• RUS
  • Біз туралы
  • Байланыс
Menu
  • RUS
  • Біз туралы
  • Байланыс
Facebook Instagram TikTok Telegram YouTube
  • QAZ
  • RUS
  • Басты
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Әлем
  • Төтенше жағдай
  • Қоғам
  • Қылмыс
Menu
  • Басты
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Әлем
  • Төтенше жағдай
  • Қоғам
  • Қылмыс
RUS
Главная страница » Мұстафа Шоқай теңізді жою туралы идея барын 100 жыл бұрын ескерткен – өлкетанушы

Мұстафа Шоқай теңізді жою туралы идея барын 100 жыл бұрын ескерткен – өлкетанушы

29 марта, 2024 Басты тақырып

Мамандар «елімізде тағдыры осынша талқыға түскен бірде-бір нысан жоқ» деп отыр.
Арал аймағы апатының басты себебі – 1912 жылы патшалық Ресей қоластындағы отар елдерге Орта Азияның оңтүстігінде мақта егуді жоспарлауы, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Аталған идеяны патшалық Ресейдің ауылшаруашылық министрі Кривошейн көтеріпті. Бұл дерекке өлкетанушы Әлібек Сабырбаев тарихи құжаттар арқылы көз жеткізген.

«Қолдан жасалған, жоспарлы түрде патшалық Ресейден басталған Арал теңізін жою КСРО-ның кезінде жоғары қарқынмен жүзеге асты. Бұл туралы ұлт қайраткері Мұстафа Шоқай 1929-1930 жылдары Польша жерінде тұрып жатқанымен, Қазақстан мен Өзбекстанда болып жатқан большевиктердің жергілікті халықты мақта өсіруге күштеп жұмылдырғанын мақаларында ашық жазған. «Бұл кезде Кривошейн Түркістанда жаңа суармалы жерлер ашпай тұрып, Ресейдің мақтаға мұқтажын өтеу мүмкін емес деген қорытындыға келу арқылы, 1909 жылы Түркістанды тексеру сапары кезінде осындай тұжырым жасаған сенатор Граф Паленды сол кезде сынаған пікірін енді теріске шығарды» деп Мұстафа Шоқай жазады. М.Шоқай 100 жыл бұрын ескерткен, біз оны «халық жауының» қатарына қостық, — деп налиды ол.

Кәсіби мамандығы су шаруашылығының инженері болғандықтан Әлібек Сабырбаев көзбен көріп, көңілге түйген ойды көпшіліктің талқысына салғанды жөн санайды. Мақсаты – Арал теңізін (Кіші Аралды) сумен толтыруға барлық мүмкіншілік барын көрсету.

Үкіметтің Кіші Аралдың проблемаларын кешенді түрде шешетін жұмыстарын да тізбелеп көрсетіп отыр.

1) Шекаралас елдермен трансшекаралық бассейндердегі су ресурстарын пайдалану жөніндегі ұзақмерзімді мемлекетаралық келісімдер жасауды қолға алу керек.

2) Сырдария бойында егілетін күріш егістігінің аумағын ғылыми түрде негізге ала отырып, 40-50%-ға дейін азайту керек те, оның орнына ғалымдармен бірлесе отырып, суды аз қажет ететін ауылшаруашылық дақылдары түрлерін анықтап алу керек. Күріш егістігін Жаңақорған, Шиелі және Сырдария аудандардың аумағына егуді ойластырғаны жөн. Сырдарияның төменгі ағысындағы Жалағаш, Қармақшы Қазалы аудандары егістік жерлеріне суды аз пайдаланатын дақылдарды егуді біртіндеп іске асыра отырып жоспарлаған дұрыс. Мысалы, арпа, бидай, тары, жүгері, жоңышқа, қауын-қарбыз, картоп, жуа, т.б. дақылдар. Осы бақшалық дақылдарға жаңбырлатқыш машиналар және тамшылатып суару жүйесі арқылы көшуді тездету керек.

3) Өткен ғасырдың 60-90-жылдары салынған ішкі су жүйесінің іске берілгенін, оның ескергені және тез арада жөндеу қажет екенін ескере отырып, жеке қожалықтардың ішкі су жолдарын жөндейтін техникасының жоқтығына байланысты, ішкі су жолдарын ҚР Су ресурстары және ирригация министрлігінің балансына берудің жолын қарастыру керек.

4) Үкімет суды аз қажет ететін ауылшаруашылық дақылдарын еккен қожалықтарға мемлекеттік жеңілдіктерді қарастырып, бірінші кезекте, жиналған өнімді мемлекет сатып алуы керек.

5) Айдаркөлге (Арнасайға) су айдайтын насостарды жобалап, Өзбекстан мен Қазақстан жобалау институтарының мамандары бірлесе отырып шешу керек (құрылысы (СМР), насостың бағасы). Жобалау институтарының қорытындысы бойынша екі жақ бір шешімге келу керек.

6) Аманөткел – Саршығанақ каналы (шамамен 50-60 шақырым) арқылы Саршығанаққа келетін су мөлшері 200 м/сек кем болмау керек. Арнаның алдын ала зерттеу және жобалау жұмыстары жүргізілуі керек.

