• Русский
  • Біз туралы
  • Байланыс
Menu
  • Русский
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Басты
  • Қоғам
  • Әлем
  • Оқиғалар
  • Қаржы
  • Саясат
  • Сыбыс бар
  • Қоршаған орта
Menu
  • Басты
  • Қоғам
  • Әлем
  • Оқиғалар
  • Қаржы
  • Саясат
  • Сыбыс бар
  • Қоршаған орта
Главная страница » Елімізде ағаш отырғызуды бизнеске айналдыру керек – эколог

Елімізде ағаш отырғызуды бизнеске айналдыру керек – эколог

20 марта, 2024 Қоршаған орта
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

Мемлекет басшысының бастамасымен Наурыз мейрамы жаңа форматта тойланып, 14-23 наурыз аралығында Наурызнама онкүндігі өткізіліп жатыр.

Оған сәйкес, 19 наурыз «Жаңару күні» болып бекітілді. Көктемгі ағаш егу дәстүрін жалғастыру мақсатында белгіленген мереке туралы El.kz ақпарат агенттігінің тілшісі білікті маманмен сұхбаттасып, мәселені саралап қайтты.

Ағаш егу — ерте заманнан келе жатқан шарапаты мол, сауабы көп іс. Жердің тоңы жібіп, алғашқы көк шыға бастаған кезде шыбық қадап, тал отырғызу — әрбір азаматтың міндеті.

Еліміздің экологиялық хал-ахуалын жақсартып, қоңыржай климат қалыптастыру жайлы эколог Азаматхан Әміртайдан сұрап, жерімізді жасыл аймаққа айналдыру туралы ой-пікірін білген едік.

El.kz: Сәлеметсіз бе?! Еліміздің экологиялық жағдайын жақсарту үшін қандай мәселелерге назар аударған жөн деп ойласыз?

Азаматхан Әміртай: Еліміздің экологиялық жағдайын жақсарту үшін ҚР Экологиялық кодексінде көрсетілген нақты шаралар іске асырылуы керек. Сондай-ақ, елімізде Су кодексін тезірек қабылдау қажет. Су кодексін қабылдасақ, автоматты түрде судың жұмсалуы мен пайдалану мәселелері ретке келтіріледі. Мәселен, бүгінгі күні көптеген ірі компания суды тегін пайдаланып отыр. Тіпті аз бағада, аз тарифте төлейтіндер бар. Ол дұрыс емес. Су — еліміздің үлкен капиталы. Сол себепті жерлестерімізді суды үнемдеуге шақырған абзал. Суды үнемдеу мәселесіне көңіл бөлу керек. Заң нормалары толықтай орындалуы тиіс. Сонымен қатар, кішкентай көлдерді сақтап қалуды да алдымызға мақсат еткеніміз дұрыс. Еліміздің әр өңірінде кішкентай көлдер көп. Бүгінде олардың көбі тартылуда. Бұл бағытта жасалуы қажет жұмыс шаш етектен. Қоршаған ортаны қорғау, қалдықтармен жұмыс жасау керектігі тағы бар. Онымен қоса, қайта өңдеу, утилизацияны қолға алу керек.

El.kz: Барлық өңірде орман өсіру ісін дамыту қажет деп ойлайсыз ба?

Азаматхан Әміртай: Әрине! Бүгінде тоқсаныншы жылдармен салыстыратын болсақ, еліміздің орман бөлігі 5 есеге азайып кетті десек болады. Бұл минималды түрде айтып отырғаным. Елімізде орман браконьерлері көп. Олар орман ағаштарын өртеп, сатады. Өз көзіммен талай мәрте көрдім. Әр ағаш белгілі қаражат тұрады. Сол себепті браконьерлермен күресті алға қою керек. Орманды қорғауымыз қажет. Керісінше, орман алқаптарын көбейтетін жаңа мотивациялық бағдарламалар ойластырған дұрыс. Қала айналасына ағаш отырғызу керек. Ал оған субсидия бөліну қажеттігі айқын. Орман отырғызу, ағаш отырғызуды бизнеске айналдырған абзал. Ол үшін мемлекет арнайы мотивация жасайтын бағдарламалар қабылдап, субсидия берілуі керек. Еуропадағы Франкфурт әуежайының өзі орманда орналасқандай. Өйткені жан жағының бәрі орман, түгел ағаш. Бос жер жоқ, тұтастай ағаш отырғызып тастаған. Қытайдың өзі барлық жерге ағаш отырғызып, көгалдандырып жатыр.

