• Русский
  • Біз туралы
  • Байланыс
Menu
  • Русский
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Басты
  • Қоғам
  • Әлем
  • Оқиғалар
  • Қаржы
  • Саясат
  • Сыбыс бар
  • Қоршаған орта
Menu
  • Басты
  • Қоғам
  • Әлем
  • Оқиғалар
  • Қаржы
  • Саясат
  • Сыбыс бар
  • Қоршаған орта
Главная страница » Нағыз алапат тасқын алда болатын түрі бар

Нағыз алапат тасқын алда болатын түрі бар

6 апреля, 2024 Жаңалықтар
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

 

Бүгінде еліміздегі өңірлердің басым көпшілігінде су тасқынына байланысты күрделі ахуал қалыптасып жатыр. Соның ішінде қазірдің өзінде 9 өңірде – Абай, Ақмола, Ақтөбе, Атырау, БҚО, Қарағанды, Қостанай, Павлодар, Ұлытау облысында жергілікті ауқымдағы ТЖ режимі жарияланды. Су тасқыны басталғалы су басқан аймақтардан 20 мыңдай адам эвакуацияланды. Адамдар қаза тапқан оқиғалар туралы әлеуметтік желілерде хабарлануда. Бірақ республикалық штаб опат болғандардың санына қатысты ақпаратты жарияламады.

Бұл тек апаттың басы ғана сияқты. Қазгидрометтің болжамына сәйкес, таяуда бүкіл ел бойынша жауын-шашын болып, күн күрт жылынады. Штаб басшысының орынбасары Қанат Бозымбаевтың дерегінше, қардың тез еруінен су қоймалары жылдам толуда. Бүгінде Солтүстік, Шығыс және Орталық аймақтардың 65%-дан астамы әлі күнге дейін қалың қар астында.

Көрші Ресейден кереғар мәліметтер түсіп жатыр. Мысалы, Орынбор мэрі Сергей Салмин Жайық (ресейше, Орал) өзеніндегі су деңгейі бір ғана тәулікте бірден 91 сантиметрге көтерілгенін мәлімдеді. Сондықтан ол ықтимал су басу аймақтарында орналасқан барлық қалалық аудандар, қалашықтар мен кенттер тұрғындарына үндеу жасап, жандәрмен эвакуациялануға шақырды.

«Ахуал өте қиын. Бір ғана тәулікте Жайықтағы су деңгейі 91 сантиметрге көтерілді! 778 сантиметрге дейін жетті! Сөйтіп, қолайсыз межеден де асып кетті. Су болса, құйылуын жалғастыруда. Сіздердің аудандарыңыз электр қуаты мен газбен жабдықтаудан ажыратылады! Мен сіздерден өтінемін: туыстарыңызға, таныстарыңызға уақытша қоныс аударыңыздар немесе уақытша орналастыру пункттеріне шұғыл кетіңіздер. Отбасының барлық мүшесінің жеке құжатын, ақшаларыңызды, құнды заттарыңызды, керекті дәрі-дәрмекті, бірінші қажеттілік заттарын өзіңізбен алып кетіңіздер», – деді Орынбор «әкімі». Іргелес Орынборда қазірдің өзінде 300-ден астам үй, 750 жер телімі су астында қалды.

Сонымен бірге көршінің Федералдық су ресурстары агенттігі («Росводресурсы») мекемесі биылғы жылы Ресейде қуаңшылық болуы мүмкін екенін ескертті. Ресейді де, Қазақстанды да жауып жатқан топан су жазда құрғап, батпаққа айналады, соры бетіне шыққан сортаң жерлерді көбейтеді.

Мысалға Еділ (ресейше Волга) өзенін алсақ: оның негізгі бөлігі кезінде көршінің аумағында қалды, шағын бөлігі Қазақстанға ағады. Еділдің төменгі ағысының бірі елімізде Қиғаш деп аталады және Атырау облысында орналасқан.

Жаздағы су тапшылығына дайындық аясында «Росводресурсы» сәуір айының басында Волга ГЭС-інің бөгені арқылы су лақтыру көлемін күрт қысқартты. Бұған дейінгі айларда төмен қарай қарқынды ағызған еді. Ведомствоның хабарлауынша, «Волга-Кама су қоймалары каскадының суға толуына қатысты нақтыланған жаңа даму болжамы суды қатаң үнемдеуді тосыннан талап етіп отыр».

Өйткені жаңа болжам бойынша биылғы жазда су мол болмайды, құрғақшылық болуы мүмкін.

«Росгидрометтің биыл қардың қалың, нормадан көп жауғаны жөніндегі деректеріне сүйеніп, бұған дейін каскадты үлкен көлемдегі судың келуіне дайындаған едік. Салдарынан, биылғы 1 сәуірге қарай Волга мен Камадағы барлық су қоймаларының межесі қалыптан төмен деңгейде ұсталды. Алайда метеорологтар енді деректерін жаңартып отыр. Оған сәйкес, су ресурстарын үнемдеуге көшу туралы жедел шешім қабылданды. Болжамды түзету амалсыз, өзендердегі навигацияға, кемелердің жүзуіне де ықпал етеді», – деді «Росводресурсы» басшысының орынбасары Вадим Никаноров.

Жаңа болжам бойынша, биыл Волга-Кама каскадына су бұрын күтілгеннен 10 текше шақырымға аз түспек. Росгидрометтің тұспалдауынша, жалпы жиынтығында Еділ мен Кама өзендері қалыпты 160–194 км3 орнына тек 154 км3 сумен толығатынға ұқсайды.

