• RUS
  • Біз туралы
  • Байланыс
Menu
  • RUS
  • Біз туралы
  • Байланыс
Facebook Instagram TikTok Telegram YouTube
  • QAZ
  • RUS
  • Басты
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Әлем
  • Төтенше жағдай
  • Қоғам
  • Қылмыс
Menu
  • Басты
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Әлем
  • Төтенше жағдай
  • Қоғам
  • Қылмыс
RUS
Главная страница » Қамшыбек Қоңқабаев: Бар мақсатым – Парижде көк туымызды желбірету

Қамшыбек Қоңқабаев: Бар мақсатым – Парижде көк туымызды желбірету

28 февраля, 2024 Спорт

Төртжылдықтың басты бәсекесі Париж Олимпиадасы күн санап жақындап келеді. Бұған дейін дүбірлі додаға жолдама жеңіп алған спортшылар дайындығын пысықтап, қызу жаттығу жасаса, жолдамаға қол жеткізе алмағандар іріктеу турнирлеріне дайындалып жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Қазақ боксшылары арасында ерлер құрамасынан Париж Олимпиадасына алғашқы жолдаманы +92 келі салмақта өнер көрсететін Қамшыбек Қоңқабаев қана жеңіп алған болатын. Ол бұл мүмкіндікке өткен жылы Қытайдың Ханчжоу қаласында өткен Азия ойындарында қол жеткізді.

Қамшыбек Олимпиада ойындарында екінші мәрте ел намысын қорғайды. Ол бірінші рет Токио Олимпиадасына қатысып, қола медаль жеңіп алған еді.

Енді Қоңқабаевтың осы уақытқа дейін қандай жетістіктерге қол жеткізгеніне қысқаша шолу жасап көрейік.

Аса ауыр салмақта ел намысын сынап жүрген саңлағымыз 1991 жылы 18 қараша күні Қызылордада дүниеге келген.

Жетістіктері:

Токио Олимпиадасының қола жүлдегері
Әлем чемпионатының 2 мәрте күміс жүлдегері (2017, 2019)
Жазғы Азия ойындарының күміс жүлдегері (2022)
Азия чемпионатының 4 мәрте күміс жүлдегері

Қамшыбек Қоңқабаев — +92 келі салмақта 2 мәрте Олимпиадада бақ сынайтын үшінші қазақстандық боксшы.

Тәжірибелі спортшыны 2006 жылдан бері Сейітжан Төкенов жаттықтырады. Қамшыбектің жеке бапкері шәкіртін әлі күнге сындарлы сайыстарда шыңдап, жарыстарға баптап жүр.

«Мен алдағы лицензиялық турнирлерге бармасам да, Ұлттық құрмадағы боксшылармен бірге дайындалып, бірге жаттығып, біріккен оқу-жиындарында жүрмін. Менде қазір жалғыз ғана мақсат бар – ол Париж Олимпиадасында ел намысын абыроймен қорғап, көк туымызды желбірету. Сол үшін күндіз-түні тынбай жаттығып, дүбірлі додаға жақсы дайындықпен баруым керек. Бұйырса, жүлде аламын деп ойлаймын», — дейді боксшы.

Шәкірті туралы Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері Мырзағали Айтжанов та пікір білдіріп, Қоңқабаевқа үміт артып отырғанын жасырмады.

«Ол — Токиода Олимпиаданың қола медалін жеңіп алған боксшы. Бірінші Олимпиадасы емес. Тәжірибелі сақа спортшыларымыздың бірі. Енді, міне екінші Олимпиадасына баруға «билеті» дайын, қолында тұр. Төрт жыл бұрынғы жетістігін жақсартып, Парижде алтын алуды көздеп отыр. Оған спортшының әлеуеті жетеді», — деді М.Айтжанов.

https://prosports.kz/

Оқылып жатыр

Оразбек Асылқұлов бокстан Азия чемпионы атанды

«Қайраттың» шабуылшысы Дастан Сәтпаев «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығын иеленді

Бублик Монте-Карлодағы «Мастерс» турнирінде ширек финалға шықты

ТОП посты

Қалаға айналатын ауылдар тізімі

19 марта, 2024846 рет оқылды

Апатты аймақтың тұрғындары елеусіз қала бере ме ?