El.kz: Еліміздің барша азаматтарын ағаш егу ісіне тарту үшін не істеу керек?

Азаматхан Әміртай: Субсидия беретін мотивациялық арнайы бағдарламалар бар. Мәселен, кәсіп ашып ағаш отырғызсаңыз, мемлекет белгілі бір қаражатын төлеп тұрады. Жұмысыңыз іске асқан соң салық төлейсіз, орманды жасылдандырасыз. Елімізде ондай кәсіпті ашамыз деген кәсіпкерлердің қарасы көп. Оларды бір жұдырыққа жұмылдыру керек. Жалпыхалықтық іске айналдыру үшін субсидияны, көмекті осыған бағыттау қажет. Бұл іске тек  мемлекет емес, қарапайым халықтың да атсалысқаны жөн. Ағаш отырғызу институты бізде жойлып кетті. Бар болғанның өзінде мемлекеттік мекемелер оған тиісті дәрежеде көңіл бөлмейді. Олар ғаламтордан ақпаратты алып, соны көрсетеді. Негізі ағаш отырғызу мәселесі деген ғылым болуы керек. Ғылымды дамытпай, ештеңе істей алмаймыз. Сол себепті «Ұрық (почва) топыраққа сәйкес келеді ме? Ол қалай суғарылады? Ағаш өсіп шыққан соң ауруға шалдықса, оны қалай емдейміз?» деген сұрақтардың жауабын алу үшін мәселе ғылыми тұрғыда қарастырылғаны дұрыс. Проблемаға тереңінен қарап, салмақты шешімдер шығару керек.

El.kz: Жыл сайын көгалдандыру бойынша көтеріліп жатқан мәселелерден нәтиже шықты ма?

Азаматхан Әміртай: Көгалдандыру мәселесіне қаражат көп мөлшерде бөлінуде. Бірақ одан нәтижені көріп тұрған жоқпыз. Ағашты отырғызғанда оған арнайы питомниктер керек. Ол питомниктерді жерге сіңдіру үшін арнайы ағаштың түрлері болады. Осының барлығын қарастырған жөн. Бұл – барлығына ғылыми негізі болу керек деген сөз. Ғылыми негіз болмағандықтан, ағаштардың көбісі қирап, ауруға шалдығып, жоғалып жатыр. Оның үстіне ағаштардың барлығы дерлік — ауру. Сол себепті ғылыми негізін қалыптастыруымыз керек.

El.kz: Қаладағы ағаштар экологиялық жағдайды жақсартуға әсер ете ме? Қалай ойлайсыз?

Азаматхан Әміртай: Қаладағы ағаштар қоршаған ортаның жақсаруына әсер ететіні сөзсіз. Сол себепті ағаштарды көп мөлшерде отырғызу керек. Ағаштар автокөліктерден, құрылыс нысандарынан, үйлерден шығып жатқан шаң-тозаңдардың 4-тен 1 бөлігін жұтып алады. Сөйтіп таза оттегі бөледі. Сондықтан ағаштар қала сыртында ғана емес, ішінде  де көбірек өсірілгені дұрыс. Ол ауаның тазалығына, адамның денсаулығына оң әсерін тигізеді.

El.kz: Эрозия, топырақтың желдетілуі, су режимінің бүлінуі сияқты факторлардың әсерін азайту үшін жасыл желектерге қандай күтім жасау керек? Бөлісе отырсаңыз.

