Мәдениет және спорт вице-министрі қызметін атқарған Сәкен Мұсайбеков Қазақстан Ұлттық Олимпиада комитетінің қысқы олимпиадалық спорт түрлері бойынша вице-президенті қызметіне тағайындалды, деп хабарлайды baimedia.kz.
Мұсайбеков 2021 жылы пара алу фактісімен аты шыққан. Ол кезде шенеунікті Астана әуежайында, Дубайға ұшқалы тұрған сәтінде Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметқызметкерлері ұстаған. Тексеру барысында оның жанынан Hermes брендінің әйелдер сөмкесі мен 5 мың АҚШ доллары табылған.
2025 жылдың басында Мұсайбековтің мемлекеттік қызметке қайта оралуға тырысып жатқаны белгілі болды.
Қазақпарат мәліметінше, 2021 жылы мәдениет және спорт министрінің бұрынғы орынбасары болған Сәкен Мұсайбеков қылмыстық кодекстің «Алаяқтық» бабы бойынша кінәлі деп танылып, 62 миллион теңге көлемінде айыппұл төлеуге сотталған.
Бұл істің жай-жапсары туралы «Время» газеті жазған. Басылымның хабарлауынша, шенеунікке пара ретінде құны 3 миллион теңгеден асатын әйелдер сөмкесі табысталған. Бұл сыйлық оның белгілі бір мүдделерді ілгерілетуге көмектескені үшін алғыс ретінде берілгені айтылған.
Фото: Baq.kz