• Русский
  • Біз туралы
  • Байланыс
Menu
  • Русский
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Басты
  • Қоғам
  • Әлем
  • Оқиғалар
  • Қаржы
  • Саясат
  • Сыбыс бар
  • Қоршаған орта
  • Русский
Menu
  • Басты
  • Қоғам
  • Әлем
  • Оқиғалар
  • Қаржы
  • Саясат
  • Сыбыс бар
  • Қоршаған орта
  • Русский
Главная страница » Ислам діні министрінің орынбасары

Ислам діні министрінің орынбасары

23 апреля, 2024 Қоғам
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

Қазір білім мен ғылым сан салаға бөлініп, олардың әр қайсысының өз білгірлері мен ғұламалары жіктелген заманда өмір сүріп келеміз. Сәл ертеректе қарапайым халық араларындағы саралы, саналы тұлғаларды өз бетінше атақтап, мадақтап, ғұлама деген сияқты қосымша дәріптеуші, ерекше үстем тұтушы атаулар беріп, бүкіл ауыл, аймақ оны қабыл алатын. Сондай ерекше жандардың бірі Жаркент өңірінде өмір сүрген Жұмағұл имам болатын. Ол ислам дінін жетік білуімен замандастарынан ерекшеленді. Дүниеден баяғыда озса да оны өңір халқы осы күнге дейін әулие, ғұлама еді деп еске алады. 

Ілім қуған жас

Жұмағұл Көкшебайұлы 1894 жылы Жаркент өңіріндегі Қоңырөлең ауылында дүниеге келген. 7 жасынан бастап әкесі Көкшебай сол кездегі Жаркент өңіріндегі Сайранқұл, Қасымбек, Жанайбек деген білгір атақты молдалардан хат танытып, оқи, жаза білетін жағдайға жеткізеді. Жұмағұл зеректігімен, алғырлығымен Құранды терең танып, барлық шарттарымен дұрыс оқып, толық аударып шыға алатын болды. Аттары аталған қазақ молдаларының білетінін толық меңгерді. Одан соң әкесі Көкшебай Жаркент қаласында мұсылман балаларын өте жақсы оқытып, жоғары білім беретін, ислам дінін үйрететін медресе бар деп естиді. Көкшебай баласын осы медресеге оқуға береді. Ол медреседе оқитын балаларға ұлты ұйғыр, халық «Бұлбұл қари» деп атап кеткен Бұхар Шарифтегі ең жоғарғы ислам дінін оқытатын мектепті бітіріп, одан Меккедегі ислам дінін оқытатын ең жоғарғы мектепте үш жыл оқып келген Лутполла қажыдан сабақ алады. Ол «Мен білетін білімді үйреніп болдыңдар, медресені оқып бітірдіңдер, енді емтихан алып білімді қалай меңгергендеріңді сынап көріп, куәлік беремін» деп, мамыр айында Жаркент өңіріндегі барлық білімді молдаларды шақырып, солардың қатысуымен емтихан алып, сынап көреді. Емтиханға ұлты әр түрлі жетпіс бала қатысқан. Сол жетпіс баланың ішінде бірінші орынды Жұмағұл Көкшебайұлы жеңіп алып, куәлікпен қоса ақшалай және заттай сыйлықтар алады.

Түрмедегі керемет

Жаркенттегі медресені бітіргенде Жұмағұл 18 жаста болатын. Содан бастап ол кісіні әрбір ауыл имам етуге құштар еді. Тіпті таласып, жанжалдасатын кездері де болған. Содан Суанның игі жақсылары мен болыс, билері ақылдасып, әр ауылда үш жылдан имам және мұғалім болып, балаларды оқытып, ислам дінін үйретеді. Алдымен Бұрхан ауылында үш жыл, Шежін ауылында үш жыл имам және мұғалім болады. Кейін оны Жаркент уездік дін мекемесі шақырып, қазы, муфти деген атақ беріп, имам мәзім, мутауалилерді сайлап, жұмысын қадағалап отырумен қоса, ислам дінінің халық арасында дұрыс жүргізілуіне басшылық етуді тапсырады.

