тоғысқан кезеңде. E-Tamga жүйесі — осы үдерістің бір ғана бөлігі. Оның түпкілікті тиімділігі мен әділдігі тек тәжірибе жүзінде айқындалмақ.

Диана Ыдырыс,

Шымкент

BM.KZ

 

E-Tamga аванс ҚҚС Салық электронды шот фактура

Оқылып жатыр

ҰБТ: үш апта ішінде 283 заңбұзушылық анықталды

Құрбан айт: ҚМДБ еліміз бойынша айт намазының кестесін жариялады

Алтын Орданың тікелей мұрагеріміз — Мемлекет басшысы

ТОП посты

Қалаға айналатын ауылдар тізімі

19 марта, 2024849 рет оқылды

Апатты аймақтың тұрғындары елеусіз қала бере ме ?

26 февраля, 2024676 рет оқылды

Әкімдер қатаң сөгіс алды

30 марта, 2024549 рет оқылды

«Су емес у ішіп отырмыз» Түркістандықтардың жан айқайы

24 марта, 2024510 рет оқылды

Оразаға бір апта қалды: нені білу қажет

3 марта, 2024473 рет оқылды

Экологиялық эмиссия салығын көбейту керек

14 марта, 2024452 рет оқылды

Жиырма бес мың жетімнің көз жасы!..

4 марта, 2024439 рет оқылды

Құс фабрикасы немесе адам өмірі?

1 августа, 2024334 рет оқылды

Қазақстан қаптаған ескі қарулар мен әскери ұшақтарын сатып жатыр

17 марта, 2024330 рет оқылды

Қоянды әкімдігі қыста қар тазалауға 30 млн тенге бөлген

31 марта, 2024312 рет оқылды
Новости

ҰБТ: үш апта ішінде 283 заңбұзушылық анықталды

Басты тақырып 2 июня, 2026

Астана. BM.KZ. 2 маусым — Бүгінгі күнге дейін өзге адамның орнына тест тапсыру дерегі анықталған…

АҚШ Сенаты алғаш рет Иранмен соғысты тоқтату туралы қарарды қолдады

20 мая, 2026

Құрбан айт: ҚМДБ еліміз бойынша айт намазының кестесін жариялады

19 мая, 2026

Қазақстандықтар шетелде тұрса да зейнетақы алуға құқылы – Конституциялық Сот

19 мая, 2026

Алтын Орданың тікелей мұрагеріміз — Мемлекет басшысы

19 мая, 2026

Лондон, Париж, Рим, Вена: елордадан Еуропа елдеріне тікелей әуе рейстері ашылады

19 мая, 2026

Бүгін Қазақстан мегаполистерінің бірінде қатты нөсер жауады

19 мая, 2026

Сан-Диего мешітіндегі атыс: үш тұрғын мен екі күдікті мерт болды

19 мая, 2026

Алдағы күндері күн күрт суытады

18 мая, 2026

Александр Бублик әлемдік рейтингіде үздік көрсеткішін қайталады

18 мая, 2026

Сұлтан Сарсемалиев істі алқа билерге беруден бас тартты

18 мая, 2026

Оқу-ағарту вице-министрі тағайындалды

18 мая, 2026

Қазақстандағы көмір қоры 300 жылдан астам уақытқа жетеді

18 мая, 2026

Жания Бекмұхамбетова Ташкенттегі турнирде алтын медаль жеңіп алды

15 мая, 2026

КТК маусым айында мұнай экспортын қысқартады

15 мая, 2026

ШҚО-да балалар стоматологиялық емханасы жұмыскерлерінің еңбекақысын төлемеген

15 мая, 2026

Қазақстан мен Түркия мәңгілік достық туралы декларацияға қол қойды

14 мая, 2026

Елдегі қай автожолдардың сапасы сын көтермейді?

14 мая, 2026

Салтанат Нүкенованың өлімі: кассациялық сот Байжановтың жазасын өзгеріссіз қалдырды

14 мая, 2026

Ақтауда полиция қызметкері көлігімен бір жарым жасар баланы қағып кетті

14 мая, 2026
Бізге жазылыңыз
  • Facebook
  • Instagram
  • YouTube
  • TikTok
  • Telegram
Мерзімді баспасөз басылымын, ақпарат агенттігін және желілік басылымды есепке қою туралы КУӘЛІК №KZ59VPY00114494 Берілген күні: 11.03.2025 Астана қ.
Ақпарат агенттігін есепке қою туралы КУӘЛІК №KZ59VPY00114494 Берілген күні: 11.03.2025 Астана қ.

Пайдалы сілтемелер

  • RUS
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • RUS
  • Біз туралы
  • Байланыс
Сайт картасы
  • Басты
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Әлем
  • Төтенше жағдай
  • Қоғам
  • Қылмыс
  • Басты
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Әлем
  • Төтенше жағдай
  • Қоғам
  • Қылмыс
Әлеуметтік желілер
Facebook Instagram TikTok Telegram YouTube

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.