• RUS
  • Біз туралы
  • Байланыс
Menu
  • RUS
  • Біз туралы
  • Байланыс
Facebook Instagram TikTok Telegram YouTube
  • QAZ
  • RUS
  • Басты
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Әлем
  • Төтенше жағдай
  • Қоғам
  • Қылмыс
Menu
  • Басты
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Әлем
  • Төтенше жағдай
  • Қоғам
  • Қылмыс
RUS
Главная страница » Көлсайға кіру қанша теңге тұрады?

Көлсайға кіру қанша теңге тұрады?

16 июля, 2024 Қоршаған орта

Көлсайға кіру қанша теңге тұрады?

Ай басында президент «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ерекше қорғалатын табиғи аумақтар және электр энергетикасы мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заңға қол қойды. Спорт және туризм министрлігі өзгертулер мен толықтыруларға тоқталып, қай салық алынғанын және қандай қызметтер ақылы болатынын нақтылап ұсынды.

Спорт және туризм министрлігінің мәліметіне сүйенсек, «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» кодекске өзгерістер енгізу жобасымен ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың сыртқы шекаралары шегінде республикалық және жергілікті маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды пайдаланғаны үшін төлемақы алу тәртібін регламенттейтін Салық кодексінің 7-параграфын алып тастау көзделіп отыр. Осы күнге дейін әр адам мемлекеттік табиғи қорықтар, ұлттық табиғи парктер, табиғи резерваттар, мемлекеттік өңірлік табиғи парктерге кіргені үшін 0,1 АЕК (369 теңге) төлейтін. Бұдай былай аталмыш төлемақы алып тасталып, дегенмен ондағы туристерге көрсетілетін қызмет түрлері ақылы күйде қала бермек.

Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы заңның 38-бабына (Қазақстан азаматы табиғатты сақтауға және табиғат байлықтарына ұқыпты қарауға міндетті) сай, туристер табиғат қорғау мекемелеріне келесі қызметтер үшін ақы төлейді:

  • Туристік соқпақтар, туристік базалар;
  • Тамашалау алаңдары,
  • Демалу алаңқайлары,
  • Көлiк тұрақтары,
  • Кемпингтер,
  • Шатырлы лагерлер немесе оларды орналастыратын орындар;
  • Қонақүйлер, мотельдер;
  • Балық өсіру шаруашылықтары,
  • Қоғамдық тамақтандыру, сауда орындары
  • Ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың басқаруындағы басқа да мәдени-тұрмыстық мақсаттағы объектілер немесе оларды орналастыратын орындар.

“Әр табиғат қорғау мекемесі «Өзінің қарауындағы заңды тұлға мәртебесін алған республикалық маңызы бар табиғат қорғау мекемелері ұсынатын қызметтер үшін тарифтердің мөлшерін бекіту туралы» 2020 жылғы 30 желтоқсандағы №27-5-6/253 бұйрыққа сәйкес қызметтер көрсеткені үшін төлемақы алады”, – деп мәлімдеді министрлік.

Экология министрлігі республикалық маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтар көрсететін қызметтердің тарифтеріне өзгерістер енгізу туралы бұйрықты әзірледі. Табиғи аумақтарға транспортпен кіру үшін келесідей тарифтер белгіледі:

Алматы мемлекеттік табиғи қорығы

  • Мотоцикл, мопед, квадроциклдер кіруі үшін – 0,4 АЕК (1476 теңге);
  • Жеңіл көліктер – 0,7 АЕК (2584 теңге);
  • 16 орындық шағын автобустар мен жүк көліктер – 2,5 АЕК (9230 теңге);
  • 32 орындық автобус – 5 АЕК (18 460 теңге);
  • 32-ден астам орны бар автбустар үшін –  7 АЕК (25 844 теңге).

Аталған тарифтер келесі қорықтарға да қатысты:

  • Ақсу-Жабағылы мемлекеттік табиғи қорығы;
  • Батыс — Алтай мемлекеттік табиғи қорығы;
  • Қорғалжын мемлекеттік табиғи қорығы.

 «Алтын Емел» мемлекеттік ұлттық табиғи паркі

  • Мотоцикл, мопед, квадроциклдер  – 0,6 АЕК (2 215 теңге);
  • Жеңіл көліктер – 0,9 АЕК (3 322 теңге);
  • 16 орындық шағын автобустар мен жүк көліктер – 3,5 АЕК (12 922 теңге);
  • 32 орындық автобус – 7 АЕК (25 844 теңге);
  • 32-ден астам орны бар автбустар үшін –  10,5 АЕК (38 766 теңге).

 Катон-қарағай мемлекеттік ұлттық табиғи паркі

  • Мотоцикл, мопед, квадроциклдер  – 0,3 АЕК (1 107 теңге);
  • Жеңіл көліктер – 0,4 АЕК (1 476 теңге);
  • 16 орындық шағын автобустар мен жүк көліктер – 2 АЕК (7 384 теңге);
  • 32 орындық автобус – 4 АЕК (14 768 теңге);
  • 32-ден астам орны бар автбустар үшін –  6 АЕК (22 152 теңге).

