Бүгінде еліміздің 10 аймағында су тасқыны қаупі әлі де сейілмей тұр. Қираған үй, өлген мал, тіпті шайылған зират су басқан аймақтардың шынайы көрінісіне айналды. Халықты үйлерін қалыпқа келтіруден бөлек, су тасқының өзге де салдары алаңдатып отыр. Себебі желіде өлген аң-құс, малдардан қауіпті вирус тарауы мүмкін деген болжам пайда болды. Осы орайда Stan.kz тілшісі Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің басқарма басшысы Жасұлан Алпысбаевтан елдегі эпидемиологиялық жағдай мен вирустың тарау қаупі туралы сұрап білді. Жасұлан Алпысбаев су келген уақытта аурудың тарау қаупі бар екенін жасырмады. Айтуынша, төрт түлік пен аң-құстардың өлексесінен суға түрлі инфекциялар тарауы мүмкін.
«Өлекселер жатқан суда инфекция болады»: Эпидемиолог су тасқыны болған кезде қандай ауру тарайтынын айтты
Пайдалы сілтемелер
Сайт картасы