1 сәуір күні таңертең Петропавл қаласының полиция басқармасына Н.Назарбаев көшесінде қызыл түсті сырт киімдегі белгісіз ер адам аялдама павильонының шыныларын сындырғаны туралы хабарлама келіп түсті. Бұл ақпарат барлық кезекші жасақтар мен автопатрульдерге жіберілді. Бейнебақылау инспекторлары осы ауданда жаяу жүргіншінің белгілеріне ұқсас адамды тез арада анықтап, жазып алды.Нәтижесінде ер адамды патрульдік полиция батальонының экипажы Н.Назарбаев пен К.Сүтішев көшелерінің қиылысында ұстады, алайда полицейлер мінген автопатруль келгенге дейін бірнеше секунд бұрын басқа аялдаманың шынысын зақымдап үлгерген.
Петропавл полицейлері бірден екі аялдаманы қиратқан тұрғынды ұстады
Пайдалы сілтемелер
Сайт картасы