• RUS
  • Біз туралы
  • Байланыс
Menu
  • RUS
  • Біз туралы
  • Байланыс
Facebook Instagram TikTok Telegram YouTube
  • QAZ
  • RUS
  • Басты
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Әлем
  • Төтенше жағдай
  • Қоғам
  • Қылмыс
Menu
  • Басты
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Әлем
  • Төтенше жағдай
  • Қоғам
  • Қылмыс
RUS
Главная страница » Павлодарда дауылпаз ақын Исаның домбырасы табылды

Павлодарда дауылпаз ақын Исаның домбырасы табылды

16 марта, 2024 Жаңалықтар

KAZINFORM — Ақын Иса Байзақов ұстаған көне домбыра табылды. Аспап ұзақ жылдар бойы тұлғаның туған жерінде сақталып келген. 1942 жылы өнер иесі Ертіс-Баян өңіріне келгенде бұл домбыраны досы Мүпти Ахметовке сыйлапты.

Мәдениет және ұлттық салт-дәстүр күніне орай Бұқар жырау атындағы әдебиет және өнер музейі ақын, әнші-композитор Иса Байзақов ұстаған көне домбыраның тұсауын кесті.

«Исаны көзі көргендер дауылпаз, арқасы қозғанда жан баласына бой бермей кететін сұрапыл ақын еді деп еске алысатын ертеректе. Өкінішке қарай, бүгінде әйгілі жерлесімізді көзімен көргендер арамызда өте сирек. Ал оның елге мұра болып қалған аз-маз жәдігерлері музейлерде топтастырылып, ұрпаққа насихатталу үстінде. Келер жылы Иса Байзақовтың туғанына 125 жыл толады. Мерейтойға орай қызметкерлеріміз зерттеу-іздестіру жұмыстарын бастап кетті. Мынау көне аспап – сол іс-шаралардың алғашқы нәтижесі. Наурыз мерекесі қарсаңында тұсауы кесіліп отырғанына қуаныштымыз. Өңіріміз үшін таңғаларлық жаңалық болып отыр. Себебі ақынның туған жеріндегі музейлерде мұндай жәдігер жоқ», — дейді музей басшысы Ербол Қайыров.

Тұтас ағаштан шабылып, мойны дөрекілеу әрі жуандау етіп жасалған аспаптың бет тақтайы кейін ауысқаны байқалады. Бұл домбыраны Иса жерлесі, өнерлі досы Мүпти Ахметовке сыйлап кеткен екен. Ал Ертіс аудандық мәдениет бөлімінің басшысы Гүлдана Сәрсембенова оны Бұқар жырау музейіне табыс етті. Бұл жайында ақынның аталас туысы, ардагер ұстаз Күләш Әбиева кеңірек әңгімелеп берді.

«Иса Байзақов соңғы рет 1942 жылы тамызда Павлодарға келіп, Ертіс, Железин, Ақтоғай, Баянауыл өңірлерін аралайды. Біз Исамен бірнеше атадан қосыламыз. Арғы атамыз Меңдібай осы төңірекке белгілі би болған адам. Өкінішке қарай, ол кісі жайында ел аузында мәліметтер аз. Меңдібайдан Оразбай туады. Оразбайдың төрт ұлы болған екен. Сол төртеудің үлкені Еркебайдан менің атам Қуантай туса, тағы бір ұлы Өтегеннен Исаның әкесі Байзақ дүниеге келген. Әкем колхоз төрағасы болған кісі, Иса соңғы рет өңірге келгенде көлікпен қамтып, сапарының жағдайын ұйымдастырып береді. Ал домбыраны сыйға тартқан Мүпти Ахметов заманында сауықшыл, суырыпсалма ақындығы бар өнер иесі болған. Әкем айтып бергендей, сол жолы Иса Мүптиді және бірнеше өнерлі азаматтарды жанына алып, елді аралауға шығады. Сапар соңында ризашылығы ретінде досына тарту еткен. Негізі Мүпти жас шамасы жағынан ақыннан шамамен он жасқа кіші болса керек. Әйгілі Майраның жолын жалғастырушы, әнші, кино актері Хафиза Әбуғалиева Ертістің тумасы екенін көбі біле бермейтіні анық. Жас шағында Мүпти мен Хафиза бір-біріне ғашық болған жандар. Алайда 1942 жылдың соңына таман Мүпти соғысқа алынады. Ал Х.Әбуғалиева Павлодар педучилищесін тәмамдаған соң Алматыға кетіп қалған. Мүпти ағамыз соғыстан жараланып оралып, бірден Хафизаны іздеуге кіріскен ғой. Алайда тағдыр екеуінің қосылуын жазбапты. Алматыға барып, Иса арқылы сүйіктісін іздеп тапқанда ол өзге жігітпен отасып қойған екен. Содан біраз уақыт алмалы шаһарда аялдап, Шара Жиенқұловамен туысатын бір қызбен танысқан. Сол қызбен тұрмыс құрып, елге алып қайтады. Екеуі ғұмырының соңына дейін Ертіс ауданында тұрды. Бүгінде олардан қалған ұрпақ болуы керек. Өкініштісі, бұл домбыра кезінде көзден таса қалып, әлдебіреулердің қолында сақталып келген. Ол жайында айтатын көнекөз қариялар да қазір жоқ. Еленбей қалғаны да содан», — деп әңгімеледі ардагер ұстаз.

