Бүгін Сенат отырысында қаралып жатқан келісім Еуразиялық экономикалық одақтың аймағындағы еңбек көші-қоны мен оқу жетістіктерімен алмасу процесін жеңілдетудегі маңызды қадам болып табылады. Келісім ғылыми дәрежелерді автоматты түрде тануды көздейді, осылайша мүше мемлекеттер арасындағы кәсіби өзара іс-қимыл мен академиялық алмасуды жеңілдетеді. Бүгінгі күні елімізде ғылым докторы, ғылым кандидаты, философия докторы және бейіні бойынша доктор дипломдары мен 17 мыңнан астам ғалым бар, олардың жұмысы біздің елде ғана емес, шетел елдерінде де танылады және бағаланады.
Сенатор Талғат Жүнісовтың айтуынша, «Соңғы 5 жылда Қазақстан аумағында Еуразиялық экономикалық одақтың елдерінен жоғары оқу орнынан кейінгі білім туралы 500-ге жуық құжат танылды, ал біздің республикамыздан одақ елдеріндегі бекітілген ғылым докторлары мен кандидаттарының саны 1 600-ден асты.
Алайда, осы уақытқа дейін біздің ғалымдар ғылыми дәрежелерді танудың ұлттық жүйелеріндегі айырмашылықтарға байланысты өз біліктіліктерін шетелде қолдануға тырысқанда үлкен кедергілерге тап болды.
Қаралып жатқан Келісім Еуразиялық экономикалық одақтың аймағындағы еңбек көші-қоны мен оқу жетістіктерімен алмасу процесін жеңілдетудегі маңызды қадам болып табылады. Келісім ғылыми дәрежелерді автоматты түрде тануды көздейді, осылайша мүше мемлекеттер арасындағы кәсіби өзара іс-қимыл мен академиялық алмасуды жеңілдетеді» дейді.
Baimedia.kz