Бірнеше жыл осы жұмысты істеп жүргенде заман өзгеріп, Кеңес өкіметі құрылып, би, болыс, бай, кулактар мен қожа, молда, төрелерді құрту керек деген заң шығады. Оларды қамауға ала бастағанда, Жұмағұл Көкшебайұлын да молда деген атпен ұстап, бес жыл Жаркент түрмесіне қамаған. Жұмағұл молда жатқан бесінші камераға түнде құлпы салып, кілтін алып кеткен милиционер ертесінде ертемен келсе, құлпы ашылып жерде жатады. Молда қашып кеткен шығар деп ішке кірсе, молда тып-тыныш ұйықтап жатады. Молданы оятып құлпыны кім ашты деп сұраса, молда білмеймін, мен далаға шыққаным жоқ дейді. Аң-таң болған милиционер кешке тағы да есікті құлпылап, мұқият тексеріп, сілкілеп қарайды. Құлпы толық салынған. Кеше шала жабылған шығар, бүгін құлпы ашыла қоймас, деп ойлап, кілтін алып үйіне кетеді. Ертемен келсе құлпы тағы да ашылып жерде жатады. Милиционер бастығына болған жағдайды айтса, ол ашуланып, өтірік айтасың, кешке өзім барып құлпы саламын деп жібереді. Кеш батқаннан кейін түрме бастығы Самойлов деген орыс өзі барып, құлпыны мықтап салып, ертемен түрмеге келіп қараса, құлпы ашылып жерде жатады. Самойлов таң қалады да тағы екі күн құлпыны өзі салып көреді. Күнде ертемен келсе құлпы ашылып жерде жатады. Самойлов бұл молда қасиетті Адам екен, бұл кісінің есігіне құлпы салудың қажеті жоқ, бірақ қашып кететін шығар, бақылап көрейік деп түнімен күзет қойып қаратады. Бірақ молда қашпайды. Самойлов бұл кісі қашпайтын сенімді адам екен деп, қамаудағы жұмыс істейтін адамдарға бастық етіп қояды. Күнде ертемен қамаудағыларды жұмысқа алып барып, жұмыс істетіп, кешке қайтып алып келіп тұрады. Сонымен белгіленген мерзімді уақыты толып, түрмеден аман-есен босап шығып үйіне келеді.

Дін ғұламасы

Ауылына келгеннен кейін шаруашылығына қарап, тіршілігін жасап жүргенде, туған-туыстарымен Қытайға өтіп кетеді. Қытайға барғаннан кейін Қорғас ауылындағы үлкен өзендердің бірі, Кеген өзенінің бойындағы Әміре, Сүлеймен, Дәуіт деген кісілер салдырған мешітке имам болып және ислам дінін оқытатын мұғалім болып істеді. Шығыс Түркістан өкіметі тұсында Ислам діні министрінің орынбасары болып қызмет етті. Ахун деген атақ берілген. Одан соң Лаусагун ауылының шетіндегі қазақ мешітіне имам болды.

1957 жылы бүкіл қытайлық әр түрлі діндегі дін басылардың құрылтайына Шыңжаң Өлкесінен делегат болып Пекинге барған.

Қытайдағы Қазақстан азаматтары еліне қайтқанда, отбасымен бірге Қазақстанға көшіп келіп, Қоңырөлең ауылына орналасады. 1962 жылы ауырып қайтыс болып, Қоңырөлең ауылындағы бейітке жерленеді. Жұмағұл атамыз қытайдан келгенде ұйғыр, дұнған, шешен, халықтары қазақтың ғұламасы келді деп әңгіме жасаған көрінеді. Баласы Нұрмәулен Жұмағұлұлы ауданымыздың бас имамы қызметін жиырма бес жылдай атқарды. Егеменді ел болғанымызда алғашқылар қатарында қажылық міндетін өтеп келген болатын.

 

Қабди ЖАЙШИБЕКОВ,

                                  Сатыбай МЫРЗАХМЕТОВ,

                                     Панфилов ауданының

                                    «Құрметті азаматтары».

                                 Амангелді ТУМАБАЕВ,

кәсіпкер.

Оқылып жатыр

Мемлекет басшысы 3 Заңды өзгерту мен түзету туралы құжатқа қол қойды

Фермер 18 млн теңгесін өндіріп алды

Қарапайым аула сыпырушы — Шымкенттің Құрметті тұрғыны атанды

ТОП посты

Қалаға айналатын ауылдар тізімі

19 марта, 2024811 рет оқылды

Апатты аймақтың тұрғындары елеусіз қала бере ме ?