Күләш Әбиқызы Иса ақынның 90 жылдығында туған жерінде, Үлгілі ауылындағы мектепте тұңғыш рет өнер иесінің музейін ашты. Жәдігерлерді 20 жыл бойы үздіксіз жинаған. Исаның бөркіне таққан үкісін, шоқпары мен самаурынын, шапан-тымағын, ата-бабасы жайлы жазылған шежірелер мен өнер жолынан сыр шертетін фотосуреттерді тірнектеп жиған. Жәдігерлердің көбін Исаның ұл-қызы Ертіс пен Мәкеннен алдым дейді. Жасы 80-ге қараған Күләш апай ұзақ жыл Үлгілідегі мектепте ұстаздық еткен.

Негізгі мамандығы – математика пәні мұғалімі. Ұстаздық қызметі үшін Қазақ КСР халық ағарту ісінің озық қызметкері, «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері атаныпты. Айтуынша, туған жеріндегі музейде біраз заттар қолды болып кеткен. Ертіс ауданындағы мәдениет үйінің музей қорында ақынның сандығы мен Құраны сақталып тұр. Жалпы ел ішінде арқалы ақынның өзге де дүниелері бар болуы мүмкін деген пікірін жеткізді.

Оқылып жатыр

ҰБТ: үш апта ішінде 283 заңбұзушылық анықталды

АҚШ Сенаты алғаш рет Иранмен соғысты тоқтату туралы қарарды қолдады

Құрбан айт: ҚМДБ еліміз бойынша айт намазының кестесін жариялады

ТОП посты

Қалаға айналатын ауылдар тізімі

19 марта, 2024849 рет оқылды

Апатты аймақтың тұрғындары елеусіз қала бере ме ?

26 февраля, 2024676 рет оқылды

Әкімдер қатаң сөгіс алды

30 марта, 2024549 рет оқылды

«Су емес у ішіп отырмыз» Түркістандықтардың жан айқайы

24 марта, 2024510 рет оқылды

Оразаға бір апта қалды: нені білу қажет

3 марта, 2024473 рет оқылды

Экологиялық эмиссия салығын көбейту керек

14 марта, 2024452 рет оқылды

Жиырма бес мың жетімнің көз жасы!..

4 марта, 2024439 рет оқылды

Семейдің қақ ортасында жүк көлігі шұңқырға түсіп кетті

15 сентября, 2025390 рет оқылды

Құс фабрикасы немесе адам өмірі?

1 августа, 2024334 рет оқылды

Қазақстан қаптаған ескі қарулар мен әскери ұшақтарын сатып жатыр

17 марта, 2024330 рет оқылды
Новости

ҰБТ: үш апта ішінде 283 заңбұзушылық анықталды

Басты тақырып 2 июня, 2026

Астана. BM.KZ. 2 маусым — Бүгінгі күнге дейін өзге адамның орнына тест тапсыру дерегі анықталған…

АҚШ Сенаты алғаш рет Иранмен соғысты тоқтату туралы қарарды қолдады

20 мая, 2026

Құрбан айт: ҚМДБ еліміз бойынша айт намазының кестесін жариялады

19 мая, 2026

Қазақстандықтар шетелде тұрса да зейнетақы алуға құқылы – Конституциялық Сот

19 мая, 2026

Алтын Орданың тікелей мұрагеріміз — Мемлекет басшысы

19 мая, 2026

Лондон, Париж, Рим, Вена: елордадан Еуропа елдеріне тікелей әуе рейстері ашылады

19 мая, 2026

Бүгін Қазақстан мегаполистерінің бірінде қатты нөсер жауады

19 мая, 2026

Сан-Диего мешітіндегі атыс: үш тұрғын мен екі күдікті мерт болды

19 мая, 2026

Алдағы күндері күн күрт суытады

18 мая, 2026

Александр Бублик әлемдік рейтингіде үздік көрсеткішін қайталады

18 мая, 2026

Сұлтан Сарсемалиев істі алқа билерге беруден бас тартты

18 мая, 2026

Оқу-ағарту вице-министрі тағайындалды

18 мая, 2026

Қазақстандағы көмір қоры 300 жылдан астам уақытқа жетеді

18 мая, 2026

Жания Бекмұхамбетова Ташкенттегі турнирде алтын медаль жеңіп алды

15 мая, 2026

КТК маусым айында мұнай экспортын қысқартады

15 мая, 2026

ШҚО-да балалар стоматологиялық емханасы жұмыскерлерінің еңбекақысын төлемеген

15 мая, 2026

Қазақстан мен Түркия мәңгілік достық туралы декларацияға қол қойды

14 мая, 2026

Елдегі қай автожолдардың сапасы сын көтермейді?

14 мая, 2026

Салтанат Нүкенованың өлімі: кассациялық сот Байжановтың жазасын өзгеріссіз қалдырды

14 мая, 2026

Ақтауда полиция қызметкері көлігімен бір жарым жасар баланы қағып кетті

14 мая, 2026
Бізге жазылыңыз
  • Facebook
  • Instagram
  • YouTube
  • TikTok
  • Telegram
Мерзімді баспасөз басылымын, ақпарат агенттігін және желілік басылымды есепке қою туралы КУӘЛІК №KZ59VPY00114494 Берілген күні: 11.03.2025 Астана қ.
Ақпарат агенттігін есепке қою туралы КУӘЛІК №KZ59VPY00114494 Берілген күні: 11.03.2025 Астана қ.

Пайдалы сілтемелер

  • RUS
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • RUS
  • Біз туралы
  • Байланыс
Сайт картасы
  • Басты
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Әлем
  • Төтенше жағдай
  • Қоғам
  • Қылмыс
  • Басты
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Әлем
  • Төтенше жағдай
  • Қоғам
  • Қылмыс
Әлеуметтік желілер
Facebook Instagram TikTok Telegram YouTube

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.