7) Сырдария арнасын тазалайтын земснарядтарды алудың жолын қарастырып, жергілікті су шаруашылығы мамандарымен бірлесе отырып земснарядтарды тиімді пайдаланудың жоспарын жасау.

8) Жаңадан құрылған ҚР Су ресурстары және ирригация министрлігінің жуық арада (2-3 жыл) Кіші Аралды сумен толтыру бас жоспарын жасау керек.

«Осы жұмыстар іске асса, 4-5 жылда Кіші Аралды суға толтыруға барлық мүмкіндік» бар деп есептейді су шаруашылығының маманы.

Оқылып жатыр

1Win интернет-казиносын ұйымдастырушылардың активтері тәркіленді

Тұман түсіп, жел екпіні күшейеді: 11 ақпанға ауа райы болжамы

Қысқы Олимпиада: Михаил Шайдоров қысқа бағдарламада бесінші орын алды

ТОП посты

Қалаға айналатын ауылдар тізімі

19 марта, 2024844 рет оқылды

Апатты аймақтың тұрғындары елеусіз қала бере ме ?

26 февраля, 2024676 рет оқылды

Әкімдер қатаң сөгіс алды

30 марта, 2024548 рет оқылды

«Су емес у ішіп отырмыз» Түркістандықтардың жан айқайы

24 марта, 2024510 рет оқылды

Оразаға бір апта қалды: нені білу қажет

3 марта, 2024472 рет оқылды

Экологиялық эмиссия салығын көбейту керек

14 марта, 2024451 рет оқылды

Жиырма бес мың жетімнің көз жасы!..

4 марта, 2024438 рет оқылды

Құс фабрикасы немесе адам өмірі?

1 августа, 2024334 рет оқылды

Қазақстан қаптаған ескі қарулар мен әскери ұшақтарын сатып жатыр

17 марта, 2024330 рет оқылды

Қоянды әкімдігі қыста қар тазалауға 30 млн тенге бөлген

31 марта, 2024312 рет оқылды
Новости

Биыл пітір садақаның мөлшері 735 теңге болып белгіленді

Жаңалықтар 11 февраля, 2026

Астана. 11 ақпан. BM.KZ — Бұл туралы ҚМДБ Төрағасының орынбасары, наиб мүфти Сансызбай Құрбанұлы Рамазан…

Алматыда бір жасар бала 31 магнит жұтып қойған

11 февраля, 2026

Жамбыл облысында VIII–XII ғасырларға тән көне теңгелер табылды

11 февраля, 2026

Нұрлан Сабуровтың ісімен ҰҚК айналысып жатыр

11 февраля, 2026

Алматыда адам ұрламақ болған күдіктілер ұсталды

11 февраля, 2026

11 ақпанда қазақстандық спортшылардың жарысқа шығу кестесі

11 февраля, 2026

1Win интернет-казиносын ұйымдастырушылардың активтері тәркіленді

11 февраля, 2026

Канада мектебінде атыс болып, 10 адам мерт болды

11 февраля, 2026

Қар барысы үш күшігімен бірге фототұзаққа түсіп қалды

11 февраля, 2026

Тұман түсіп, жел екпіні күшейеді: 11 ақпанға ауа райы болжамы

11 февраля, 2026

Қысқы Олимпиада: Михаил Шайдоров қысқа бағдарламада бесінші орын алды

11 февраля, 2026

Астанада мектеп оқушылары қашықтан оқитын болды

11 февраля, 2026

София Шульженко Делиде нысана көздеуден 2 алтын медаль жеңіп алды

10 февраля, 2026

Пойызда жолаушының жағдайы нашарласа, не істеу керек

10 февраля, 2026

Ақтауда аққулар қырылып жатыр

10 февраля, 2026

Ақтөбе-Атырау тасжолында 10 көлік соқтығысты

10 февраля, 2026

Елімізде мұнай-газ химиясы өз алдына жеке сала болып қалыптасқан жоқ – Мемлекет басшысы

10 февраля, 2026

Министрлер кабинеті халықтың табысын арттыруға бағытталған кешенді шараларды әзірлеп жатыр

10 февраля, 2026

Бектенов Тоқаевқа ел экономикасын нығайту жөніндегі тапсырмалардың орындалу барысы туралы баяндады

10 февраля, 2026

Шымкентте «жоқ» пәтерлерді жалға берумен айналысқан әйел ұсталды

10 февраля, 2026
Бізге жазылыңыз
  • Facebook
  • Instagram
  • YouTube
  • TikTok
  • Telegram
Мерзімді баспасөз басылымын, ақпарат агенттігін және желілік басылымды есепке қою туралы КУӘЛІК №KZ59VPY00114494 Берілген күні: 11.03.2025 Астана қ.
Ақпарат агенттігін есепке қою туралы КУӘЛІК №KZ59VPY00114494 Берілген күні: 11.03.2025 Астана қ.

Пайдалы сілтемелер

  • RUS
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • RUS
  • Біз туралы
  • Байланыс
Сайт картасы
  • Басты
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Әлем
  • Төтенше жағдай
  • Қоғам
  • Қылмыс
  • Басты
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Әлем
  • Төтенше жағдай
  • Қоғам
  • Қылмыс
Әлеуметтік желілер
Facebook Instagram TikTok Telegram YouTube

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.