PaperLab зерттеу ұйымының жетекшісі, әлеуметтанушы Серік Бейсембаев Мәскеудегі теракт Қазақстанға қалай әсер ететіні жөнінде ойын бөлісті. Ол пікірін Qogammetrika телеграм-арнасына жариялады. Сарапшының пайымдауынша, Мәскеудегі терактіден кейін тек Ресейде ғана емес, Қазақстанда да экстремизм және терроризммен күрес күшейеді. Бұл оқиғаны желеу етіп құқық қорғау органдары қосымша құзырет пен қаржыландыру сұрай бастайды. — Тағы да бұрыннан айтып жүрген тезисімді қайталайын: экстремизммен күреске біздің мемлекет қаржына да, құзыретті үйіп-төгіп берген. Тіпті көп жағдайда артық қыламын деп, тыртық қылған. Егер экстремизм профилактикасын күшейтемін десе, осы күні жүргізіліп жатқан іс-шараларды реттесін, кеткен қаражаттың тиімді жұмсалуын қадағаласын және азаматтық қоғаммен кеңірек жұмыс істесін, — деп жазады ол.
Мәскеудегі терактіден кейін терроризммен күрес Қазақстанда да күшейеді — сарапшы
Пайдалы сілтемелер
Сайт картасы