Азаматхан Әміртай: Эрозия, топырақтың желдетілуі, су режимінің бүлінуі сияқты факторларға жасыл желектер тікелей әсер береді. Мәселен, ағаштың тамыры жер асты топырағының құнарлануына, өмір нәрін беруге әсер етеді. Ағаштарды су, өзендердің бойында отырғызу керек. Алайда ғылыми негіз болмаса, ағаштың барлығы қурап қалуы мүмкін. Елімізде «Өсімдіктердің биологиясы және биотехнологиясы институты» бар. Сол жерде қызмет ететін ғалымдарды ортақ мақсатқа жұмылдыруымыз керек. Оларға арнайы қаражат бөліп, жұмыс жасату керек. Өзбекстандағы Аралқұмға 1,5 млн гектар ағаш отырғызылған. Аралқұм — тұзды жер. Тұзды жерде сексеуіл ағаштарын отырғызып, жап-жасыл желекке айналдырып отыр. Бұл — ғалымдардың арқасында жасалатын жұмыс.

El.kz: Қаланы абаттандыруға тек ағаштар емес, бұта, гүл және шөп отырғызылады. Осы тұрғыда олардың қандай экологиялық маңызы бар деп ойлайсыз?

Азаматхан Әміртай: Қаланы абаттандыру үшін ағаштан басқа өсімдіктерді де отырғызуға болады. Олар да табиғатқа өзінің нәрін, жақсылығын береді. Бірақ ағаштың орны бөлек екендігі — ақиқат.

El.kz: Қалада тұрақты экожүйе қалыптастыру мүмкін бе? Бұл процессте ғылым, мемлекет және қоғамның рөлі қандай?

Азаматхан Әміртай: Қалада экожүйені қалыптастыру кешенді жұмысты қажет етеді. Инфрақұрылым, жолдардың, үйлердің салынуы, бақтардың болуы бір-бірімен байланысты. Ағаштарды ертең кесіп тастайтын болса, оған бөлінген қаражат далаға кетеді. Сондықтан қаланың бас жоспарында барлығы қаралуы керек. Мәселен, Астананың бас жоспарында Абу-Даби Плазаның алдынан Ботаникалық баққа дейін желілік парк салыну керек еді. Бірақ 2017 жылы бас жоспарды өзгертіп, ол жерге үйлер салмақшы болды. Біздің партия бұл мәселені көтердік. Президент бізді қолдап, Абу-Даби Плазадан бастап, ботаникалық баққа дейін желілік парк салынатын болды. Ағаштар отырғызылады. Алайда, ғылыми негіз болмаса, ұзаққа бармайтын жоба болады. Өйткені, бұл — таза ғылыми істер. Мемлекет пен қоғам бұл бағытта бірігіп жұмыс жасағаны жөн.

El.kz: Қазақстандағы экотуризм жайлы не айта аласыз?

Азаматхан Әміртай: Қазақстандағы экотуризм бүгінгі күні жоқтың қасы. Өйткені экотуризмде «Туристы с рюкзаком» деген түсінік бар. Оларға тек маршрут беріліп, қауіпсіздігі қамтамасыз етілуі керек. Бүгінде Қазақстанды көрем деушілер көп. Мәселен, біреулер Аралды көргісі келеді. Енді біреулер Балқашты, үшіншілері Каспийді көруге асық. Бұл да  — туризмнің бір бағыты. Қыстыгүні қысқы экотуризмді дамыту керек. Дегенмен, бұл бағытта бізде инфрақұрылым әлі де дамымаған.

El.kz: Сұхбатыңызға рақмет!

Оқылып жатыр

Алакөлге апарар жол қалай?

«Бүкіл аймақ сусыз қалуы мүмкін»: Кош-Тепа каналының салынуы Қазақстанға қалай әсер етеді

Дариға Назарбаеваның қарасораға қатысы жоқ — министр

ТОП посты

Қалаға айналатын ауылдар тізімі

19 марта, 2024807 рет оқылды

Апатты аймақтың тұрғындары елеусіз қала бере ме ?