 «Көлсай көлдері» мемлекеттік ұлттық табиғи паркі

  • Мотоцикл, мопед, квадроциклдер  – 0,4 АЕК (1 476 теңге);
  • Жеңіл көліктер – 0,7 АЕК (2 584 теңге);
  • 16 орындық шағын автобустар мен жүк көліктер – 2,7 АЕК (9 968 теңге);
  • 32 орындық автобус – 5 АЕК (18 460 теңге);
  • 32-ден астам орны бар автбустар үшін –  8 АЕК (31 696 теңге).

Экология және табиғи ресурстар министрлігінің мәліметінше, шоттағы қаржы Ұлттық парктердің арнайы шотында қалып, соның қажеттіліктеріне жұмсалады. Яғни, қызметкерлердің жалақысына, табиғатты қорғау іс-шараларына, бақылау-өткізу бекеттерін автоматтандыру, туристік маршурттарды және соқпақтардыжақсарту, қауіпсіздік жүйесін жетілдіру секілді ерекше қорғалатын аумақты дамытуға жұмсалмақ.

Оқылып жатыр

Алдағы күндері күн күрт суытады

Елдегі қай автожолдардың сапасы сын көтермейді?

Қазақстанда бақбақтың қай түрін жұлғандар жазаланады?

ТОП посты

Қалаға айналатын ауылдар тізімі

19 марта, 2024848 рет оқылды

Апатты аймақтың тұрғындары елеусіз қала бере ме ?

26 февраля, 2024676 рет оқылды

Әкімдер қатаң сөгіс алды

30 марта, 2024548 рет оқылды

«Су емес у ішіп отырмыз» Түркістандықтардың жан айқайы

24 марта, 2024510 рет оқылды

Оразаға бір апта қалды: нені білу қажет

3 марта, 2024473 рет оқылды

Экологиялық эмиссия салығын көбейту керек

14 марта, 2024451 рет оқылды

Жиырма бес мың жетімнің көз жасы!..

4 марта, 2024439 рет оқылды

Құс фабрикасы немесе адам өмірі?

1 августа, 2024334 рет оқылды

Қазақстан қаптаған ескі қарулар мен әскери ұшақтарын сатып жатыр

17 марта, 2024330 рет оқылды

Қоянды әкімдігі қыста қар тазалауға 30 млн тенге бөлген

31 марта, 2024312 рет оқылды
Новости

Алдағы күндері күн күрт суытады

Басты тақырып 18 мая, 2026

Астана. 18 мамыр. BM.KZ – Кезеңнің басында антициклон жотасы республиканың солтүстігінде, шығысында және орталығында жылы…

Александр Бублик әлемдік рейтингіде үздік көрсеткішін қайталады

18 мая, 2026

Сұлтан Сарсемалиев істі алқа билерге беруден бас тартты

18 мая, 2026

Оқу-ағарту вице-министрі тағайындалды

18 мая, 2026

Қазақстандағы көмір қоры 300 жылдан астам уақытқа жетеді

18 мая, 2026

Жания Бекмұхамбетова Ташкенттегі турнирде алтын медаль жеңіп алды

15 мая, 2026

КТК маусым айында мұнай экспортын қысқартады

15 мая, 2026

ШҚО-да балалар стоматологиялық емханасы жұмыскерлерінің еңбекақысын төлемеген

15 мая, 2026

Қазақстан мен Түркия мәңгілік достық туралы декларацияға қол қойды

14 мая, 2026

Елдегі қай автожолдардың сапасы сын көтермейді?

14 мая, 2026

Салтанат Нүкенованың өлімі: кассациялық сот Байжановтың жазасын өзгеріссіз қалдырды

14 мая, 2026

Ақтауда полиция қызметкері көлігімен бір жарым жасар баланы қағып кетті

14 мая, 2026

Қазақстанда қан компоненттерін QR-код арқылы сәйкестендіру жүйесі енгізілді

14 мая, 2026

Қызылорда облысында 14 жыл бұрынғы жасөспірім өлімі ашылды

14 мая, 2026

Tesla Cybertruck Түркістандағы Түркі мемлекеттері ұйымы саммитінде қолданады

14 мая, 2026

Әлем көз тіккен келіссөз: Трамп пен Си Цзиньпин не талқылады

14 мая, 2026

Қазақстанда үш жаңа орден пайда болды — Заң мақұлданды

14 мая, 2026

Елордада әйгілі Леонардо да Винчиге арналған халықаралық көрме өтеді

13 мая, 2026

Қазақстанда I тоқсан бойынша орташа айлық жалақы аталды

13 мая, 2026

Мұғалім оқушы үшін сабақ кезінде ғана жауапты болады

13 мая, 2026
Бізге жазылыңыз
  • Facebook
  • Instagram
  • YouTube
  • TikTok
  • Telegram
Мерзімді баспасөз басылымын, ақпарат агенттігін және желілік басылымды есепке қою туралы КУӘЛІК №KZ59VPY00114494 Берілген күні: 11.03.2025 Астана қ.
Ақпарат агенттігін есепке қою туралы КУӘЛІК №KZ59VPY00114494 Берілген күні: 11.03.2025 Астана қ.

Пайдалы сілтемелер

  • RUS
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • RUS
  • Біз туралы
  • Байланыс
Сайт картасы
  • Басты
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Әлем
  • Төтенше жағдай
  • Қоғам
  • Қылмыс
  • Басты
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Әлем
  • Төтенше жағдай
  • Қоғам
  • Қылмыс
Әлеуметтік желілер
Facebook Instagram TikTok Telegram YouTube

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.