Ғалым бүгінгі зілзаланың қаңтармен салыстырғанда анағұрлым күшті болуының себебін түсіндірді Сейсмология институтының профессоры Әлқуат Нұрмағамбетов алматылықтардың толқынды емес, тік жер асты дүмпуін сезгенін айтты.
“Жер сілкінісінің ошағы қалаға жақын болған сайын дүмпу соғұрлым тік (вертикалды) болады. Жер сілкінісі кезінде гүрілдеген дыбыс шығады. Бүгін адамдар сондай дауыс естіді. Сондай-ақ жерді алып күш тепкендей қозғалыс бірнеше секундқа ғана созылады. Жер сілкінісінің сипаты әдетте әртүрлі: жергілікті және алыс болады. Жергілікті жер сілкінісі қуатты және жоғары жиілікті болады. Сонымен қатар қаладан 20-30 шақырым қашықтықта тіркеледі. Ал қаңтар айында зілзала ошағы Қытайда орналасқандықтан ол қуатты болған жоқ және ұзаққа созылды”, – деді профессор.
Айта кетейік, бүгінгі жер сілкінісінің ошағы қаладан оңтүстікке қарай 31 шақырым жерде орналасқан.