Бұл туралы үкімет басшысының бірінші орынбасары Роман Скляр депутаттарға берген жауабында хабарлаған. «Қазіргі кезде Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінде құрылымдық өзгерістер жүргізіліп жатыр. Соның аясында дербес деректерді қорғау және ақпараттық қауіпсіздік шеңберінде мемлекеттік бақылауды жүзеге асыратын министрліктің Ақпараттық қауіпсіздік комитеті бөлімшелерінің штат санын 5 бірлікке ұлғайту мәселесі қаралуда», — делінген жауапта. Бұған дейін Қытайдың қоғамдық қауіпсіздік министрлігімен ынтымақтасатын iSoon компаниясы құпия құжаттамалардың жылыстап кетуіне жол бергені белгілі болды. Файлдар GitHub қызметінде ашық жарияланып кеткен еді. Қытайда алынған деректер талданып, сұрыпталып, интернеттегі жарияланымдарды бақылау жүйесі жасалған.
Хакерлер шабуылы: Ақпараттық қауіпсіздік комитеті тағы бес бөлімше ашқалы жатыр
Пайдалы сілтемелер
Сайт картасы