26 февраля, 2024620 рет оқылды

Әкімдер қатаң сөгіс алды

30 марта, 2024538 рет оқылды

«Су емес у ішіп отырмыз» Түркістандықтардың жан айқайы

24 марта, 2024506 рет оқылды

Оразаға бір апта қалды: нені білу қажет

3 марта, 2024467 рет оқылды

Экологиялық эмиссия салығын көбейту керек

14 марта, 2024447 рет оқылды

Жиырма бес мың жетімнің көз жасы!..

4 марта, 2024417 рет оқылды

Құс фабрикасы немесе адам өмірі?

1 августа, 2024327 рет оқылды

Қазақстан қаптаған ескі қарулар мен әскери ұшақтарын сатып жатыр

17 марта, 2024320 рет оқылды

Қоянды әкімдігі қыста қар тазалауға 30 млн тенге бөлген

31 марта, 2024312 рет оқылды
Новости

Шерзат ісі: Тоқтаубаев мінген көліктен қандай айғақ табылды?

Жаңалықтар 22 мая, 2025

Шерзат Полаттың өліміне қатысты іс бойынша Жетісу облысының мамандандырылған ауданаралық сотында өтіп жатқан сот процесінде…

GPS қолданбайтын жүргізуші

22 мая, 2025

Алакөлге апарар жол қалай?

22 мая, 2025

«Бүкіл аймақ сусыз қалуы мүмкін»: Кош-Тепа каналының салынуы Қазақстанға қалай әсер етеді

15 мая, 2025

Депутат министрлерді жасанды интеллектпен ауыстыруды құптайды

14 мая, 2025

Қажылыққа заңсыз барғандарға айыппұл салынады – ҚМДБ

14 мая, 2025

Вице-министр шиеге 15 мың теңгесін қимайды

14 мая, 2025

Дариға Назарбаеваның қарасораға қатысы жоқ — министр

13 мая, 2025

Жетісуда православ зираты тағы да су астында қалды

13 мая, 2025

Талғат Ардан Түркияда ұсталды

13 мая, 2025

Рысқалиевті аңдыған тыңшылар сотталды  

13 мая, 2025

Нұртас Адамбай өзі туралы кітап жазып жатыр

12 мая, 2025

Берденов: Күнделікті тіршілігіме оралатын сәт таяп қалды

12 мая, 2025

Қоспаев тобының Болат Назарбаевпен байланысы қандай?

12 мая, 2025

Бапи: Украина жариялаған демарштың бізге көп әсері бола қоймас

12 мая, 2025

Астананы Нұрсұлтан деп атауды ұсынған экс-депутат орденмен марапатталды

12 мая, 2025

Бұрынғы экономика министрі: Салықты ешкім қуанып төлемейді

12 мая, 2025

Киев Мәскеудегі әскери парадқа қатысқан елдерге наразылық білдірді

10 мая, 2025

BAYTAQ партиясында басшылық құрам өзгерді


8 мая, 2025

Сенатор парадқа ардагерді кіргізбеген полицияны қорғап шықты

8 мая, 2025
Бізге жазылыңыз
  • Facebook
  • Instagram
  • YouTube
  • TikTok
  • Telegram
Мерзімді баспасөз басылымын, ақпарат агенттігін және желілік басылымды есепке қою туралы КУӘЛІК №KZ59VPY00114494 Берілген күні: 11.03.2025 Астана қ.
Ақпарат агенттігін есепке қою туралы КУӘЛІК №KZ59VPY00114494 Берілген күні: 11.03.2025 Астана қ.

Пайдалы сілтемелер

  • Русский
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Русский
  • Біз туралы
  • Байланыс
Сайт картасы
  • Басты
  • Қоғам
  • Әлем
  • Оқиғалар
  • Қаржы
  • Саясат
  • Сыбыс бар
  • Қоршаған орта
  • Басты
  • Қоғам
  • Әлем
  • Оқиғалар
  • Қаржы
  • Саясат
  • Сыбыс бар
  • Қоршаған орта
Әлеуметтік желілер
Facebook Instagram TikTok Telegram YouTube

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.