Әлемнің төртінші, Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина Майами (АҚШ) WTA 1000 турнирінің төртінші айналымына шықты. Қазақстандық теннисші үшінші айналымда дүниежүзілік рейтингіде 72-орында тұрған америкалық Тейлор Таунсендпен бетпе-бет келді. Екі сағат 23 минутқа созылған тартысты бәсеке барысында Рыбакина 16 эйспен бірге 10 брейк-пойнттың төртеуін мүлт жібермеді.
Елена Рыбакина Майами турнирінің төртінші айналымына шықты
Пайдалы сілтемелер
Сайт картасы