26 февраля, 2024676 рет оқылды

Әкімдер қатаң сөгіс алды

30 марта, 2024548 рет оқылды

«Су емес у ішіп отырмыз» Түркістандықтардың жан айқайы

24 марта, 2024510 рет оқылды

Оразаға бір апта қалды: нені білу қажет

3 марта, 2024472 рет оқылды

Экологиялық эмиссия салығын көбейту керек

14 марта, 2024451 рет оқылды

Жиырма бес мың жетімнің көз жасы!..

4 марта, 2024439 рет оқылды

Құс фабрикасы немесе адам өмірі?

1 августа, 2024334 рет оқылды

Қазақстан қаптаған ескі қарулар мен әскери ұшақтарын сатып жатыр

17 марта, 2024330 рет оқылды

Қоянды әкімдігі қыста қар тазалауға 30 млн тенге бөлген

31 марта, 2024312 рет оқылды
Новости

Ақтөбеде жол апатынан жүргізуші қаза тапты

Жаңалықтар 11 апреля, 2026

Астана. 11 сәуір. BM.KZ — Жол-көлік оқиғасы Батыс Қытай — Батыс Еуропа халықаралық дәлізінің Ақтөбе…

Президент Дональд Трампты «Артемида-2» миссиясының табысты орындалуымен құттықтады

11 апреля, 2026

«Артемида-2» миссиясымен Айға кеткен астронавтар Жерге оралды

11 апреля, 2026

«Қазгидрогеология» 700-ден астам жаңа бұлақ тапты

10 апреля, 2026

Бұршақ, қар, жаңбыр: 11–13 сәуірге арналған ауа райы болжамы

10 апреля, 2026

Қартаю индексі бойынша Солтүстік Қазақстан көш бастап тұр

10 апреля, 2026

Құрылтай сайлауы тамыз айында өтеді — Президент

10 апреля, 2026

Оразбек Асылқұлов бокстан Азия чемпионы атанды

10 апреля, 2026

Ақтауда далалық жерден снаряд табылды

10 апреля, 2026

Қазақстанда электр энергиясын өндіру профициті қамтамасыз етілді

10 апреля, 2026

Путин мен Зеленский Пасха мерекесіне орай уақытша бітім жариялады

10 апреля, 2026

Ақтөбеде заңсыз көші-қонды ұйымдастырған күдіктілер ұсталды (ВИДЕО)

10 апреля, 2026

Қазақстан мен Армения арасындағы әуе қатынасы жақын арада қайта жанданады

10 апреля, 2026

«Қайраттың» шабуылшысы Дастан Сәтпаев «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығын иеленді

10 апреля, 2026

Бублик Монте-Карлодағы «Мастерс» турнирінде ширек финалға шықты

10 апреля, 2026

Астанада қоғамдық веложалдау жүйесі жаңғыртылады

9 апреля, 2026

Дина Исламбекова Азия чемпионатының жеңімпазы атанды

9 апреля, 2026

Қазақстанда халықаралық AI-фильмдер фестивалі өтеді

9 апреля, 2026

Наурыздағы ҰБТ нәтижесі жарияланды: 70% шекті балдан өтті

9 апреля, 2026

Полиция азаматтарды тіркелмеген қаруды ерікті түрде тапсыруға шақырады

9 апреля, 2026
Бізге жазылыңыз
  • Facebook
  • Instagram
  • YouTube
  • TikTok
  • Telegram
Мерзімді баспасөз басылымын, ақпарат агенттігін және желілік басылымды есепке қою туралы КУӘЛІК №KZ59VPY00114494 Берілген күні: 11.03.2025 Астана қ.
Ақпарат агенттігін есепке қою туралы КУӘЛІК №KZ59VPY00114494 Берілген күні: 11.03.2025 Астана қ.

Пайдалы сілтемелер

  • RUS
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • RUS
  • Біз туралы
  • Байланыс
Сайт картасы
  • Басты
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Әлем
  • Төтенше жағдай
  • Қоғам
  • Қылмыс
  • Басты
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Әлем
  • Төтенше жағдай
  • Қоғам
  • Қылмыс
Әлеуметтік желілер
Facebook Instagram TikTok Telegram YouTube

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.