Салдарынан, Еділ арқылы төменге қарай жіберілетін су көлемі 7200 м3/секундтан 5500 м3/секундке дейін күрт құлдырады. Ары қарай тағы кемітілуі мүмкін. Бұл – өзеннің қазақстандық сағаларының құрғап қалуына соқтыруы ғажап емес.

Бүгінде тасқынға ғана бас қатырып жатқан Қазақстан Үкіметінің басқаға мойын бұруға мұршасы жоқ. Ең құрыса, көрші құралпы үлкен су тартылған соң, орнын қуаңшылық басуы да мүмкін екенін назарда ұстап, оның да алдын алу шараларына қазірден кіріссе, құп.

Оқылып жатыр

BAYTAQ партиясында басшылық құрам өзгерді


Сенатор парадқа ардагерді кіргізбеген полицияны қорғап шықты

Саясат Нұрбек: Қыздарға сәлем салуды ешкім үйретіп жатқан жоқ

ТОП посты

Қалаға айналатын ауылдар тізімі

19 марта, 2024803 рет оқылды

Апатты аймақтың тұрғындары елеусіз қала бере ме ?

26 февраля, 2024620 рет оқылды

Әкімдер қатаң сөгіс алды

30 марта, 2024528 рет оқылды

«Су емес у ішіп отырмыз» Түркістандықтардың жан айқайы

24 марта, 2024506 рет оқылды

Оразаға бір апта қалды: нені білу қажет

3 марта, 2024467 рет оқылды

Экологиялық эмиссия салығын көбейту керек

14 марта, 2024447 рет оқылды

Жиырма бес мың жетімнің көз жасы!..

4 марта, 2024417 рет оқылды

Құс фабрикасы немесе адам өмірі?

1 августа, 2024327 рет оқылды

Қазақстан қаптаған ескі қарулар мен әскери ұшақтарын сатып жатыр

17 марта, 2024319 рет оқылды

Қоянды әкімдігі қыста қар тазалауға 30 млн тенге бөлген

31 марта, 2024311 рет оқылды
Новости

Киев Мәскеудегі әскери парадқа қатысқан елдерге наразылық білдірді

Әлем 10 мая, 2025

Украина Мәскеуде өткен Жеңіс парадына қатысқан елдерге дипломатиялық наразылық білдірді, деп хабарлайды Baimedia.kz. 9 мамырда…

BAYTAQ партиясында басшылық құрам өзгерді


8 мая, 2025

Сенатор парадқа ардагерді кіргізбеген полицияны қорғап шықты

8 мая, 2025

Саясат Нұрбек: Қыздарға сәлем салуды ешкім үйретіп жатқан жоқ

8 мая, 2025

СІМ Тоқаевтың Мәскеуге сапарына қатысты пікір білдірді

8 мая, 2025

Елдегі өмір сүру ұзақтығы орташа индекспен 75 жасқа ұзарды

5 мая, 2025

Биыл 500 млрд теңге инвестиция тартылды

5 мая, 2025

Президент АЭС құрылысын жеделдетуді тапсырды

5 мая, 2025

Иранда әйелдер мінген ұшақ рейсі қатынады

5 мая, 2025

Түркістан облысында тұрғындар мектеп салып беруді сұрайды

5 мая, 2025

Оралда көпбалалы отбасының балаларына арналған жаңа жылдық шырша ұйымдастырылды

5 мая, 2025

«Қолынан пышақтың жүзін көрдім»: Шерзат сотында екінші куәгер қыз жауап берді

28 апреля, 2025

Шиеліде бір топ оқушы сегізінші сыныпта оқитын қызды зорлап кеткен

28 апреля, 2025

Шерзат Полаттың ісі: куәгер мылтық пен пышақтың ғайып болғанын айтты

28 апреля, 2025

Астаналық жігіт сүйген қызына 5 млн теңге ақша аударып, артынан оны сотқа берген

28 апреля, 2025

Семейде мұғалім сабақ үстінде оқушы қыз баланың мойнынан сипалаған

28 апреля, 2025

Қазақстандық атақты ғалым қайтыс болды

28 апреля, 2025

СҚО әкімі тасқын су астында қалған ауылды қайықпен аралап, дронға түсірді

28 апреля, 2025

Димаш Құдайбергеннің үйінде үлкен той болатын болды

28 апреля, 2025

Қазақстанда тағы бір пойызда әйелдер вагоны пайда болды

28 апреля, 2025
Бізге жазылыңыз
  • Facebook
  • Instagram
  • YouTube
  • TikTok
  • Telegram
Мерзімді баспасөз басылымын, ақпарат агенттігін және желілік басылымды есепке қою туралы КУӘЛІК №KZ59VPY00114494 Берілген күні: 11.03.2025 Астана қ.
Ақпарат агенттігін есепке қою туралы КУӘЛІК №KZ59VPY00114494 Берілген күні: 11.03.2025 Астана қ.

Пайдалы сілтемелер

  • Русский
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Русский
  • Біз туралы
  • Байланыс
Сайт картасы
  • Басты
  • Қоғам
  • Әлем
  • Оқиғалар
  • Қаржы
  • Саясат
  • Сыбыс бар
  • Қоршаған орта
  • Басты
  • Қоғам
  • Әлем
  • Оқиғалар
  • Қаржы
  • Саясат
  • Сыбыс бар
  • Қоршаған орта
Әлеуметтік желілер
Facebook Instagram TikTok Telegram YouTube

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.