26 февраля, 2024621 рет оқылды

Әкімдер қатаң сөгіс алды

30 марта, 2024542 рет оқылды

«Су емес у ішіп отырмыз» Түркістандықтардың жан айқайы

24 марта, 2024508 рет оқылды

Оразаға бір апта қалды: нені білу қажет

3 марта, 2024467 рет оқылды

Экологиялық эмиссия салығын көбейту керек

14 марта, 2024447 рет оқылды

Жиырма бес мың жетімнің көз жасы!..

4 марта, 2024418 рет оқылды

Құс фабрикасы немесе адам өмірі?

1 августа, 2024327 рет оқылды

Қазақстан қаптаған ескі қарулар мен әскери ұшақтарын сатып жатыр

17 марта, 2024320 рет оқылды

Қоянды әкімдігі қыста қар тазалауға 30 млн тенге бөлген

31 марта, 2024312 рет оқылды
Новости

Мемлекет басшысы 3 Заңды өзгерту мен түзету туралы құжатқа қол қойды

Басты тақырып 15 июля, 2025

Бүгін ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 3 бірдей Заңға қол қойды. Оның бірі «Қазақстан Республикасының кейбір…

Елімізде коммуналдық қызметтерге тариф бағасы өседі

15 июля, 2025

Теңге одан әрі құнсызданбайды

15 июля, 2025

Қазақстанда бірнеше өңірге аптап ыстық пен дауылды ескерту жарияланды

15 июля, 2025

Фермер 18 млн теңгесін өндіріп алды

14 июля, 2025

МӘМС-ке өзгеріс енді

14 июля, 2025

Президент Әбдіғали Қаймолдиннің отбасына көңіл айтты

14 июля, 2025

Сәтбаевта әкімдік қызметкері 16 млн теңгені құмар ойынға тіккен

14 июля, 2025

Перизат Қайрат сотта қорға қатысты Бауыржан Байбектің атын атады

14 июля, 2025

Алматыда «Matic Basket» атты қаржы пирамидасының жолы кесілді

14 июля, 2025

Қарапайым аула сыпырушы — Шымкенттің Құрметті тұрғыны атанды

12 июля, 2025

13 шілде білім беру грантына өтініш қабылдау басталады

12 июля, 2025

34 миллион теңге құмар ойынға кеткен: Мемқызметкер қызметінен босатылды

12 июля, 2025

61 млн теңге қарызын өтеуден қашқан борышкердің әрекеті әшкереленді

12 июля, 2025

Маңғыстауда мефедрон жарнамалағандар сотталды

11 июля, 2025

“Жабайы Арманның” сыбайласы деп күдікке ілінген азамат БАӘ-де ұсталды

11 июля, 2025

Қызылордада есепші маман медициналық кереует бағасын үш есеге өсірді деген күдікке ілінді

11 июля, 2025

Шымкентте жүргізуші куәлігі жоқ азамат жол апатынан кейін сотталды

10 июля, 2025

Астанада құрылысы басталмаған үйге қаражат құйған 400-ден астам отбасы алданып қалған

10 июля, 2025

Ең биік, ең қауіпсіз: Шымкентте жаңа тұрғын үй кешені бой көтеруде

1 июля, 2025
Бізге жазылыңыз
  • Facebook
  • Instagram
  • YouTube
  • TikTok
  • Telegram
Мерзімді баспасөз басылымын, ақпарат агенттігін және желілік басылымды есепке қою туралы КУӘЛІК №KZ59VPY00114494 Берілген күні: 11.03.2025 Астана қ.
Ақпарат агенттігін есепке қою туралы КУӘЛІК №KZ59VPY00114494 Берілген күні: 11.03.2025 Астана қ.

Пайдалы сілтемелер

  • Русский
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Русский
  • Біз туралы
  • Байланыс
Сайт картасы
  • Басты
  • Қоғам
  • Әлем
  • Оқиғалар
  • Қаржы
  • Саясат
  • Сыбыс бар
  • Қоршаған орта
  • Русский
  • Басты
  • Қоғам
  • Әлем
  • Оқиғалар
  • Қаржы
  • Саясат
  • Сыбыс бар
  • Қоршаған орта
  • Русский
Әлеуметтік желілер
Facebook Instagram TikTok Telegram YouTube

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.